Деңгей
Лингвистика бакалавры
Ұзақтығы
4 жыл
Грантқа түсу шекті балл
120
Ақылы бөлімге түсу шекті балл
75
ECTS
240
Талап етілетін ағылшын тіл деңгейі
B1 (Intermediate)
Аударма ісі синхронды аударма, ілеспе аударма, ағылшын тілі, аудиовизуалды аударма және әдеби және ресми мәтіндерді аудару сияқты салаларда мамандарды дайындауды мақсат тұтады. Студенттер зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажет құралдармен қамтамасыз етіледі. Олар курстық, дипломдық жұмыстарын тілді оқыту саласында жүргізе алады. Студенттердің түрлі аударма агенттіктерінде тағылымдамадан өтіп, нақты өмірлік тәжірибе алуға мүмкіндігі бар.
- Аударманың теориясын пайдалана отырып, аударылған мәтінге алдын ала талдау жүргізу;
- Кәсіби аудармашылардың жұмыстарындағы трансформацияларды талдай отырып, түрлі жанрдағы мәтіндерді жазбаша және ауызша түрде тәржімелеу;
- Комиссаров, Бархударов, Виноградов, Нид, Ньюмарк және басқа да аударма теорияларын ауызша және жазбаша түрде қолдану;
- Ғылыми жетекшінің басшылығымен қорытынды дипломдық жоба жазу және қорғау.
Бағдарлама түлектері «Тенгизшевройл», «Эйр Астана», «DCT Engineering And Natural Sciences», «SmArt» сияқты жетекші халықаралық және жергілікті компанияларда жұмысқа орналасады. Point, CES for you, Gala Translations, NURORDA, BT Services, King’s School of Almaty, «Алтын ұя» интеллектуалды-білім беру орталығы, Ирина Кравченко тәлімгерлер орталығы сияқты мекемелерде аудармашы қызметін атқарып жүр.