Menu
ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ
БАКАЛАВРИАТ
Деңгей
Қазақ тілі мен әдебиеті бакалавры
Ұзақтығы
4 жыл
ECTS
240
Ақылы бөлімге түсу шекті балл
75
Талап етілетін ағылшын тілі деңгейі
Талап етілмейді
Вебинар
Бұл бағдарламаның мақсаты бүгінгі нарық жүйесінің стандарттарына сәйкес кәсіби білім беру арқылы педагогикалық процесті сапалы ұйымдастыратын, білім беру жүйесіндегі ақпараттық-коммуникациялық және педагогикалық-инновациялық технологияларды толыққанды меңгерген, педагогикалық психологияны меңгерген кәсіби біліктілігі жоғары маман даярлау.
- Қазіргі білім беру жүйесіне сәйкес педагогикалық-инновациялық және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды меңгереді;
- Үш тілде білім беру жүйесіне сәйкес үзіксіз оқыту негізінде ағылшын тілін терең меңгерген, көпмәдениетті тұлға болып қалыптасады;
- Қазақ тіл білімі мен әдебиет теориясына қатысты ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық мәселелермен қаруланады;
- Е-learning электрондық оқыту жүйесінде оқу-педагогикалық қызметті жүзеге асыра біледі;
- Қәдениетаралық коммуникацияда өзара тілдік қарым-қатынас жасауға үйренеді;
- Психологиялық, педагогикалық, пәндік және әдістемелік білім жүйесін практикада қолдана алады;
- Лингвистика және әдебиеттану саласының бағыттары мен ағымдары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алады.
- Жалпы білім беретін орта мектептерде, лицей және гимназияда пән мұғалімі;
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында пән мұғалімі;
- Арнайы оқу орталықтары мен орта мамандандырылған колледждерде оқытушы;
- Әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында әдеби кеңесші;
- Орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде, мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде іс жүргізуші;
- Мемлекеттік мекемелерде, түрлі кәсіпорын, өндіріс орындарында іс-қағаздары мен құжаттау бөлімдерінде іс жүргізуші;
- Магистрлік деңгейді жалғастыра оқыған кезде ЖОО-да аға оқытушы болып қызмет етуге болады;
- Шетелдік компанияларда және Ұлттық аударма бюросында аудармашы қызметін атқара алады.