Mатематика
(педагогика)
Деңгей
Педагогика ғылымдарының магистрі
Ұзақтығы
2 жыл
Treshold score for state scholarship
120
Threshold score for paid department
80
ECTS
120
Оқыту тілі
ағылшын
Мақсаты:
— Магистранттарды математикалық білім беру саласындағы кәсіби мәселелерді шешуге дайындау, олардың кәсіби ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы практикалық дағдылары мен құзыреттіліктерін меңгерту. Білім алушылардың жеке мүдделері мен жұмыс берушілердің талаптарын жүзеге асыруға қабілетті, білім берудің жеке немесе мемлекеттік секторларының әртүрлі білім беру мекемелерінде қызмет атқара алады;
— Жоғары оқу орындарында, арнайы білім беру ұйымдарында, ғылыми-зерттеу институттарында бейіндік дайындығы бойынша бәсекеге қабілетті болу;
— Болон процесінің талаптары мен қағидаларына сәйкес сипатталған білім беру нәтижелеріне қатысты білім, дағдылар мен тәсілдерге ие болу.
- Білім берудің қазіргі парадигмасына байланысты педагогикалық ғылымның дамуының жаңа тұжырымдамалық идеялары мен бағыттарын түсіну.
- Математикалық білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу есептерін шешудің инновациялық әдістерін қолдануға қабілетті болу.
- Ғылыми және педагогикалық экспериментті жоспарлай және жүргізе алу, ғылыми ақпаратты алу, өңдеу және сақтау әдістерін меңгерген және мамандық бойынша қолданылатын құжаттардың арнайы түрлерін (МЕМСТ, стандарттар, сертификаттар және т. б.) қолдана алу.
- Жоғарғы мектеп пен жоғары оқу орындарының математика курсының әртүрлі тақырыптары мен бөлімдері бойынша оқу материалына логикалық-математикалық және логикалық-дидактикалық талдау жүргізу тәсілдерін меңгеру.
- Ғылымды табысты дамытуға мүмкіндік беретін математикалық білім саласында іргелі, сапалы, кәсіби білімді, терең мамандандырылған білімді меңгеру.
- Педагогика және психология ғылымын дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін, оқыту әдістерін басқару және меңгеру үрдістерін, психологиялық-педагогикалық зерттеулердің мәні мен мазмұнын ұсыну.
- Математикалық білім беру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алу, зерттеу нәтижелерін ғылыми басылым түрінде ресімдей алу.
- Оқу орындарының әртүрлі типтерінде математиканы оқытудың ұйымдастырушылық формаларын, заманауи құралдарын, әдістемелерін және технологияларын білу.
Пән атауы | Цикл | Компонент | Кредиттер |
Шет тілі (кәсіби) | БП | ЖК | 5 |
Ғылым тарихы мен философиясы | БП | ЖК | 5 |
Жоғары мектеп педагогикасы | БП | ЖК | 3 |
Басқару психологиясы | БП | ЖК | 5 |
Статистика және ықтималдықтар теориясындағы математикалық модельдеу | БП | ЖК | 5 |
Математикалық білім берудегі бағалау әдістері | БП | ТК | 5 |
Күрделі есептерді шешуге үйрету | БП | ТК | 5 |
Математика мұғалімін кәсіби дамыту | БП | ТК | 5 |
Формальды емес әдістермен проблемаларды шешу | БП | ТК | 5 |
Математика пәнін қашықтықтан оқыту технологиялары | БП | ТК | 5 |
Академиялық хат | БеП | ЖК | 5 |
Ғылыми зерттеулер әдістері және деректерді талдау | БеП | ЖК | 5 |
Математикадан функционалдық сауаттылықты қалыптастыру | БеП | ЖК | 5 |
STEM білім беру | БеП | ТК | 6 |
Геометрияны оқытуда компьютерлік оқу ресурстарын қолдану | БеП | ТК | 5 |
Математика пәні мұғалімдерін заман талабына сай дайындау әдістемесі | БеП | ТК | 6 |
Геометрияны оқыту әдістері | БеП | ТК | 6 |
Математиканы оқытудың жаңа әдістері | БеП | ТК | 5 |
Математиканы оқытудағы жаңа технологиялар | БеП | ТК | 6 |
Ғылыми жобаларды дайындау негіздері | БеП | ТК | 6 |
Математика пәнінің мұғалімін кәсіби даярлауды жетілдіру | БеП | ТК | 6 |
Кеңістіктегі және Жазықтықтағы салу есептерін шешу | БеП | ТК | 6 |
Сандар теориясы және олимпиадалық есептерді шешу әдістемелік негіздері | БеП | ТК | 6 |