ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ
ОРТАЛЫҒЫ
SDU Психологиялық Қолдау Орталығы университет студенттері мен қызметкерлеріне кез келген қиындықтармен, академиялық немесе жеке болсын, қолдау көрсетеді. Орталықтың мақсаты – студенттер мен қызметкерлер консультациялық көмек ала алатын қауіпсіз жəне қолайлы ортаны қамтамасыз ету арқылы олардың психологиялық денсаулығын жақсартуға көмектесу. Сонымен қатар, біздің орталық психологиялық денсаулықты нығайту жəне психология алаңында студенттер мен қызметкерлердің білімін кеңейту үшін семинарлар мен тренингтер өткізуге бағыталады.
MИССИЯ
Адамның саналы түрде өзін танып, қабылдауына жəне өміріне жауапкершілік алуына үлес қосу.
БІЗДІҢ ҰЖЫМ
Орталық директоры
gulnur.yeszhanova@sdu.edu.kz
Экзистенциялық психолог
Орталық психологы
Психологиялық зерттеу жəне практика
diana.karim@sdu.edu.kz
Экзистенциялық психолог
Орталық психологы
Психологиялық зерттеу жəне практика
nazerke.seitkaziyeva@sdu.edu.kz
Транзактілі анализ бағытында жұмыс істейді
Орталық психологы
Психологиялық зерттеу жəне практика
assel.aitimbetova@sdu.edu.kz
Экзистенциялық психолог, травматерапевт
Орталық психологы
Психологиялық зерттеу жəне практика
zhansaya.akhmetsadyk@sdu.edu.kz
Эмоционалды Фокусталған терапия жəне Психодрама бағыттарында жұмыс істейді
Жұмыс бағыттары
Орталық барлық SDU студенттеріне жəне қызметкерлеріне қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде тегін жеке консультациялар береді.
Əр адамның өмірінде белгілі бір қиындықтарды өзі жеңе алмайтын сезім болады. Психологтар əртүрлі қиындықтармен көмектеседі:
• Отбасылық проблемалар мен ата-анадан бөліну
• Қарым-қатынас қиындықтары
• Жұмысқа байланысты мəселелер
• Академиялық қиындықтар
• Өмірлік өзгерістер (көшу, университет)
• Мазасыздық пен стресс
• Жиі көңіл күй өзгеру
• Байланыс орнатуда қиындықтар
• Өзін-өзі бағалау проблемалары
• Мотивацияның болмауы, таңдаған мамандықта күмəн
• Жақын адамының қазасы
Бізге қызметкерлер де, студенттер де хабарласа алады. Оффлайн немесе онлайн өткізіледі.
Топтық терапия немесе консультация бірнеше клиентке бір уақытта көмек көрсететін психотерапия, консультация түрі. Топ қатысушылары өзара бір-біріне деген ашық қарымқатынас арқылы психологтың бағыт-бағдарымен бір-біріне терапиялық эффектісі бар көмек көрсете алады. Қатысушы өзі туралы топта қалағанынша бөлісе алады, алайда қатысушы қаншалықты ашық болса, оның тəжірибесі соғұрлым терең болады. Топтық терапия немесе консультация тек студенттер үшін жəне экзистенциялық бағытта жүргізіледі.
SDU Life жəне басқа студенттік ұйымдармен бірге іс-шаралар ұйымдастыру:
• Relax Day
• Express Chat
• Q&A сессиялар
• Mental Health Day
• Mental Health Week
Студенттерге жəне қызметкерлерге арналған, психологиялық білімін арттыратын, өзін-өзі тануға көмектесетін семинарлар мен воркшоптар орталық психологтарымен немесе арнайы шақырылған қонақ спикерлермен əр түрлі тақырыптарда өткізіледі.
• Эмоционалды интеллект
• Коммуникация дағдылары
• Стресске қарсы релаксация
• Конфликт
• Қарым-қатынас
• Ауто-агрессия
2023-2024 оқу жылында арнайы "Жанұя құндылықтары: таным мен таразы" атты қызметкерлерге арналған семинарлар топтамасы бастауын алды. Одан бөлек, қызметкерлер мен студенттерге арналған ауто-агрессия жəне суицид тақырыптарына бөлек көңіл бөлініп жатыр.
1 курс студенттерінің психологиялық хал-жағдайын бақылау жəне жақсарту мақсатында психодиагностика, интервенция мен превенцияға арналған сапалық жəне сандық зерттеу əдістері бар зерттеу жұмысы жүргізілуде.
Психологтардың консультациясына жазылу арнайы онлайн жүйе арқылы жүзеге асады, алайда жедел көмек керек жағдайда, психологтар кезектен тыс қабылдауды қамтамасыз етуге тырысады. Соның ішінде, харассмент құрбандарына (сексуалдық, гендерлік, психологиялық, физикалық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, алымсақтық жəне қудалау, буллинг), жақынының қазасымен кезіккен жандарға, селф-харм жəне суицидтік белгілері анықталған студенттер мен қызметкерлерге көмек көрсету.
• 150 (24/7) немесе Whatsapp: +7 708 10 608 10 (24/7) – Балалар мен жасөспірімдерге арналған ұлттық сенім телефоны
• 111 (24/7) – отбасы, əйелдер жəне балалардың құқықтарын қорғау мəселелері бойынша «111 байланыс орталығы».
Instagram желесіндегі ресми парақшамызда https://www.instagram.com/sdu_psy консультацияға орын ашылғаны туралы хабарлаймыз. Парақшада жарияланған Taplink сілтемесі арқылы тіркеле аласыз. Əрбір қызметкер мен студент семестр ішінде 6 консультацияны пайдалана алады. Ережелерді Instagram парақшамыздан таба аласыз. Психолог сіздің қиындықтарыңызды еңсеруге көмектеседі жəне сізге қолдау көрсетеді. Дегенмен, біз дəрі-дəрмек белгілеп бермейміз. Қажет болса, психиатрмен кеңесуді ұсынамыз.
• Егер сіз кеңес алуға жазылып, қандай да бір себептермен келе алмасаңыз, бұл туралы бізге тезірек хабарлауыңызды сұраймыз.
• Таңдалған психологтың email поштасына хат жазу арқылы кеңес беруден бас тартуға болады. Тақырыбын «кеңес беруден бас тарту» деп көрсетіңіз.
• Босаған уақытта көмекке өте мұқтаж басқа клиентті қабылдай аламыз. Кездесуден бас тарту туралы алдын ала ескертсеңіз, онда сіз біреудің мəселесін шешуге көмектесе аласыз. Түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз!