«Аврора-Ала» корпоративтік қорымен кездесу: университет үшін Endowment пен Fundraising құрудың артықшылығы
Кеше SDU University басшылығы «Аврора-Ала» корпоративтік қорының өкілдерін қабылдады. Кездесу университетіміз үшін Endowment пен Fundraising құрудағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауға арналды.
Отырыстың басты мақсаты – білім беру бағдарламасын, жалпы университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарын және дамуын қолдауға көмектесетін жеке Endowment қорын құру мүмкіндігін зерттеу болды. «Аврора-Ала» қорымен мұндай ынтымақтастық тұрақты қаржылық өсу мен дамудың жаңа көкжиектері мен мүмкіндіктерін ашады.
Endowment жобасын жүзеге асыру университеттің қаржылық базасын қалыптастырудың қуатты құралы болып табылады. Бұл өз кезегінде студенттердің сапалы білім алып, зерттеулер мен инновациялардың жүзеге асуына мүмкіндік береді.
SDU University мен «Аврора-Ала» арасындағы ынтымақтастық университет үшін жаңа мүмкіндіктер көкжиегін қалыптастырады деген үміттеміз.