Қазақстандағы инклюзивті білім: ерекшеліктері мен мүмкіндіктері
Мүмкіндігі шектеулі жандардың дамуындағы маңызды мәселелердің бірі – білім беру. Бұл тек диплом алып, мамандық иесі атану ғана емес. Бұл ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтендіру мәселесін шешу. Осы мақсатта Қазақстанда инклюзивті білім беру дамып келеді.
Желтоқсан айының 12-жұлдызында SDU Life ғимаратында «Теңдік: Қазақстандағы инклюзивті білім» тақырыбында дәріс өтті. Шараны SDU University инклюзивті білім беру бойынша жетекші маманы Камила Роллан жүргізді. Камила Кембридж университетінен педагогика ғылымдары бойынша докторлық дәрежесін иемденген. Сондай-ақ ЮНИСЕФ-те білім беру және балаларды қорғау бойынша сарапшы болып қызмет атқарған.
Спикер дәріс барысында еліміздің білім беру жүйесіндегі заманауи бастамалар мен өзгерістер туралы айтып, әртүрлі қажеттіліктері бар студенттердің білім алуына тең жағдай жасау жолдарын атап өтті.