Нені және кімді қолдау?
Нені және кімді қолдау керек?
Студенттерге көмек
Біздің университет қабырғасында көмек пен қолдау іздеген дарынды және әлеуметтік белсенді студенттер оқиды. Сіз берген әр теңгеңіз студенттерге арналған арнайы гранттар мен стипендиялар түрінде көмек ретінде беріледі. Қайырмалдықтар ішінара немесе толықтай өмір сүру шығындарын, оқу ақысын, жол шығындарын және стипендияны жаба алады.
Сізден алынған кез-келген қаржылық көмек университеттің және біздің сүйікті студенттеріміздің атынан жалпы алғыс болып саналады.
«Жас Маман» бағдарламасы
«Жас Маман» бағдарламасы университеттің адами капиталын дамуына арналған, ол үздік түлектерді іріктеу және оларға ассистент ретінде алғашқы академиялық мансабына көмектесу арқылы дамытуға бағытталған.
Бағдарлама жас мамандарды шетелде докторантурада оқуға және беделді университеттерде бай ғылыми тәжірибе жинауға шақырады.
Осы бағадарлама арқылы факультеттің ассистенттері шәкіртақы және кәсіби кеңес ала алады.
Мұғалімдерді қолдау
Біздің университетте жұмыс атқаратын оқытушылар үлкен тәжірибеге және кәсіби біліктілікке ие, олардың арасында беделді шетелдік университеттердің түлектері де бар. Олардың қатарында, жас ғалымдар, PhD ғалымдар, түрлі жүлде иегерлері және Болашақ, Эразмус Мундус, Фулбрайт стипендиялардың иегерлері, сонымен қатар әртүрлі халықаралық номинациялардың иелері бар.
Мұғалім мамандығы беделді және әрқашан сұранысқа ие болуы керек, білім сапасының өзі ең алдымен осыған байланысты деп ойлаймыз. Осы мақсатта оқытушылар мен студенттер арасында сапалы оқыту мен білім алмасу үшін біз барлық жағдайларды жасауды көздеп отырмыз.
Қандай мақсаттарды көздейміз?
– Мұғалімдерге жеке гранттар беру
– Практика өту мүмкіндіктері мен білімдерін жетілдіру
– Жас ғалымдар мен мамандарды қолдау
– Ыңғайлы оқыту және оқу мекенін құру
– Мұғалімнің мәртебесін көтеру
Ғылыми тағылымдамалар
Факультет мүшелері әдетте академиялық бағдарламаны жасайды, студенттерге білім береді және университетте ғылыми зерттеулер жүргізеді. Осы бағдарлама аясында университет оқытушыларға шетелде ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.
Сіздің қайырымдылық қаражатыңыз 6 айдан 1 жылға дейінгі ұшу, тұру және ай сайынғы стипендияны қамтиды.
Сондай-ақ, СДУ жергілікті оқытушылар мен студенттерге өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісу үшін шетелден профессорларды шақырады.
Университетке сыйлық
Студенттік кампус – студенттер үшін оқу-сауықтыру және іс-шараларының орталық орны болып табылады. Университет өзінің базалық инфрақұрылымын жаңа нысандар салу және бұрынғыларын жаңартуға тырысады. Бұған университет миссиясын толықтай қолдау үшін қажет ғимараттар, жолдар, инженерлік желілер, сайт пен ландшафт, студенттер үйі және ақпараттық технологиялар ресурстары кіреді. Оған қоса, кітапхана қорлары мен ғылыми-зерттеу базаларын, жабдықтар мен технология құралдарын сақтауға бағытталған.