ӨТІНІМДІ ҚАЛАЙ БЕРУГЕ БОЛАДЫ?
ГРАНТ ОФИС
Бағдарламаның мақсаты әлеуметтік белсенді, академиялық үлгерімі жақсы және одан әрі білім алуға ынтасы бар аз қамтылған отбасылардан шыққан талапкерлер мен білім алушыларды анықтау және қолдау болып табылады.
Барлық гранттар бекітілген өлшемдерге сәйкес конкурстық негізде тағайындалады.
Гранттар мен стипендиялар бөлу кезінде білімгерлердің академиялық үлгерімі мен университет қабырғасындағы әлеуметтік белсенділігі ескеріледі.
Стипендиялар мен гранттар Университет қоры және демушілер (түлектер, фондтар және компания) есебінен беріледі. Қаржылық қолдауды ұсыну және оның мөлшері университеттің белгіленген ережелері мен қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес анықталады.
Университет өтінім берген барлық студенттерге қаржылық қолдау көрсетуге кепілдік бермейді, сондай-ақ қаржылық қолдауды бөлу шарттарын, өлшемшарттары мен тәртібін өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
1-ҚАДАМ
Университеттің сайтында және әлеуметтік медиа беттерінде әр семестрдің соңында гранттар мен стипендияларға конкурс жарияланады.
2-ҚАДАМ
Грант офис сайтына өтіп, стипендия немесе грантқа өтінім беру.
3-ҚАДАМ
Өтініштерді қарау (қажет болған жағдайда құжаттардың/анықтамалардың түпнұсқасын Грант офиске тапсыру.
Университет оқу төлемақысына, стипендия басқа да жеңілдіктерге байланысты өтінім қалдыру уақыты:
1-семестр 15.08-15.09
2-ші семестр 15.12-15.01
- Түлектер
- Фондтар
- Компаниялар
Әр семестр сайын демеушілер тарапынан академиялық үлгерімі жақсы, Университет ішіндегі әлеуметтік жұмыстарда белсенді және әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан студенттерге гранттар мен стипендиялар ұсынылады.
ӨТІНІМДІ ҚАЛАЙ БЕРУГЕ БОЛАДЫ?
1-қадам
Университеттің сайтында және әлеуметтік медиа беттерінде әр семестрдің соңында гранттар мен стипендияларға конкурс жарияланады.
2-қадам
Грант офис сайтына өтіп, стипендия немесе грантқа өтінім беру.
3-қадам
Өтініштерді қарау (қажет болған жағдайда құжаттардың/анықтамалардың түпнұсқасын Грант офиске тапсыру.
Берілген гранттар мен стипендиялар
- “Құрманғазы Петролеум” мұнай компаниясы 2020-21 оқу жылының 1-семестрінде Инженерия және жаратылыстану ғылымдары факультетінің үлгерімі жоғары 27 студенті мен талапкерлеріне оқу ақысын төледі
- Kazenergy қауымдастығы Бизнес мектебі мен Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің үлгерімі жоғары 12 студентіне 2020-21 оқу жылының ақысын толық төледі
- СДУ түлектері атынан 9 студентке стипендия және 5 студентке грант бөлінді
Стипендиаттардың алғыс сөздері:
FAQ
Әр семестрдің соңында біз конкурс жариялаймыз және конкурс негізінде стипендия иелерін таңдаймыз.
Ақылы негізде оқитын және басқа да қосымша қаржылай көмек көздері жоқ студенттер конкурсқа қатыса алады.
Жоқ, бірақ стипендия немесе грант иегерлерінің міндеттері бар, олар: оқу үлгерімі кем дегенде 3.00 GPA болуы керек; бір академиялық кезеңде ең азы 40 сағат қоғамдық жұмыстармен айналысу.
Жақсы оқу үлгерімі (GPA> 3.00) және мотивациялық хат жазу. Егер қосымша талаптар болатын болса, конкурс туралы хабарландыруда ескертетін боламыз.
Құжаттарды қабылдау уақыты хабарландыруда көрсетіледі.
СДУ өтінімдерді қабылдау басталғанын жариялаған сәттен бастап, ағымдағы жылдың 15 тамызы мен 5 қаңтарына дейін.
Стипендиат ретінде бір академиялық кезеңде кемінде 40 сағат әлеуметтік іс-шараларға белсене араласуға, қатысуға міндеттісіз. Оған студенттік клубтың мүшесі болу және де клубтың іс-шараларына белсене қатысуға немесе деканның әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасарының басшылығымен факультеттің қоғамдық жұмыстарына белсене араласу немесе СДУ қызметкеріне ассистент болу жатады.
Стипендия беру немесе грант келесі жағдайда тоқтатылады:
- студенттің осы Ережеде белгіленген міндеттерді орындамауы;
- студентке академиялық демалыс беру;
- студенттің университеттен шығарылуы;
- студенттің басқа жоғары оқу орнына немесе басқа мамандыққа ауысуы;
- CДУ-да қаражат жеткіліксіз болған жағдайда.
Гранттар мен стипендияға байланысты мәселелер СДУ ішкі ережесімен реттеледі.