МАГИСТРАТУРА ЖӘНЕ ДОКТОРАНТУРА
БАҒДАРЛАМАЛАР
МАГИСТРАТУРА
- 7M06102 Компьютерлік ғылымдар
- 7M06104 Деректер туралы ғылым
- 7M06105 Бағдарламалар Инжинирингі
- 7M06101 Ақпараттық жүйелер
- 7M05402 Қаржылық математика
- 7M06106 Қаржы технологиясы
- 7M05401 Математика (ғылыми)
- 7M04110 Экономика және Бизнес Аналитика
- 7M04109 Жобаларды Басқару
- 7М04104 МВА Денсаулық сақтаудағы менеджмент
- 7М04105 EМВА Денсаулық сақтаудағы менеджмент
- 7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
- 7M01702 Шет тілі: екі шет тілі
- 7M01501 Математика (педагогика)
- 7M01502 Физика (педагогика)
- 7М01503 Химия (педагогика)
- 7M03204 Дата журналистика
- 7M03201 Медиа зерттеулері және журналистика
- 7M04202 Ақпараттық технологиялар құқығы
- 7M04201 Жеке құқық
- 7M04112 Білім берудегі менеджмент (педагогика)
- 7М01504 Биология (педагогика)
- 7М04113 EMBA Менеджмент
- 7М04114 MBA Менеджмент (каз)
ОҚУҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕСІ
Үміткер магистратураға түсу үшін кешенді тест тапсыруы керек.
Кешенді тест 3 бөлімнен тұрады:
1. Шет тілі тесті (IELTS 6.0, TOEFL (IBT 60, PBT 498);
2. Білім алуға даярлықты анықтау тесті;
3. Білім беру бағдарламалары тобы профилі бойынша тест.
Кешенді тестілеудің пәндері мына сілтемеде көрсетілген.
Кешенді тестілеуге тіркелу үшін мына сілтемемен өтіңіз.
Оқуға түсушілерге жеке кабинетте даярлық бағытын (бейінді немесе ғылыми-педагогикалық)өзгертуге мүмкіндік бар.
Кешенді тестілеу туралы анығырақ келесі сілтемеден біле аласыз.
Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсушілер үшін шекті ұпай – 75 , бейінді магистратураға түсушілер үшін – 50 ұпай.
Бір білім беру тобы мен 3 ЖОО таңдау арқылы конкурсқа қатыса аласыз.
ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР
Төменде тізімде көрсетілген құжаттарды admissions@sdu.edu.kz электронды поштасына жіберулеріңіңзді сұраймыз
1. Бакалавриат дипломының түпнұсқасы;
2. 3×4 өлшеміндегі фотосурет (6 дана);
3. №075 формасындағы медициналық анықтама және флюорография;
4. Жеке куәлік көшірмесі;
5. Бағдарламалар бойынша тапсырылған тест сертификатының көшірмесі (бар болса).
Мемлекеттік грант конкурсына құжат тапсыру үшін:
1. КТ сертификаты, жеке куәлік көшірмесі және диплом приложениясымен;
2. 3 х 4 өлшеміндегі фотосурет (4 дана).
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ақылы/грант бөлімдеріне Докторантураға түсу жайлы ақпаратты ҰТО-ның ресми сайтынан ала аласыздар
Докторантурада оқу мерзімі – 3 жыл
1-қадам. ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫН ТАПСЫРУ
ЖЖОКБҰ Докторантураға түсу үшін өтініштерді қабылдау ҰТО-ның сайты (https://app.testcenter.kz/auth) арқылы жүзеге асырылады.
2-қадам. ШЕКТІ БАЛЛ ЖИНАҢЫЗ
Докторантураға түсу үшін шекті балл саны – кемінде 75 балл
Емтихан бөлімі | Балл |
ЖЖОКБҰ-ның емтихан комиссиясы оқуға түсушімен өткізетін әңгімелесу/сұхбаттасу | 30 |
Эссе | 20 |
Білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтары | 50 |
Барлығы | 100 |
Әңгімелесу – 20 минут
- Әңгімелесу оқуға түсушінің кәсіби және жеке қасиеттерін, ғылыми-зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмыстарын жүргізу әлеуетін бағалауға бағытталған.
- Оффлайн форматта жүргізіледі.
- Хаттамаға сәйкес ресімделеді, оған емтихан комиссиясының төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды. Нәтижеге келіспеген жағдайда, апелляцияға беруге мүмкіндік беріледі.
- Түсуші әңгімелесуге келмеген жағдайда 0 балл қойылады, хаттамаға сәйкес ресімделеді, оған емтихан комиссиясының төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.
Философия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша докторантураға қабылдау үшін әңгімелесуді бағалау критерийлері
Критерийлер | Дескрипторлар | Ұпайлар |
1. Мотивация | Таңдалған білім беру бағдарламасы бойынша докторантурада оқу және SDU University-ге түсу себептерін негіздеу. Оқу аяқталғаннан кейінгі кәсіби және жеке дамудың келешегін көру. | 5 |
2. Зерттеу құзыреттілігі | Белгілі бір пәндік салада ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге қажетті зерттеу дағдылары мен тәжірибесінің болуы. | 10 |
3. Креативтілік | Стандартты емес ойлау, мәселелер мен жағдайлық тапсырмаларды шешудің шығармашылық және баламалы тәсілдері. | 10 |
4. Коммуникативтілік | Өз көзқарасын қысқа, нақты, қисынды және дәлелді түрде жеткізе білу, қорытынды жасап, жалпылай білу қабілеті. Тілдерді меңгеру деңгейі. | 5 |
Ең жоғары ұпай саны | 30 |
Эссенің түрлері мен бағалау критерийлері
Эссе түрлері | Сипаттамасы | Эссе көлемі |
Мотивациялық | Ғылыми-зерттеу қызметіне деген ішкі уәждерді негіздеу (research statement) | Кемінде 250 сөз |
Ғылыми-талдамалық | Алдағы зерттеудің өзектілігі мен әдіснамасын негіздеу (research proposal) | |
Мәселелік-тақырыптық | Пәндік білімнің өзекті аспектілеріне қатысты авторлық ұстанымды баяндау |
Эссені бағалау критерийлері
Критерийлер | Дескрипторлар | Ұпайлар |
Тақырыпты терең ашу | Мәселе теориялық деңгейде ашылған, ғылыми терминдер мен ұғымдар дұрыс қолданылған, әртүрлі дереккөздерден алынған ақпарат пайдаланылған | 4 |
Мәселені ашуда авторлық көзқарас (ұстаным, қарым-қатынас) ұсынылған | 4 | |
Дәлелдеу, аргументация | Дәлелдердің болуы, себеп-салдар байланыстарын анықтау, жалпыдан жекеге, жекеден жалпыға қарай ой қорыта білу | 4 |
Композициялық тұтастық және мазмұн логикасы | Композициялық тұтастық, құрылымдық бөліктер арасындағы логикалық байланыс, қорытынды мен жалпылаудың болуы | 4 |
Тіл мәдениеті | Академиялық жазудың жоғары деңгейін көрсету (лексика, ғылыми терминологияны білу, грамматика, стиль) | 4 |
Максималды ұпай саны | 20 |
Емтихан билеті 3 сұрақтан тұрады:
Блоктар | Ұпай саны |
1-сұрақ | 10 |
2-сұрақ | 20 |
3-сұрақ | 20 |
Максималды ұпай саны | 50 |
3-қадам. ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНА ТАПСЫРУ
Университетке өткізетін қажетті құжаттар тізімі
1. Магистратура дипломының түпнұсқасы қосымшасымен;
2. мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат – ҚАЗТЕСТ (ҰТО берген)
3. Шет тілі деңгейін растаушы халықаралық сертификат – IELTS шекті балл-кемінде 5.0, TOEFL (шекті балл-кемінде: PBT 417, IBT 35), TOEIC шекті балл-кемінде 550, Duolingo шекті балл-кемінде 80;
4. Жеке куәлік көшірмесі;
5. 3х4 өлшеміндегі фотосурет (6 дана);
6. №075 формасындағы медициналық анықтама және флюорография;
7. Қызметкердің кадр есебі бойынша жеке қағазы немесе еңбек қызметі туралы кадр бөлімімен расталған кемінде 9 ай еңбек өтілі бар құжат;
8. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар тізімі (соңғы үш жылда, бар болған жағдайда).
*Шетелдік азаматтарға өтініш беру SDU University-ға келу арқылы жүргізіледі.
МАҢЫЗДЫ ДАТАЛАР
Кешенді Тестілеуге (КТ) тіркелуге өтініштерді қабылдау 2023 жылдың 1 маусымынан 8 шілдеге дейін орталықтың сайтына тіркелу арқылы өтеді. https://app.testcenter.kz /
25.10.2025 – 10.11.2025
ЖЖОКБҰ Магистратураға түсу үшін өтініштерді қабылдау ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комисcиясы немесе ҰТО-ның ақпараттық жүйелері арқылы келесі мерзімде қабылданады:
25.10.2025 – 10.11.2025
25.10.2025 – 10.11.2025
ЖЖОКБҰ Докторантураға түсу үшін өтініштерді қабылдау ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы немесе ҰТО-ның ақпараттық жүйелері арқылы келесі мерзімде қабылданады:
25.10.2025 – 10.11.2025
19.11.2025 – 11.12.2025
Докторантура білім беру бағдарламасының тобы бойынша қабылдау емтиханы келесі мерзімде өткізіледі:
19.11.2025 – 11.12.2025
26.12.2025 – 10.01.2025
Магистратура мен докторантураға тіркеу келесі мерзімде өткізіледі:
26.12.2025 – 10.01.2025
ҚҰЖАТ ТАПСЫРУ
Кешенді тестілеуден өту үшін үміткер app.testcenter.kz сайты арқылы тіркеуден өтуі тиіс.
СДУ-дағы оқуға түсу үшін құжаттарды онлайн тапсырып, түпнұсқаларын әкелу немесе жіберу керек. Онлайн жүйеде қажетті ақпаратты толтырып, керекті құжаттардың көшірмелерін тіркеу қажет. Онлайн өтініш беру жөніндегі нұсқаулық келесі сілтемеде.
Қажетті құжаттарды онлайн тапсырып болғаннан соң талапкер 28 тамызға дейін құжаттардың түпнұсқасын СДУ қабылдау комиссиясына тапсырады. Міндетті қабылдау емтихандарын уақытылы (“Маңызды даталар” бөлімін қараңыз) тарсыруыңыз міндетті.
Мемлекеттік грант – бұл сіздің білім алуыңыз үшін мемлекеттен бөлінетін қаржыландыру.
Гранттарды тек қана ҚР Білім және ғылым министрлігі бөледі, ал университеттер тек қана сіздің грант конкурсына қатысуыңыз үшін құжат қабылдайды.
Мемлекеттік грант конкурсында кешенді тестілеудің нәтижелері ескеріледі. Грант конкурсына қатысу үшін құжаттарыңызды университетке тапсыруыңыз керек.
Құжаттарыңызды тапсырған кезде оқу бағдарламасының тобы мен үш жоғарғы оқу орнын таңдай аласыз. SDU коды – 302.
Мемлекеттік грант иегерлері оқуын таңдаған жоғары оқу орнында тегін оқып, ай сайынғы стипендия алуға мүмкіндігі бар. Педагогикалық мамандықтарды бітірген магистрант оқуын бітірген соң өз мамандығы бойынша Қазақстанда жұмыс жасауы тиіс.
SDU магистратура мамандықтары бойынша 2024-2025 оқу жылына бөлінген гранттар саны:
*(ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында жарияланған):
SDU коды | Группа коды мен атауы | Мемлекеттік гранттар саны | Мамандықтар |
302 | М094 Ақпараттық технологиялар | 900 | 7M06102 Компьютерлік ғылымдар |
302 | М092 Математика және статистика | 195 | 7M05401 Математика (ғылыми) |
302 | М010 Математика мұғалімдерін даярлау M011 Физика мұғалімдерін дайындау М013 Химия мұғалімдерін даярлау (қазақ, орыс ағылшын) М014 Биология мұғалімдерін даярлау (қазақ, орыс ағылшын) | 390 400 280 280 | 7м01501 Математика (педагогика) 7M01502 Физика (педагогика) 7М01503 Химия (педагогика) 7М01504 Биология (педагогика) |
302 | М017 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін дайындау | 130 | 7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті |
302 | М019 Шет тілі мұғалімдерін дайындау (ғылыми- педагогикалық/профильді) | 200 | 7M01702 Шет тілі: екі шет тілі |
302 | М070 Экономика | 110 | 7M04101 Экономика |
302 | М072 Менеджмент | 200 | 7M04102 Менеджмент |
302 | М078 Құқық | 140 | 7M04201 Жеке құқық |
302 | M067 Журналистика және репортерлік жұмыс | 100 | 7M03201 Медиа және БАҚ зерттеулері |
Профильді магистратура
SDU коды | Группа коды мен атауы | Мемлекеттік гранттар саны | Мамандықтар |
302 | М094 Ақпараттық технологиялар | 100 | 7M06102 Компьютерлік ғылымдар |
SDU коды – 302
SDU докторантура мамандықтары бойынша 2025-2026 оқу жылына бөлінген гранттар саны:
*(Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланған):
| SDU коды | Группа коды мен атауы | Мамандықтар | Мемлекеттік гранттар саны | Оқыту тілі |
1 | 302
| D010 – Математика педагогтерін даярлау | 8D01501 Математика (педагогика) | 3 | ағылшын |
2 | D017 – Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау | 8D01701 Қазақ тілі және әдебиеті | 2 | қазақ | |
3 | D019 – Шет тілі педагогтерін даярлау | 8D01702 Шетел тілі: екі шетел тілі | 4 | ағылшын | |
4 | D072 – Менеджмент және басқару | 8D04101 Менеджмент | 2 | ағылшын | |
5 | D078 – Құқық | 8D04201 Қолданбалы құқық | 2 | қазақ/орыс | |
6 | D092 – Математика және статистика | 8D05401 Математика (ғылыми) | 3 | ағылшын | |
7 | D094 – Ақпараттық технологиялар | 8D06102 Компьютерлік ғылымдар | 5 | ағылшын | |
Барлығы | 21 |
|
ОҚУ ТӨЛЕМАҚЫСЫ
- РЕКВИЗИТТЕР
Учреждение SDU University
040900, Алматинская обл., г.Каскелен, ул. Абылай хана, 1/1.
БИН: 960240000550
IBAN: KZ626017131000023797 (KZT)
IBAN: KZ146017131000031160 (USD)
IBAN: KZ696017131000039094 (EUR)
IBAN: KZ466017131000050469 (RUB)
БИК: HSBKKZKX
АО «Народный Банк Казахстана»
Cтуденттерінің оқу төлемақысы
Магистратура бойынша 2025 - 2026 оқу жылына төлемақы
Университетке қабылданған келісімшартқа отырған кезде соң 1 курстың бірінші семестріне төмендегі сілтемеде көрсетілген оқу ақысы төленуі тиіс.
Келісімшартқа отырған кезде:
1. Сілтемеде көрсетілген соманы 1 курстың бірінші семестрі үшін төлеу;
2025 - 2026 жылға дейін оқуға түскен магистратура бағдарламасының төлемақысы
Университетімізде оқу ақысы ECTS жүйесімен төленеді.
Жалпы білім беру пәндері (MDE) мен негізгі мамандық пәндерінің (Program) ақысы әртүрлі.
Әр мамандық бойынша негізгі мамандық пәнінің бағасы әртүрлі болады.
Төмендегі сілтемеден магистратура бағдарламалары бойынша бағалар көрсетілген.
Әр семестр сайын студент 20-42 ECTS аралығында пәндерді таңдай алады. Оқу ақысы таңдалған пәндердің санына байланысты семестр басталмай тұрып төленуі тиіс.
Магистратура бағдарламасын аяқтау үшін студент 120 ECTS таңдап, оқып бітіруі тиіс.
Университетімізде оқу ақысы ECTS жүйесімен төленеді.
Төлемақы бір семестрге немесе 1 жылға алынады.
Оқу ақысы таңдалған пәндердің санына байланысты семестр басталмай тұрып төленуі тиіс.