Қазақ тілі мен әдебиеті
Деңгей
Қазақ тілі мен әдебиеті докторанты
Ұзақтығы
3 жыл
ECTS
120
Туыстас мамандықтар
Қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Бағдарламаның негізгі мақсаты – бүгінгі таңдағы оқытудың мәселелері мен міндеттерін табысты шеше алатын қазақ тілі мен әдебиеті саласының жоғары білікті мамандарын дайындау. Докторанттар тіл білімі және әдебиеттанудың перспективалық даму талаптарына жауап беретін оқытушы немесе ғылыми қызметкер ретінде жұмыс жасай алады.
Бағдарлама отандық және шетелдік филологияның негізгі бағыттарын үйрету, мәтін құрудың ұстанымдарын игерту, кәсіби сөйлеу дағдысын қалыптастырып, ойын жазбаша және ауызша түрде жүйелі, ғылыми стильде жеткізуге машықтандырады.
Заманауи ақпараттық технологиялар қолдана отырып, саланың перспективалық даму талаптарына жауап беретін жобалық шешімдер (диссертация) әзірлеуге мүмкіндік жасайды. Білім, білік, дағдысын көрсетуге, пікірін дәлелді тұжырымдар арқылы қорғап шығуға қабілеттерін қалыптастырады.
Жоғары мектеп педагогикасы – 3 ECTS.
Барлығы: 3 ECTS.
Егер магистр дәрежесі туыстас мамандық болса, пререквизиттерді тапсырудың қажеті жоқ
- Тіл білімі саласының заманауи ғылыми парадигмасы мәселелерінде өзіндік зерттеулер жүргізу дағдысына; нақты дәлелді қорытындысы бар ауызша және жазбаша коммуникациялар жүргізуге қабілеттілік;
- Тіл білімі мен дебиеттанудың өзекті мәселелерін терең түсініп, алған білімдерін ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдалана алады, ғылыми талдау, тұжырым жасай алуы керек, мәтін құрудың ұстанымдарын игереді;
- Қазіргі әдебиеттанудағы әдебиеттің классикалық бағытын қарастырып, ғылыми ізденістерінің басым бағыттарын айқындай алады. Әдебиеттанудың гуманитарлық және филологиялық пәндер жүйесіндегі маңызын саралай алады;
- Тіл білімі мен әдебиеттанудың перспективалық даму талаптарына сай жобалаудың және қолданудың заманауи әдістерін меңгереді;
- Пән бойынша кәсіби жазу шеберлігі мен дағдысын қалыптастырады; сөз жұмсау біліктілігін шыңдайды, ойын жазбаша және ауызша түрде жүйелі жеткізуге машықтанады;
- Оқу жоспарларын құру тәсілдері мен филологиялық бағыттағы оқу пәндерінің мазмұнын таңдау әдістерін, білім беру және меңгерту үрдісінің әртүрлі формаларын жүзеге асырудың практикалық дағдылары мен әдістерін меңгереді.
- Жалпы білім беретін орта мектептерде, лицей және гимназияда, жоғары оқу орындарында пән мұғалімі;
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында пән мұғалімі;
- Ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер;
- Арнайы оқу орталықтары мен орта мамандандырылған колледждерде, жоғары оқу орындарында оқытушы;
- Әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында әдеби кеңесші;
- орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде, мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде іс жүргізуші;
- Мемлекеттік мекемелерде, түрлі кәсіпорын, өндіріс орындарында іс-қағаздары мен құжаттау бөлімдерінде іс жүргізуші;
- Шетелдік компанияларда және Ұлттық аударма бюросында аудармашы қызметін атқара алады.