Компьютерлік ғылымдар
Богданчиков Андрей Владимирович – PhD, қауымдастырылған профессор, Оқу істер жөніндегі проректор, диссертациялық кеңестің төрағасы
Жарияланымдар: Web of Science және Scopus сияқты халықаралық мәліметтер базасында индекстелген жетекші журналдардағы 20-дан астам ғылыми мақалалардың авторы.
Зерттеу бағыты: Үлкен деректерді тарату жүйелері, компьютерлік жүйе, білімді басқару, геймификация, электронды оқыту, ойын дизайны, терең оқыту, терең нейрондық желі
Утебаева Дана Жолдыбайқызы – Философия ғылымдарының докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы
Жарияланымдар: Web of Science және Scopus халықаралық деректер базасына енгізілген 7-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы
Зерттеу бағыты: инжиниринг және технология, машиналық оқыту: терең оқыту, дыбыстық сигналдарды тану, ұлттық қауіпсіздік, электротехника, электроника, ақпараттық технологиялар, байланыс
Жаманов Азамат Маратович – компьютерлік ғылымдар кандидаты, диссертациялық кеңес төрайымының орынбасары.
Жарияланымдар: 15 ғылыми жұмыстың авторы, оның ішінде 1 монографияның, 1 оқулықтың, жергілікті және халықаралық журналдардағы мақалалардың, Scopus және Web of Science дерекқорларындағы нөлдік емес импакт-факторы бар басылымдардың авторы.
Зерттеу бағыты: компьютерлік желілер, білім берудегі АКТ, жоғары білім.
Ал-Хадеети Мохаммед Алаа Фадхил (Мохаммед Алаанзи) – «Компьютерлік ғылымдар» мамандығы бойынша PhD, ассистент-профессор, диссертациялық кеңестің мүшесі.
Жарияланымдар: Web of Science және Scopus сияқты халықаралық мәліметтер базасында индекстелген жетекші журналдардағы 20-дан астам ғылыми мақалалардың авторы. Ол сонымен қатар Швеция, Австралия және Малайзиядағы беделді конференция материалдарында көптеген мақалалар жариялады. Сонымен қатар, ол International Conference on Soft Computing & Machine Intelligence бойынша International Program Committee мүшесі.
Зерттеу бағыты: бөлінген жүйелер, параллельді есептеулер, алгоритмдер, заттар интернеті (iot), бұлттық есептеулер, тұмандық есептеулер, энергия тиімділігі.