ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ
БАКАЛАВРИАТ
Деңгей
Педагогика бакалавры
Ұзақтығы
4 жыл
ECTS
240
Ақылы бөлімге түсу шекті балл
75
Талап етілетін ағылшын тілі деңгейі
Талап етілмейді
Вебинар
«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау ғылым, білім және инновациялардың тығыз интеграциясы жағдайында жаһандық сын-қатерлерге бейімделетін және көшбасшылық қасиеттерге ие жаңа формация мұғалімдерін қамтамасыз ету болып табылады.
Білім берудің жаңа парадигмасына сәйкес білім беру бағдарламасы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыруда педагогикалық, психологиялық жаңашыл әдістер мен технологияларды, көрнекіліктерді пайдалану арқылы ақпараттарды жинау, талдау, өңдеу тәсілдерін жан-жақты қолдана алады
- Әр түрлі оқу орындарында оқушылардың психологиялық-педагогикалық диагностикасын жүргізе асыра алады-
Білім беру ұйымдарында педагогика мен психологияны оқытудың теориясы мен әдістемесі бойынша білімді пайдалана отырып педагог-психологтың қызметін реттейтін қажетті құқықтық және нормативтік құжаттарды қолдануды игереді;
Педагогика мен психологияны оқытудың негізгі жетістіктері мен әдістерін практикада қолдану негіздері туралы білімді игереді;
Баланың (балалар тобының) кәсіби құзыретті психологиялық сипаттамасын құра білу, психологиялық проблеманы анықтау, оны шешу жолдарын меңгереді
Өз ойларын сауатты, еркін және оңай тұжырымдай алу, қорытындылар жасай білу дағдысын игереді. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін өңдеу және бағалау; педагогикалық ұжыммен, ата-аналармен, балалармен тиімді қарым-қатынас орнату мүмкіндігі; белсенді тыңдау, байланыс орнату, кері байланыс алуға қызығушылық және оған барабар жауап бере білу негізді кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастырады.
- ХХІ ғасырдағы педагогиканың дамуы мен оқытуды жеке тұлғаға бейімдеу, қолжетімді әрі тиімді жоспарлау және оны жүзеге асыруда цифрлы технологияны қолданудың сипаты мен тетіктерін оқып игереді.
Жалпы білім беретін білім беру орындарында (NIS, Дарын, Нұр Орда, лицей, гимназия және т.б.) жоғарғы сұранысқа ие ағылшын тілдерінде сабақ беретін педагогика және психология пәні мұғалімі және психолог;
Кез-келген типтегі ғылыми ұйымдарда, ұйымда, ғылыми жобаларды модельдеуде және іске асыруда психолог қызметін атқара алды;
Магистрлік, PhD докторлық деңгейді отандық немесе шетелдік ЖОО-да жалғастыру мүмкіндігі және ЖОО-да педагогика және психология мамандығы бойынша ғылыми педагогикалық, психологиялық қызметін жалғастыру мүмкіндігі.