Uncategorized

Білім мен ғылым ынтымақтастығы: Ұлттық ғылым академиясының өкілдері SDU төрінде

Білім мен ғылым ынтымақтастығы: Ұлттық ғылым академиясының өкілдері SDU төрінде ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Басқарма президенті Закария Күнсұлу Дальтонқызы бастаған делегация SDU University қабырғасына келіп, іргелі білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысты. Кездесу барысында университет ректоры Әлімжан Игенбаев қонақтарға таныстыру жұмысын жүргізіп, оқу істері жөніндегі проректор Андрей Богданчиков ғылым академиясының өкілдеріне университеттің оқыту жүйесін …

Білім мен ғылым ынтымақтастығы: Ұлттық ғылым академиясының өкілдері SDU төрінде Read More »

SDU Бизнес мектебінің студенттері үздік атанды

SDU Бизнес мектебінің студенттері үздік атанды Жақын күндері Алматыда KIMEP университетінде болашақ кәсіпкерлер мен IT мамандарына арналған хакатон өтті. Іс-шараға Қазақстанның сан түрлі университеттерінен 130-ға жуық студент қатысты. Бұл хакатонның басты ерекшелігі – жоба тек IT саласына ғана емес, бизнес бағытына да басымдық беріп аясын кеңейткен еді. 27 команда қатысқан айтулы додада SDU бизнес мектебінің …

SDU Бизнес мектебінің студенттері үздік атанды Read More »

Польшада білім алу: шетелде оқудың мүмкіндіктері

Польшада білім алу: шетелде оқудың мүмкіндіктері Қазақстан мен Польшаның білім беру саласындағы тығыз ынтымақтастығы аясында 30 қараша күні SDU-ға Польшаның Алматыдағы Бас консулы Joseph Tymanowski келді. Құрметті қонақ Польша елінің қазақстандық студенттер арасында үлкен танымалдылыққа ие екендігін атап өтті. Осы орайда, консул білім беру жүйесіне, оның артықшылықтары мен ерекшеліктеріне кеңірек тоқталып, магистратураға түсу жайлы ақпарат …

Польшада білім алу: шетелде оқудың мүмкіндіктері Read More »

SDU university мен Дебрецен университеті арасындағы ынтымақтастық нығая түсуде

SDU University мен Дебрецен университеті арасындағы ынтымақтастық нығая түсуде SDU University білім беру кеңістігінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту жолында тағы бір белесті бағындырды. Университеттіміздің “Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар” факультетінің арнайы шақыртуымен, “Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие” және “Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламалары аясында Венгрияның Дебрецен университеті профессорлары Anikó Varga Nagy мен Nora …

SDU university мен Дебрецен университеті арасындағы ынтымақтастық нығая түсуде Read More »

SDU студенттері Францияда білім алу жолдарымен танысты

SDU студенттері Францияда білім алу жолдарымен танысты Бүгін SDU University білім ордасына Espace Campus France Almaty ұйымының өкілі Гүлзара Сүлейменова және Францияның Алматыдағы Бас консулдығында университеттік және мәдени ынтымақтастық мәселелері бойынша жобалармен жұмыс істеуге уәкілетті тұлға Назерке Мұхтарқызы келді. Спикерлер Францияда білім алу мүмкіндіктері жайлы ақпарат берді. Атап айтсақ, Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастық аясында …

SDU студенттері Францияда білім алу жолдарымен танысты Read More »

Malaya университетінің профессорлары SDU төрінде

Malaya университетінің профессорлары SDU төрінде Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетіне Malaya университетінен арнайы іс-сапармен делегация келді. Аталған іс-сапар барысында өзара келісімшартқа қол қойылды. Келісімшарт аясында қосдипломдық және бірлескен бағдарламалар, академиялық және ғылыми тәжірибе алмасулар, зерттеу орталықтары негізінде ортақ жобалар жасалатын болады. Сондай-ақ, Малайзиядан келген қонақтар факультет оқытушыларына семинар жүргізіп, Университетіміздегі студенттердің әлеуметтік өмірімен де жете …

Malaya университетінің профессорлары SDU төрінде Read More »

Қытайда оқудың қыр-сыры: SDU студенттері ҚХР консулы Чжан Вэймен кездесті

Қытайда оқудың қыр-сыры: SDU студенттері ҚХР консулы Чжан Вэймен кездесті Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенттері Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының технология және ғылым жөніндегі консулы Чжан Вэй өткізген ақпараттық сессияға қатысты. Шетелде білім алуды көздеген жастарымыздың арасында Қытай ең танымал бағыттың бірі болып саналады. Бүгінде бұл ел білім көші-қоны бойынша екінші орынға ие. …

Қытайда оқудың қыр-сыры: SDU студенттері ҚХР консулы Чжан Вэймен кездесті Read More »

ACeSYRI сарапшылар кездесуі Қазақстандағы жас зерттеушілер үшін зерттеу жағдайын жақсартудағы табысын атап өтті

ACeSYRI сарапшылар кездесуі Қазақстандағы жас зерттеушілер үшін зерттеу жағдайын жақсартудағы табысын атап өтті 2023 жылдың 2-3 қарашасында өткен ACeSYRI сарапшылар жиналысы Қазақстандағы жас зерттеушілер үшін зерттеу жағдайын жақсартуға арналған үш жылдық жобаның жеңіспен аяқталуын атап өтті. Жобаның негізгі мақсаттары мен міндеттері үш жақты болды: Ғылыми-зерттеу жағдайларын жақсарту: Жоба Қазақстандағы жас зерттеушілер үшін ғылыми-зерттеу жағдайын жақсартуға, …

ACeSYRI сарапшылар кездесуі Қазақстандағы жас зерттеушілер үшін зерттеу жағдайын жақсартудағы табысын атап өтті Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content