ФАКУЛЬТЕТ ЖАЙЛЫ
Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультеті Қазақстандағы жетекші ғылыми және ғылыми-құқықтық мекеме болып табылады. Факультет ғалымдары заң ғылымының түрлі салаларында ғылыми-зерттеу жұмыстарының ауқымды бағдарламасын жүзеге асырады, қазақстандық заңнаманы жетілдіруге үлекен үлес қосады, түрлі мемлекеттік және халықаралық органдарға құқықтық мәселелер бойынша ғылыми кеңес береді, заң жобаларын әзірлеуге қатысады. Факультет құрамына белгілі ғалым-профессорлар мен доценттер, заң ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, халықаралық және ұлттық заң фирмаларының тәжірибелі заңгерлері, соның ішінде Қазақстан Республикасының соттарында практикалық жұмыс тәжірибесі бар заңгерлер кіреді.
Біз туралы
Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультеті бес түрлі саладағы бағдарламаларды ұсынады: Құқық, Халықаралық құқық, Халықаралық қатынастар, Журналистика және Тарих. Біздің мақсатымыз – білімді студенттерді даярлау және Құқық, БАҚ, Халықаралық қатынастар, Тарих және басқа да Қоғамдық ғылымдар салаларында білім беру, зерттеу және білімді ілгерілету арқылы Қазақстан мен Орталық Азия өңірінде білім беру сапасын арттыру.
Студенттерді оқытумен қатар, біз практикалық дағдыларды академиялық біліммен біріктіруге, студенттік стартаптар мен шығармашылық тәсілдерді барлық бағыттарда қолдауға, оқытушылар, студенттер мен басқа да қызметкерлер арасында берік қарым-қатынас орнатуға, сыни ойлау сияқты сұраныстағы дағдыларды дамытуға тырысамыз.
Бағдарламалар
ҚҰҚЫҚТАНУ
Құқық кафедрасы заманауи еңбек нарығы талаптарына сай бағдарламалары бойынша білім береді. Бағдарламалар теориялық білім мен практикалық дағдылардың берік базасы негізінде, азаматтық құқық саласында, экономика мен бизнесті құқықтық қамтамасыз етумен байланысты басқа да құқық салаларында жоғары білікті заңгерлерді дайындауға бағытталған. Біздің түлектер көшбасшылық қасиеттерге ие, ұлттық және халықаралық деңгейдегі кәсіби талаптарға сай, кең ауқымды заңдық білімі бар мамандар.. Оқу барысында студенттер ұлттық және халықаралық құқық саласындағы жобалық, зерттеу және сараптамалық жұмыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болады.
– Құқық, Халықаралық құқық саласындағы бакалавр дәрежесі
– Азаматтық құқық, Қоғамдық құқық, Ақпараттық технологиялар саласындағы магистр дәрежесі
– Құқықтану саласындағы РhD
– Заң кеңесі
– Ақпараттық технологиялар және Құқық институты
– Криминалистикалық зертхана
ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР
Әлеуметтік ғылымдар кафедрасы бакалавриат бағдарламаларын үш түрлі бағытта ұсынады: Халықаралық қатынастар, Журналистика және Тарих. Біздің миссиямыз бен пайымдауымыз негізделген шешімдер қабылдауға, адам ресурстары мен әлеуметтік әділдікті кеңейтуге, сондай-ақ азаматтық қоғамды қалыптастыруға көмектесетін құндылықтарды сіңіруге негізделген. Студенттерді оқытумен қатар, біз практикалық дағдыларды академиялық біліммен біріктіруге, студенттік стартаптар мен шығармашылықтарын қолдауға тырысамыз. Білім беру бағдарламамалымыз оқытушылар мен студенттер арасындағы берік қарым-қатынас орнатуға, әрбір студентке қоғамда өзінің азаматтық позициясына ие болуға көмектесу үшін сыни ойлау мен басқа да негізгі дағдыларды дамытуға бағытталған. Сонымен қатар оқытушылар мен студенттер үшін ғылыми зерттеу жұмыстарына жүргізуге және білім алуға қолайлы жағдай жасауға тырысамыз.
– Мультимедиялық журналистика саласындағы бакалавр дәрежесі
– Журналистика магистрі дәрежесі
– Медиа зертхана
– Дизайн зертханасы
Зертханалар
Жоғары сапалы контент шығару үшін кәсіби медиаиндустрия жаңашыл, креативті, коммуникативті мамандар мен жаңа технологияларды меңгерген жастарды бағалайды. Медиа-зертхана осы сұранысқа жауап беретін, креативті тапсырмаларды орындауға арналған. Соңғы үлгідегі жарық беру жүйесі, түсті проекцияны басқару, редакциялау үшін жаңа бағдарламалық жасақтама, HQ DSLR камералары студенттеріміздіңшығармашылық идеяларын жүзеге асыруға дайын.
Бұл зертхана шеберлік сағаттары, газет және журнал макеттерінің дизайны, логотиптер өндірісі, анимация негіздері және үшін таптырмас мүмкіндіктер ұсынады. Студенттеріміз тәжірибелі дизайнерлердің басшылығымен Adobe Collection қосымшаларымен жұмыс істейді. Бұл жер дизайнерлік ойлаудың шығармашылық мекені ретінде, әрі журналистика саласындағы ғылыми мақсаттарда да қолданылады. Университетіміздің қабырғасында жүргізіліп жатқан түрлі зерттеу салалары студенттеріміз жасаған өнімдерді қолданады.
Заң кеңесі – қылмыстық және азаматтық істерде заңгерлік өкілдікті қалтасы көтермейтін, сот әділдігіне қол жеткізуден айырылуы мүмкін клиенттерге заңдық маңызды көмек көрсету үшін тегін заң қызметтерін ұсынамыз.
Біздің студенттер тәжірибелі заңгерлердің басшылығымен нақты істермен жұмыс істейді. Бұндай істерде кәсіби заңгерге таптырмас тәжірибе жинақтап, тегін практикаға қол жеткізеді. Мұқтаж азаматтар тегін көмек алады, ал бағдарламаларымыздың үздік студенттері мен таңдаулы түлектері командасы заңдық білімін практикамен күшейтеді. Азаматтар құқық саласында білімі мол мамандардың көмегін алады.
Криминалистикалық зертхана – қылмыстық немесе азаматтық құқық бұзушылық нәтижесінде алынған дәлелдемелерге талдау жүргізілетін дәрісхана.
Зертханадағы жұмыстар физикалық, химиялық, биологиялық және сандық дәлелдерге талдау жасайды. Оған қоса, мінез-құлық сот медицинасы, сот патологиясы, сот антропологиясы, қылмыс орнын тергеу және баллистика мамандарын тарта отырып зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.
Институттың негізгі қызметі – ғылыми ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру. Ақпараттық қоғамда құқықты дамыту, ақпаратқа қол жеткізу және зияткерлік меншік мәселелері бойынша теориялық ғылыми және қолданбалы зерттеулер жүргізеді.