Uncategorized

InDrive жүйесінің негізін қалаушы Арсен Томский SDU төрінде

InDrive жүйесінің негізін қалаушы Арсен Томский SDU төрінде Бүгін SDU шаңырағына кәсіпкерлік әлеміндегі білікті маман, InDrive жүйесінің негізін қалаушы Арсен Томский келді. Қадірлі қонақты университет ректоры Әлімжан Игенбаев күтіп алып, білім ордасының көрнекті жерлерімен таныстырды. Бұдан кейін, Арсен Томский студенттермен кездесу өткізіп, өзінің кәсіпкер ретінде жүріп өткен жолы жайлы баяндап берді. Көпшілікке inDriver атауымен белгілі …

InDrive жүйесінің негізін қалаушы Арсен Томский SDU төрінде Read More »

Педагогикалық практика – студент өміріндегі жаңа белес

Педагогикалық практика – студент өміріндегі жаңа белес Бүгін SDU Life ғимаратында «Педагогикалық практика» тақырыбын арқау еткен жиын өтті. Аталмыш жиынға 3-4 курс студенттері қатысып, қаңтар айының 22-сі мен наурыздың 16-сы аралығында өтетін 8 апталық педагогикалық практиканың барысымен танысты. Биыл тәжірибеден 260 студент өтеді. Алдағы педагогикалық практика студенттерге осы уақытқа дейін үйренген теориялық білімдерін іс жүзінде …

Педагогикалық практика – студент өміріндегі жаңа белес Read More »

Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультетінде SHECODES сайысы өтті

Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультетінде SHECODES сайысы өтті Жақында SDU қабырғасында бағдарламалау бағыты бойынша қыздарға арналған SheCodes сайысы өтті. Бұл шараны ACM WOMAN lab инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультетінің студент қыздарын шабыттандыру және қолдау мақсатында ұйымдастырды. Жарысқа 50-ден астам студент қатысып, өздерінің білімдерін, бағдарламалау және есептерді шешу дағдыларын көрсетті. Бұл жарыстың демеушісі мобильді қосымшаларды, коммерциялық …

Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультетінде SHECODES сайысы өтті Read More »

Қазақстандағы инклюзивті білім: ерекшеліктері мен мүмкіндіктері

Қазақстандағы инклюзивті білім: ерекшеліктері мен мүмкіндіктері Мүмкіндігі шектеулі жандардың дамуындағы маңызды мәселелердің бірі – білім беру. Бұл тек диплом алып, мамандық иесі атану ғана емес. Бұл ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтендіру мәселесін шешу. Осы мақсатта Қазақстанда инклюзивті білім беру дамып келеді. Желтоқсан айының 12-жұлдызында SDU Life ғимаратында «Теңдік: Қазақстандағы инклюзивті білім» тақырыбында дәріс өтті. Шараны …

Қазақстандағы инклюзивті білім: ерекшеліктері мен мүмкіндіктері Read More »

Ғаламтордағы алаяқтық: егде жастағы адамдардың сауаттылығын арттыру шарасы

Ғаламтордағы алаяқтық: егде жастағы адамдардың сауаттылығын арттыру шарасы Цифрлық ресурстар арқылы алаяқтық жасау – қазіргі таңда қоғамда белең алып келе жатқан құбылыс. Әсіресе, мұндай жағдайларға жасы үлкен кісілер тап болып жатады. Осы мәселені шешуде атсалысқан Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің “Информатика” мамандығында оқитын студенттер “Connect-Ed” қоғамдық қорымен бірлесіп, 50 жастан асқан адамдарға цифрлық сауаттылықтың базалық …

Ғаламтордағы алаяқтық: егде жастағы адамдардың сауаттылығын арттыру шарасы Read More »

HR форум 2023 – қызметкерлерге жақсы жағдай жасау жолдарын ұсынған алаң

HR форум 2023 – қызметкерлерге жақсы жағдай жасау жолдарын ұсынған алаң 8 желтоқсан күні SDU Life ғимаратында Бизнес Мектебінің ұйымдастыруымен ауқымды HR форум өтті. «Қызметкерлерге деген қамқорлық» тақырыбын арқау еткен форумға HR саласының үздік мамандары қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Олардың қатарында Air Astana әуе компаниясының әкімшілік және қызметкерлерді басқару бөлімінің вице-президенті Евгения Ни, Назарбаев Университетінде …

HR форум 2023 – қызметкерлерге жақсы жағдай жасау жолдарын ұсынған алаң Read More »

Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінде құқықтық білім беруді дамытуға байланысты іс-шара өтті

Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінде құқықтық білім беруді дамытуға байланысты іс-шара өтті 7 желтоқсан күні Құқықтану кафедрасының ұйымдастыруымен “Құқық бағыты бойынша білім беру бағдарламасын дамыту” тақырыбында инфо-сессия өтті. Кездесу барысында құқық саласындағы маңызды мәселелер талқыға салынды. Шара қатысушылары болашақ заңгерлерді дайындаудың маңызды элементтері ретінде білім мен практикалық дағдылардың өзектілігін көрсетіп, пікірлерін ортаға салды. Жасанды интеллект …

Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінде құқықтық білім беруді дамытуға байланысты іс-шара өтті Read More »

«Аврора-Ала» корпоративтік қорымен кездесу: университет үшін Endowment пен Fundraising құрудың артықшылығы

«Аврора-Ала» корпоративтік қорымен кездесу: университет үшін Endowment пен Fundraising құрудың артықшылығы Кеше SDU University басшылығы «Аврора-Ала» корпоративтік қорының өкілдерін қабылдады. Кездесу университетіміз үшін Endowment пен Fundraising құрудағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауға арналды. Отырыстың басты мақсаты – білім беру бағдарламасын, жалпы университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарын және дамуын қолдауға көмектесетін жеке Endowment қорын құру мүмкіндігін зерттеу болды. «Аврора-Ала» қорымен …

«Аврора-Ала» корпоративтік қорымен кездесу: университет үшін Endowment пен Fundraising құрудың артықшылығы Read More »

Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетіне Patras университетінің профессоры келді

Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетіне Patras университетінің профессоры келді Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті Erasmus+ маман алмасу бағдарламасы аясында Patras университетінің доценті Нектариос Стеллакисті қабылдады. Қараша айының екінші жартысында келген профессор «Мектепке дейінгі балаларды оқыту» бағдарламасын оқып жатқан студенттерге «Ерте жастағы сауаттылық» тақырыбында дәріс оқыды. Сондай-ақ, профессор оқу бағдарламасын талқылауға және бақылау жұмыстарына қатысты. Мамыр …

Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетіне Patras университетінің профессоры келді Read More »

SDU University — академиялық адалдық лигасының мүшесі

SDU University — академиялық адалдық лигасының мүшесі Білім сапасын арттыру мақсатында SDU University 2018 жылы Академиялық адалдық лигасына мүше болды. Адалдық лигасына мүше болу – талапты күшейтіп, ашық және айқын жұмыс үлгісін көрсету әрі жоғары сапаға ұмтылу. Лига жыл сайын қауымдастыққа кіретін университеттердегі оқу үдерісінің ұйымдастырылуын, сондай-ақ студенттердің білім алуының нәтижелерін, жарияланған ғылыми жұмыстардың сапасы …

SDU University — академиялық адалдық лигасының мүшесі Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content