SDU University студенттік өмірі – бұл тек оқу және машықтану ғана емес, сонымен қатар 28 студенттік клубтар мен зияткерлікті дамыту, ғылыми зерттеулер, шығармашылық, ойын-сауық, мәдениет, өнер және спорт салалары ұйымдарының жұмысы арқылы жан-жақты даму.
Университеттің 2018-2023 жылдарға арналған стратегиялық дамуының маңызды бағыттарының бірі – SDU University студенттері мен түлектеріне еңбек нарығында жоғары сұранысын арттыру және бәсекелестік артықшылығын ұсыну болып табылады. Кез келген ЖОО-ның бәсекелестік артықшылықтары: халықаралық білім беру бағдарламаларының; жұмыс берушілер арасында түлектерге жоғары сұраныстың; сапалы қосымша білімнің болуымен анықталады.
SDU University даму стратегиясына сәйкес студенттерге зияткерлік даму, топтық жұмыс, басқару тәжірибесі, жобалық жұмыстар, коммуникативтік дағдыларды дамыту, тәжірибе және тағылымдама, кампус аумағында және одан тыс жерлерде оқыту мүмкіндіктері сияқты бағыттарды қамтитын білім беру бағдарламаларының кең ауқымы бойынша баға жетпес тәжірибе беріледі. Осы шарттардың барлығы, ең алдымен, университет түлектерінің бәсекеге қабілеттілігінің дамуына әсер етеді.
Студенттік жарна СДУ әлеуметтік жобаларын қолдау және дамытуға арналған. Аталмыш жарна 28 студенттік клубтар мен ұйымдардың жұмысына көмектеседі, олар студенттік өмірге жан-жақты серпіліс әкеледі және студенттерді әлеуметтендіруге әрі пайдалы дағдыларды дамытуға қосымша мүмкіндіктер береді.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңының 63 бабының 3 тармағына сәйкес SDU University ақылы негізде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс қызметтерді ұсынуға құқылы, атап айтқанда:
- қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын дамыту, спорт, мәдениет және өнер, мамандардың біліктілігін арттыру);
- оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (пәндер мен пәндер циклі) бойынша жекелеген білімгерлермен қосымша сабақтар ұйымдастыру;
- пәндер (пәндер мен пәндер циклдері) бойынша ғылым негіздерін тереңдетіп оқытуды ұйымдастыру);
- әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу: студенттер мен оқушылар, педагогикалық қызметкерлер мен ересек тұрғындар арасында спорттық жарыстар, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сонымен қатар оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу;
- музыкалық аспаптарды және интернет-байланыстың қосымша қызметтерін пайдалануға ұсыну;
- жазғы демалысты ұйымдастыру, білім беру ұйымдарында өткізілетін әр түрлі іс-шараларға қатысушы студенттер мен оқушылардың тамақтануын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы “Заңына сәйкес қосымша білім беру – бұл білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту үрдісі”.
Осылайша, 45 000 (қырық мың) теңге көлеміндегі студенттік жарна SDU студенттерінің осы қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған. SDU University өз қызметінде ақпараттық ашықтық және жариялылық және қағидаттарына негізделеді. Төменде Қордың қаржы қаражатын бөлуге қатысты ақпарат және қор арқылы жүзеге асырылған жобалар тізімі берілген.
Әлеуметтік істер жөніндегі департаментінің 2025-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Іс-шара | Өткізілу мерзімі |
Welcome party | 1-ші курста |
Түлектер кеші | 4-ші курста |
Наурыз | жыл сайын |
Мансап күні | 3,4-ші курстарда 2 рет |
Демалыс апталығы | жыл сайын |
Кәсіби бағдар күні | 1-ші курста |
SDUFest | 1-ші курста |
SDUAwards | жыл сайын |
Студенттер арасындағы сартакиада | жыл сайын |
Биден турнирлер | жыл сайын |
Футболдан турнирлер | жыл сайын |
Теннистен турнирлер | жыл сайын |
Баскетболдан турнирлер | жыл сайын |
Дебат турнирлері | жыл сайын |
Спортзал жалдамасы | жыл сайын |
Спорттық жабдықтар | жыл сайын |
Спорт алаңының жасанды жабыны | бір жолғы жарна |
Спорт алаңының бөлмелерін жабдықтау (киім ауыстыру бөлмелері) | бір жолғы жарна |
Факультеттермен бірлесіп футбол турнирлері: Ecocup, Lawcup, пикниктер; | жыл сайын |
Жатақхана тұрғындарына арналған: Hangover, Ice Party, Orientation Day, Спартакиада, 8 – наурыз, Жаңа жыл, Welcom After Party; мәдени-ойын-сауық іс-шара Шарын каньондарына, Көлсай көліне саяхат; Кешкі бос уақыт: шай ішу, Open Air Cinema және т. б. | жыл сайын |
НЕГІЗГІ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
“Welcome Party“ – Университет қабырғаcында үйренісу үшін жыл сайын бірінші семестрдің басында өткізілетін бірінші курс студенттеріне арналған іс-шара.
“Түлектер кеші” – университет түлектерінің салтнатты рәсімі. Бұл іс-шара әр академиялық жылдың соңында СДУ барлық түлектері үшін өткізіледі.
“Кәсіби бағдар күні” – барлық бірінші курс студенттері үшін өткізіледі; оның басты мақсаты – университеттің өмірімен және ережелерімен танысу. Іс-шара аясында бірінші курс студенттері университет басшылығымен, Президентімен және Ректорымен, сондай-ақ студенттік клубтар жетекшілерімен танысады.
“SDUFest“ – студенттерді университеттің әлеуметтік өмірімен таныстыру-студенттік клубтарға мүше болу. Бұл іс-шара үш бөлімнен тұрады:
1) студенттік ұйымдар шеруі – оқиғаның мәнін көрсетеді.
2) концерт;
3) әр клубтың қызметімен танысу.
“Наурыз” – ұлттық мерекені тойлау СДУ мәдени өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Мереке университеттің педагогтары, студенттері мен қызметкерлерінің бірлесіп өткізіледі. Айта кету керек, Университет әр факультетке жеке киіз үй тігіп, өз аумағында мерекелік іс-шара жасау үшін ұсынады.
“Мансап күні” – СДУ студенттерін жұмысқа орналастыру және олардың мансабын дамыту мүмкіндігін беру үшін СДУ мансап бөлімі өткізетін іс-шара. Іс-шара аясында студенттер:
– өзінің күшті қасиеттерін бағалау, коммуникативтік дағдыларын жақсарту, өз дағдылары мен тәжірибесін анықтайды;
– жұмыс берушілермен қарым-қатынас орнатады;
– әр түрлі саладағы кәсіпқойлардан табыс жолымен танысу; жеке құзыреттілікті, дағдылар мен мансапты дамыту бойынша мамандардан баға жетпес кеңестер алады.
“Демалыс апталығы”
– студенттердің жұмысқа қабілеттілігін және тиімділігін арттыру үшін өткізілетін іс-шара. Демалыс аптасы – белгілі бір оқу кезеңінде студенттердің шамадан тыс жүктелу мәселесінің ең жақсы шешуі.
“SDU awards“ – академиялық жылдағы қорытынды іс-шара. Бұл салтанатты рәсім СДУ-дың ең қызықты және көп үміт күттіретін жобаларының бірі болып табылады, шара аясында белсенді және талантты студенттер жыл сайын келесі номинациялар бойынша марапаттарға ие болады:
- “Жыл студенті»
- “Жылдың үздік нәтижесі »
- “Жыл ұйымдастыруы»
- “Жыл үздігі»
- “Жыл жобасы»
- “Жыл бірінші курс студенті»
- “Жылдың халықаралық студенті»
- “Жыл спортшысы»
- “Қолдау және дамыту үшін»
- “Жыл түлегі»
- “Жыл мұғалімі”»
- “Жыл факультеті»