Бос жұмыс орындар
SDU заманауи академиялық бағдарламаларды ұсыну арқылы мықты мамандарды жаңа зерттеулер жүргізуге және қоғамға қызмет етуге шақырады. Егер сіз жаңашылдыққа ұмтылатын академик немесе зерттеуші болсаңыз, SDU – потенциалыңызды ашуға мүмкіндік беретін орта.
Қызметкерлерге ұсынылатын мүмкіндіктер:
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес рәсімдеу
- Жаңа инновациялық технологияларды қолданатын кітапхана
- Түскі асқа -50% жеңілдік
- Ағылшын және түрік тілдері курстарына жеңілдіктер
- Кампус аумағында тіркелген тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен шұғыл алғашқы медициналық көмекті көрсететін "Жанұя" медициналық орталығы жұмыс істейді
- Психологиялық кеңес беру орталығының қызметіне тегін жүгіну
- Алматы – Қаскелең – Алматы маршруты бойынша жеткізу қызметі
Өтініш берушілердің жеке деректері құпия сақталады және тек жұмысқа алу мақсатында пайдаланылады. Төменде өзекті бос жұмыс орындары көрсетілген. Қосымша ақпарат алу үшін және өтініш беру үшін қызмет түрін таңдаңыз.
ПОҚ қызметкерлерінің жұмысқа қабылдау конкурсы кезеңдері:
02.05.2023 – 01.09.2023 дейін – Келген үміткерлерді қарастыру (факультет ішінде сұхбат, демо-сабақ, English Placement test* өту)
06.06.2023-01.09.2023 аралығында – ПОҚ жұмысқа алу комиссиясы жұмысы (соңғы шешім шығарылады, нәтижесі бойынша job offer беріледі)
*English Placement test – Ағылшын тілінің қажетті деңгейін растайтын сертификат (IELTS/TOEFL (5 жылдан аспауы тиіс) немесе British Council) болған жағдайда үміткер English Placement test-тен босатылады.
Өз түйіндемеңізді жіберіңіз
Өтініш беру үшін ілеспе хатты, түйіндені және ұсыныс хатты hr@sdu.edu.kz электрондық поштасына жіберіңіз