Клубтар
Бұл клуб азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеруге арналған. Біз құқықтық кейстерді талқалып, оларды тәжірибеде жүзеге асырамыз. Адамзат о бастан әділеттілікке құмар. Әділдік – адамзаттың биіктігі! Бұл клуб құқықтарыңызды әділ жолмен қорғауды үйретеді. Құқығыңызды қорғап үйреніп, мақсатыңызға жетіңіз!
Vision клубы университетімізде 20 жылдан бері жұмыс жасайды. Клубтың негізгі мақсаты – қыздардың жан-жақсы тұлға ретінде дамуы, әлеуметтік көмек көрсету, шығармашылық және жаңашылдыққа ұмтылған қыздардың идеяларын қолдау.
Vision клубында бес бөлім жұмыс жасайды:
- Cooking (Аспаздық)
- Mercy (Қайырымдылық)
- Handmade (Тігін және қолөнер)
- Білім беру (Зияткерлікті дамыту)
- Marvel (Іс-шараларды ұйымдастыру)
Бұл бөлімдер қыздардың үйренгісі келетін сала бойынша білім беріп, қажетті дағдыларды дамытады.
Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалысы әлемдегі ең ірі қайырымдылық желі болып табылады. Оның бөлімшелері әлемнің әр түкпірінде жұмыс жасап, миллиондаған волонтердің басын қосады. Біздің университетте де Қызыл жарты ай тәуелсіз клубы бар. Клубымыздың негізгі мақсаты – студенттерге алғашқы көмек көрсетуді үйрету.
Күделікті өмірде адамдар алғашқы көмек көрсетудің маңыздылығын түсінбей жатады. Біздің сабақтарға қатысқан студенттер төтенше жағдайда тез арада қажетті алғашқы көмекті көрсете алады. Алғашқы медициналық көмектің көрсету науқастың өмірін жедел медициналық көмек келгенге дейін сақтай алады. Алғашқы көмек көрсету туралы білімнің болуы адамдар арасында қауіпсіздік пен жалпы хал-аухатына әсер етеді. Біздің міндетіміз – төтенше жағдайлардан зардап шеккен адамдардың өмірін қорғау және оларға қолдау көрсету. Студенттердің бұл салада білім алуға және таптырмас дағдыларға ие болу мүмкіндігі бар!