homepage-news-kz

SDU делегациясының Қытайға ресми сапары

SDU делегациясының Қытайға ресми сапары 2025 жылдың маусым айында SDU университетінің делегациясы Қытай Халық Республикасына ресми іс-сапармен барып қайтты. Іс-сапар аясында Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарымен кездесу өткізіліп, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Делегация құрамында Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы – Саудбаев Мадияр,  Ғылым координаторы – Нуридденова Айзада, Құқық кафедрасының меңгерушісі – Көпбаева Айжан, …

SDU делегациясының Қытайға ресми сапары Read More »

SDU University THE Impact Rankings 2025 тізімінде

SDU University THE Impact Rankings 2025 тізімінде SDU University әлемнің 2 318-ден астам жоғары білім беру мекемелері арасында THE Impact Rankings 2025 жаһандық рейтингінде 1001–1500 орын аралығынан өз орнын қайта иеленгенін мақтанышпен хабарлайды. БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары (Sustainable Development Goals – SDGs) аясындағы бұл рейтинг жоғары оқу орындарының әлеуметтік, экологиялық және экономикалық тұрақтылық бағытындағы жаһандық …

SDU University THE Impact Rankings 2025 тізімінде Read More »

TOWNHALL MEETING 2025

TOWNHALL MEETING 2025 18 маусым күні SDU University-де қызметкерлер мен университет әкімшілігінің басын қосқан  TOWNHALL MEETING 2025 шарасы өтті. Кездесу барысында университет ректоры 2024–2025 оқу жылындағы негізгі нәтижелер мен жетістіктерге тоқталды. Сонымен қатар, алдағы кезеңге арналған жоспарлар мен стратегиялық басымдықтар таныстырылды. Университет басшылығы қызметкерлердің ұсыныстары мен пікірлерін тыңдап, өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасты. Бұл …

TOWNHALL MEETING 2025 Read More »

SDU University студенттеріне арналған мүмкіндік!

SDU University студенттеріне арналған мүмкіндік! Сізде экотехнологиялық немесе цифрлық салада стартап бар ма? Немесе инновациялық идеяны жүзеге асырғыңыз келе ме? Онда “Startup School 3: Green and Digital Silk Road” халықаралық акселерация бағдарламасына қатысуға өтініш беріңіз! Тіркеу 2025 жылдың 1-ші тамызына дейін! Бағдарлама Орталық Азия мен Жібек жолы елдеріндегі стартаптарды дамытуға арналған. Бағдарламаның мақсаты: Экотехнологиялық және …

SDU University студенттеріне арналған мүмкіндік! Read More »

Журналистика мамандығына шығармашылық емтихан

Журналистика мамандығына шығармашылық емтихан SDU University журналистика саласына қызығушылық танытқан талапкерлер үшін 2025 жылғы шығармашылық емтихан күндерін жариялады. Биыл аталған мамандық бойынша шығармашылық емтихан 11-12 шілде күндері өтеді. Шығармашылық емтиханға қатысу үшін өтініштер 20 маусым мен 7 шілде аралығында қабылданады. Емтихан екі кезеңнен тұрады: жазбаша және ауызша тапсырмалар. Бұл талапкерлердің мәтін жазу машығы мен сыни …

Журналистика мамандығына шығармашылық емтихан Read More »

SDU University және Teach For Qazaqstan ұйымының серіктестігі: болашақ мұғалімдерді нарық сұранысына сай дайындау

SDU University және Teach For Qazaqstan ұйымының серіктестігі: болашақ мұғалімдерді нарық сұранысына сай дайындау SDU University-дің Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті болашақ педагогтардың кәсіби дамуына бағытталған EDU Career дуалды білім беру бағдарламасының дайындық кезеңі — EDU Career Incubator жобасын сәтті жүзеге асырды. Аталған бастаманы Teach For Qazaqstan ұйымы қолдап, жобаның маңызды серіктесіне айналды. 2025 жылғы …

SDU University және Teach For Qazaqstan ұйымының серіктестігі: болашақ мұғалімдерді нарық сұранысына сай дайындау Read More »

SDU университеті беделді FIBAA институционалдық аккредитациясына ие болды

SDU университеті беделді FIBAA институционалдық аккредитациясына ие болды SDU University FIBAA Аккредитация және Сертификация Комитетінің институционалдық аккредитациясынан сәтті өткендігін қуана хабарлаймыз. Бұл мәртебе 6 жылға жарамды. Маңызды жетістік SDU-дың білім беру, академиялық басқару және үздіксіз даму салаларындағы халықаралық сапа стандарттарына берік ұстанымын көрсетеді. Осы жетістікке орай, университетке FIBAA сапа мөртаңбасы табысталды. FIBAA — жоғары білім …

SDU университеті беделді FIBAA институционалдық аккредитациясына ие болды Read More »

2024–2025 оқу жылына арналған «SDU үздік эдвайзер» байқауының жеңімпаздары анықталды

2024–2025 оқу жылына арналған «SDU үздік эдвайзер» байқауының жеңімпаздары анықталды Екінші жыл қатарынан Университетте білімгерлерге қолдау көрсетуде айрықша белсенділік танытқан оқытушыларды марапаттауға арналған кәсіби байқау — «SDU үздік эдвайзер» өткізілуде. Биылғы байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді: 1 орын — Жолшаева Майра 2 орын — Сабидолда Шолпан 3 орын — Утеубаева Найля Сонымен қатар, …

2024–2025 оқу жылына арналған «SDU үздік эдвайзер» байқауының жеңімпаздары анықталды Read More »

Институционалдық зерттеулер: білім беру саласындағы жаңа мүмкіндіктер

Институционалдық зерттеулер: білім беру саласындағы жаңа мүмкіндіктер Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде жоғары білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерге арналған «Жоғары білім беруде деректерге негізделген шешім қабылдау: институционалдық зерттеулердегі қазіргі мәселелер мен болашақ бағыттар» атты III форум өтті. Маңызды шараны QyzPU еліміздің жетекші жоғары оқу орындары — Nazarbayev University, KIMEP University және SDU University-мен бірлесіп ұйымдастырды. …

Институционалдық зерттеулер: білім беру саласындағы жаңа мүмкіндіктер Read More »

SDU University-ге Explorance өкілі ресми сапармен келді

SDU University-ге Explorance өкілі ресми сапармен келді SDU University қазіргі таңда Explorance компаниясының Blue платформасымен жүйелі интеграциялау жұмысын бастап, оны ішкі ақпараттық жүйелерге енгізу үстінде. Explorance Blue — әлемнің жетекші университеттері қолданатын, бағалау мен деректерді талдау негізінде шешім қабылдауға мүмкіндік беретін инновациялық және автоматтандырылған есептер платформасы болып табылады. Бұл платформа оңтайылы жинап, жиналған деректер жасанды …

SDU University-ге Explorance өкілі ресми сапармен келді Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content