Студенттерге қызмет көрсету орталығы

Пәнге тіркелу (сourse registration)
09.01.2025 – 17.01.2025
Қосымша тіркелу
27.01.2025 – 31.01.2025
Ақылы түрде тіркелу
03.02.2025 – 07.02.2025
Пәннен бас тартудың 1 кезеңі (early withdraw)
17.02.2025 – 07.03.2025
Пәннен бас тартудың 2 кезеңі (late withdraw)
11.03.2025 – 10.05.2025
Қорытынды емтихан
12.05.2025 – 23.05.2025
Previous
Next
  • Жұмыс тәртібі
  • Керекті ақпараттар
  • Семинарлар
  • Байланыстар
  • Студентке қажет нұсқаулық
  • БКҚО жұмыс күндері сағат 8.30-дан 17.30-ға дейін жұмыс істейді
  • Advising Desk студенттерді оқу мәселелері бойынша жұмыс күндері сағат 8.30-дан 12.30-ге дейін қабылдайды

 

ID Карта
Анықтама алу
Медициналық анықтама
Архивтық анықтама / Академиялық транскрипт
Дипломды қалпына келтіру
Бухгалтерлік есеп
Процес түрлері
Нұсқаулық 2024-2025

Оқу процесстері туралы толық ақпарат алу үшін төмендегі файлдарды ашып қарауыңызға болады:

Transcript curriculum academ calendar
Advisors' seminar
SSC content

Оқу туралы сұрақтарыңыз болса ssc@sdu.edu.kz электронды поштасына жазуыңызға болады.
Бухгалтерлік сұрақтар бойынша accounting@sdu.edu.kz электронды поштасына жазуыңызға болады.

Факультетпен хабарласу
СДУ Бизнес мектебі - bs@sdu.edu.kz
Инженер және Жаратылыстану ғылымдары факультеті - fens@sdu.edu.kz
Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультеті - eh@sdu.edu.kz
Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультеті - lss@sdu.edu.kz

Мультидисциплинарлыұ білім беру орталығы - mde@sdu.edu.kz
Қашықтықтан оқуты орталығы cdl@sdu.edu.kz
Ғылыми кітапхана - library@sdu.edu.kz
Халықаралық қатынастар офисі - iro@sdu.edu.kz
Медициналық қызмет орталығы - medpunkt@sdu.edu.kz

Порталдағы техникалық ахауларға байланысты https://helpdesk.sdu.edu.kz/ жазасыз.

Әскери кафедра бойынша осы екі ЖОО-на хабарласуыңызға болады:
КазНУ: instagram - vk_kaznu, сайт - www.kaznu.kz
НАРХОЗ: 377-19-93, 377-19-45, +7 707 998 28 98

СТУДЕНТ ПОРТАЛы

Курсқа тіркелу

Онлайн сервис

Advisor және ID карта

Оқу жоспар (Syllabus)

Webeх және Moodle

AW (Academic Withdrawal) бағасы- Білім алушы СДУ ережелерін және емтихан ережелерін бұзған жағдайда қойылады.AW бағасы 0 балдық цифрлық эквивалентіне тең және орташа үлгерім көрсеткішінде GPA F (Fail) бағасы сияқты есептеледі. AW бағасы пән оқытушы және немесе проктор тарапынан толтырылған акт негізінде факультет мектеп шешімімен БҚКО тарапынан қойылады.

AW бағасы академиялық себептерге байланысты қойылады және босатылады. Емтихан ережелерін бұзған жағдайда қойылады. Емтихан кезекшілігі акт толтырады. Бұл пәндер бойынша FX емтиханнын тапсыруға рұқсат етілмейді.

FХ” бағасы – пән бойынша қорытынды баға 25-49 аралығында болғанда қойылады. “FХ” бағасын алған білім алушы пәнді қайта толық оқымай, қорытынды емтиханды қайта тапсыра алады.

FX тапсырысын беру үшін порталда «FX тапсырыс беру» батырмасын басыңыз. Тапсырыс алдында порталыңызда жеткілікті қаражат болуы керек – сонда портал FX құнын автоматты түрде ұстап қалады.

Егер порталыңызда артық ақша болса, оны қолдануға болады. Болмаған жағдайда, my.sdu.edu.kz порталының «Accounting Info» бөлімінде Kaspi Pay арқылы қажетті соманы төлей аласыз. Бұл қаражат бірден порталыңызға түседі.

Сондай-ақ, банктің қосымшалары немесе Kaspi, Halyk Bank QR-коды арқылы төлем жасауға болады. Қолма-қол төлеуді кез келген банк кассасында университеттің реквизиттері арқылы жүргізуге болады. Бұл төлем түрлері 3 жұмыс күні ішінде порталда көрінеді.

.    .   

1 ECTS құны

Fx өткізіп алған жағдайда пән ретейк болады, жазғы семестрде оқисыз.

Оқытушы деканатқа өтініш жазады. Жиналыста мәселені қарастырып, кейін оқытушыға портал қайтадан аштырады.

Drop — бұл пәннен бас тарту. Тіркелу кезінде және Add and Drop аптасында одан бас тарту тегін.


Кейінгі Early Withdrawal кезеңінде пәннен бас тарту үшін оның құнының 50%-ын төлеу керек. Late Withdrawal кезеңінде бас тарту пән құнының 100%-ын төлеуді талап етеді. Көрсетілген айыппұлды төлеп, сабақты алып тастағаннан кейін, егер ақылы бөлімде оқитын болсаңыз, сол пәнге бұрын төлеген қаражатыңыз порталыңызға бірден қайтарылады. Ал мемлекеттік грантта оқитын болсаңыз, келесі семестрлерде осы пәнді тегін қайта оқи аласыз.

Порталға тіркелу кезінде дроп жасау тегін. 5-10 аптада пәннің 50% төлейсіз,10-15 апта толық пәннің 100% ақшасын төлеп дроп жасай аласыз.

Пререквизиттер – бұл толық курсты пәннің бірінші бөлімі.

Эдвайзерлерге арналған нұсқаулық

Дарынды студенттерді қолдау

Бұл бағдарлама көрнекті студенттерге, олардың әл-ауқатына қарамастан арналған. Бағдарламаға лайықты студенттер белгілі академиялық және әлеуметтік жетістіктерді көрсетуі тиіс. Бұл бағдарлама толық немесе ішінара гранттар беру немесе жатақханалық орын беру арқылы студенттердің кәсіби және жеке дамуына ықпал етуге арналған. Грантты оның барлық әрекет ету мерзімі ішінде сақтау үшін алушы әр семестр белгіленген ең төменгі орташа ұпайға сәйкес келуі тиіс.

Профессорлық-оқытушылар құрамын (профессорларды) қолдау

Ғылыми-зерттеу тағылымдама бағдарламасын қолдау. Профессорлық-оқытушылар құрамы академиялық бағдарламаны әзірлейді және университетте ғылыми зерттеулер жүргізеді. Осы бағдарлама аясында СДУ профессорлық-оқытушылар құрамына шетелде ғылыми зерттеулермен айналысуға мүмкіндік береді. Сіздің қайырмдылық көмегіңіз ұшуға, тұруға және ай сайынғы еңбекақысының 6 айдан 1 жылға дейін өтейді. СДУ сондай-ақ шетелден келген профессорларды жергілікті оқытушылар мен студенттермен өз білімдері мен тәжірибелерін бөлісуге шақырады.
 “Жас маман”бағдарламасын қолдау. “Жас маман” бағдарламасы СДУ үздік түлектерін іріктеу және оқытушылардың ассистенті ретінде академиялық мансабының бастапқы кезеңінде оларға көмек көрсету арқылы университеттің адами капиталын дамытуға бағытталған. Жас мамандар шетелде докторлық дәреже алуға және беделді университеттерде бай ғылыми зерттеу тәжірибесін алуға ынталандырылады. Оқытушылардың ассистенттері профессорлық-оқытушылық құрамнан стипендиялар мен кәсіби кеңестер алады.

Университетті қолдау

СДУ кампусы студенттердің білім беру және сауықтыру іс-шараларын өткізу үшін орталық орын болып табылады. Университет жаңа объектілерді салу және бар объектілерді елеулі жаңарту жолымен өзінің базалық инфрақұрылымын жаңартуға ұмтылады. Бұл ғимараттар, жолдар, коммуналдық қызметтер, аумақтық және ландшафтық дизайн, студенттік тұрғын үй және университет миссиясына толық қолдау көрсету үшін қажетті ақпараттық технологиялар ресурстары кіреді. Сондай-ақ, заманауи кітапханалық ресурстарды және ғылыми-зерттеу мекемелерін, жабдықтар мен технологиялық құралдарды қолдаудың маңызы зор.

FAQ

Question? Contact us! infomatrix@sdu.edu.kz

Since Infomatrix Asia is an international project competition and current lingua franca is English language, we decided that everything(documentation, presentation, submission) will be in English.

Starting from this year, participation doesn’t give opportunity get max at ENT.

All participants who study at secondary school must participate with their supervisors. Due to the security concerns of the participants.

Mail to infomatrx@sdu.edu.kz (Only technical questions)

Look carefully at category requirements, but common thing is: great presentation, clear documentation, completed project, short video demonstrating your knowledge of English Participants from Kazakhstan should have participated on regional, city, republic project competitions before.

Infomatrix Asia is an independent competition. Therefore, you are free to submit your project to any other competitions.

The participation fee is a required fixed cost that covers: transportation, medals, t-shirts, certificates, food, lodging and so on…

Accomodation

We are inviting participants to stay in our comfortable and modern “Student House” located on the territory of SDU.

The student house of Suleyman Demirel University offers students not only accommodation and meals on the territory of the Smart Campus during their studies, but also the opportunity to improve their social skills and strengthen international relationships.

Do you need help? Contact us!  infomatrix@sdu.edu.kz

Бонус ұпай қалай жинауға болады?

Қатысушылардың Instagram желісіндегі парақшасында SPT олимпиадасы туралы қызықты әрі креатив пост жариялау арқылы 1-ден 5-ке дейін бонус ұпайға ие болу мүмкіндігі бар. Пост сурет, мәтін немесе видео сияқты кез келген форматта бола алады.

Шығармашылық шектеу жоқ, қиялыңа ерік бер!
Арманыңды жаз, әңгіме құрастыр, видео түсір, достарыңа мотивация бер,  оларды да қатысуға шақыр!

Бұл – тіпті қосымша 0,5 ұпайдың грант иесі атануда шешуші рөл атқара алатын тұсы. Сондықтан мұндай тамаша мүмкіндікті міндетті түрде пайдалануға кеңес береміз.

Шарттары:

  • Қызықты және креативті пост жариялау (мәтін 50 cөзден кем емес, қатысышының өз атынан жазылады)
  • Cуретте @sdukz белгілеу (tag)
  • Хэштег – #spt2020 #sdukz
  • Пост соңында аты-жөнін, кластер мен ЖСН соңғы 6 цифрін хэштег арқылы көрсету (мысалы, Ахметов Айбек, #Кластер5, #123456).
  • Қатысушы парақшасы 10 наурызға дейін ашық болуы керек.

*Посттарды олимпиада ұйымдастырушылары былай бағалайды (жалпы ереже):

▫️1 ұпай:
— Пост жарияланған, талаптарға сай;
▫️2 ұпай:
— Мәтіні өте жақсы жазылған пост;
▫️3 ұпай:
— сапалы түсірілген және монтаждалған видео-пост;
▫️4 және 5 ұпай:
— Көп қаралым жинаған, лайк пен комментарий саны көп сапалы пост. 

Алайда баға беруші посттың сапасына көбірек қарайды. Яғни, тек қана мәтінмен-ақ +5 балл алу мүмкіндігі де бар. Немесе керісінше, көп лайк жинаған пост сапасыз болғандықтан 1 ұпай ғана жинауы мүмкін.

Посттар онлайн тіркелу аяқталғанға дейін қабылданады.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • 3х4 өлшемінде 3 фото
  • 086 медициналық формасының көшірмесі (Қазақстан Республикасының емханасынан алынған)
  • Жеке куәліктің көшірмесі
  • Төлем туралы құжаттың көшірмесі

Құжаттарыңызды жіберіңіз:

Ұлдар:

Қыздар:

dormserviceboys@sdu.edu.kz

dormservicegirls@sdu.edu.kz

Ұлдар: + 7 702 958 79 10
Қыздар: + 7 702 958 79 11

Реквизиты

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: