Uncategorized

Студенттер арасында Enactus байқауы өтті

Студенттер арасында Enactus байқауы өтті Ақпан айының 17-23 аралығында университет қабырғасында Enactus Student Case Competition 2024 шарасы өтті. Жарыс 2 кезеңнен тұрды, екінші кезеңде командалар SDU аумағындағы азық-түлікке байланысты туындаған қиындықтардың шешімін ұсынуы тиіс еді. Сайысқа 18 команда қатысып, оның ішінде 6 топ финалға шықты. Нәтижесінде «Kaskelen Street көкжалдары», «The Winners», «Creative» командалары топ жарып, …

Студенттер арасында Enactus байқауы өтті Read More »

Ой мен сана саулығы: «IMEI» орталығы жемқорлыққа қарсы ұйыммен бірлесе шара өткізді

Ой мен сана саулығы: «IMEI» орталығы жемқорлыққа қарсы ұйыммен бірлесе шара өткізді Психологиялық бағытта білім беретін халықаралық «IMEI» орталығы Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікпен бірлесе отырып, 23 ақпан күні SDU университетінде «Тұнық ой» тақырыбында концерттік бағдарламасын өткізді.   Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – қазіргі жастар арасындағы мәселелерді шешудің практикалық әдістерін ұсыну, салауатты ойлауды …

Ой мен сана саулығы: «IMEI» орталығы жемқорлыққа қарсы ұйыммен бірлесе шара өткізді Read More »

Енгізу теңсіздіктерін жылу жартылай топтық әдіспен зерттеу

Енгізу теңсіздіктерін жылу жартылай топтық әдіспен зерттеу Аннотация: Бұл әңгіме менің Таики Такеучимен жақында бірлескен жұмысыма негізделген. Васеда университеті. Жылу жартылай тобы бойынша Гальярдо – Ниренберг және Соболев теңсіздіктеріне балама тәсілді беремізСізді профессор Тохру Озаваның (Васеда университеті, Жапония) «Енгізу теңсіздіктерін жылу жартылай топтық әдіспен зерттеу» тақырыбындағы қонақ дәрісіне шақырамыз. 26.02.2024 ж11:30 SDU life Workshop 1 …

Енгізу теңсіздіктерін жылу жартылай топтық әдіспен зерттеу Read More »

Қазақстандағы инклюзия: қоғам дамуының трансформациясы

Қазақстандағы инклюзия: қоғам дамуының трансформациясы Елімізде инклюзивті қоғамды дамыту мақсатында бұл бағыттағы білім беру жүйесін жетілдіруге ерекше мән беріліп отыр. Жақында SDU University білім ордасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Наумова мен студенттердің кездесуі өтті. Құрметті қонақ өзінің тағдырынан сыр шертіп, мүмкіндігі шектеулі жанның шексіз мүмкіндіктері жайлы айтып, мотивацияға толы дәріс өткізеді. Кездесу барысында …

Қазақстандағы инклюзия: қоғам дамуының трансформациясы Read More »

Әлемдік IT нарығы: білікті сарапшымен өткен кездесу

Әлемдік IT нарығы: білікті сарапшымен өткен кездесу 13 ақпан күні SDU University білім ордасына «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрайымы және Директорлар кеңесінің мүшесі Әсел Жанасова келіп университет оқытушылары және студенттерімен кездесті. Әсел Жанасова – Кембридж университетінің түлегі, Қазақстанның Сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарған жылдары елімізде Amazon мен Ebay платформалары арқылы сауда жүргізу мүмкіндігіне қол жеткізген. …

Әлемдік IT нарығы: білікті сарапшымен өткен кездесу Read More »

Ғылым мен бизнестің симбиозы

Ғылым мен бизнестің симбиозы 26 қаңтар күні SDU университетінде ғылыми жетістікті нәтижелі бизнеске айналдыру мәселелерін арқау еткен семинар өтті. Шараның спикері ретінде NU жанындағы “Astana Business Campus” бизнес-акселераторының директоры Болат Сұлтанғазин сөз сөйледі. Семинарда коммерцияландырудың әртүрлі аспектілері, соның ішінде soft skills, инженерлік персоналдың, адами капиталдың және ғылыми-зерттеу инфрақұрылымының жетістігі туралы зерттеулер талқыланды. Шара барысында жобалар …

Ғылым мен бизнестің симбиозы Read More »

SDU университеті ASIIN Global University Network Excellence желісіне (AGUNE) мүше ретінде шараның ашылу салтанатына қатысты

SDU университеті ASIIN Global University Network Excellence желісіне (AGUNE) мүше ретінде шараның ашылу салтанатына қатысты SDU университетін Германияның Инженерлік, информатика, жаратылыстану ғылымдары және математика саласындағы оқу бағдарламалары бойынша аккредиттеу агенттігі (ASIIN) Қазақстан, Германия, Индонезия, Қытай, Түркия, Финляндия, Египет, Сербия, Мексика, Грузия университеттерімен қатар, ASIIN Жаһандық университеттер желісінің (AGUNE) негізін қалаушы мүшелерінің бірі болуға шақырды. Бұл …

SDU университеті ASIIN Global University Network Excellence желісіне (AGUNE) мүше ретінде шараның ашылу салтанатына қатысты Read More »

Ребрендинг: SDU заман талабына сай жаңара түсті

Ребрендинг: SDU заман талабына сай жаңара түсті  SDU University – тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан, еліміздегі озық университеттердің бірі. Білім-ғылымның қасиетті қара шаңырағына айналған университеттің басты мақсаты – дамыған адами капитал құруға үлес қосу. SDU тарихындағы маңызды сәттің бірі былтыр орын алды. 2023 жылдың ақпан айынан бастап іргелі білім ордасы толықтай ребрендинг жасауға көшті. Бұл жаңашыл бастаманы …

Ребрендинг: SDU заман талабына сай жаңара түсті Read More »

Босаған мемлекеттік гранттар

Босаған мемлекеттік гранттар Құрметті студенттер босаған мемлекеттік гранттарға өтініш қабылдаймыз. Төмендегі бекітілген файлда мамандықтар бойынша бос гранттың орындары көрсетілген.  Өтініш беру шарттары: Ақылы форматта оқитын білімгерлер қатыса алады;   Барлық оқу кезеніндегі  GPA көрсеткіштері 2,5 тен жоғары білімгерлер өтініш білдіре алады; F бағасы бар білімгерлер қатыса алмайды; Өтінішті бекітілген файлдағы үлгіге сәйкес жіберуіңіз керек. Міндетті түрде Ваканттық грант 2024 гугл форма сілтемесін дұрыс толтыру …

Босаған мемлекеттік гранттар Read More »

SDU University білім ордасында ACQUIN халықаралық аккредиттеу бағдарламасы өтуде

SDU University білім ордасында ACQUIN халықаралық аккредиттеу бағдарламасы өтуде Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінде ACQUIN халықаралық аккредиттеу бағдарламасы өтуде. Аккредиттеу аударма ісі және екі шет тілі (BA, MA) мамандықтары бойынша жүзеге асып жатыр. ACQUIN бағдарламалық аккредиттеуі “Еуропалық жоғары білім кеңістігіндегі сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен нұсқаулықтарына” (ESG) сәйкес келеді. Аккредиттеу шеңберінде білім беру бағдарламаларын бағалауды …

SDU University білім ордасында ACQUIN халықаралық аккредиттеу бағдарламасы өтуде Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content