Menu
ҚОЛДАНБАЛЫ ФИЛОЛОГИЯ
БАКАЛАВРИАТ
Деңгей
Филология бакалавры
Ұзақтығы
4 жыл
ECTS
240
Ақылы бөлімге түсу шекті балл
50
Талап етілетін ағылшын тілі деңгейі
Талап етілмейді
Вебинар
Қазақ филологиясын негізде айындалған 6В02304 – «Қолданбалы филология» бағдарламасының бағыты – түрлі саладағы мәтіндермен кәсіби деңгейде жұмыс істей алатын,атап айтқанда, баспа ісі, менеджмент, жарнама, ақпараттық агенттіктер, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдар, қоғамның түрлі саласында қызмет ететін мамандар дайындау. 6В02304 – «Қолданбалы филология» білім бағдарламасы кәсіби біліктілігі мен құзіретін еңбек нарығының түрлі саласында қолдана алатын, ағылшын тілін жетік меңгерген, шығармашыл маман дайындауды мақсат тұтады.
- Білімгер тұлғааралық, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіби) қарым-қатынас мәселелерін шешу мақсатында орыс, ағылшын және түрік тілдерінде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасай алады. Шаршы топ алдында сөйлеу әдебін меңгереді.
- Филологияның өзекті мәселелеріне қатысты аналитикалық және сыни ойлау тұрғысынан талдау жасай білу дағдысын қалыптастырады.
- Студент басқарушы-ұйымдастырушылық қабілеттерін, психологиялық, пәндік және әдістемелік білім жүйесін практикада қолдана алады.
- Жазба мәтіндерді өңдеп, көркем және ғылыми мәтіндерге редакциялау жұмыстарын жасай алады; аударма мәтіндерге қажетті стилистикалық өңдеу жұмыстарын жүргізудің талаптары мен әдіс-тәсілдерін игереді.Шаршы топ алдында сөйлеу мәдениеті мен әдебін меңгереді.
- Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізе алады; ресми іс қағаздарының құқықтық негіздерін иеңгеріп, құжат айналымын жүзеге асыра алады; белгілі бір жанрында жазу стилінің ережелерін қолдана алады; сандық жазу, сандық ақпаратты жүзеге асыруға қабілетті болады; сот мәтіндеріне лингвистикалық талдау жасауды меңгереді.
- Студент әдебиеттану ғылымының әдістемелік ұстанымдары мен категорияларын меңгереді, қажетті көркем мәтінге әдеби талдау жасай алады. Теориялық материалдарды өз бетінше талдап, оларды пәнаралық тұрғыдан байланыстыра алады. Қолданбалы зерттеулерге байланысты кәсіби сауаттылық таныта алады.
- Студент түрлі саладағы мәтіндерді цифрландыруға негізделген инновациялық технологияларды (мультимедия, электронды кітапхана, 3D кітаптар)өндірісте қолдана алады, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде сандық, сауаттылығын тиімді пайдаланады.
- Әдебиет пен өнердің түрлі саласында шығармашылық жұмыстар атқара алады. Қоғам сұранысына сәйкес рухани-материалдық өнім ұсына алады.
- Білімгер тіл білімінің негізгі базалық ұғымдарын меңгереді, тіл теориясы, тіл табиғаты, тіл философиясы мәселелерін меңгереді, лингвофилософиялық концепцияларға тілдік анализ жүргізе алады; тіл білімінің фоно-морфо-семантикалық және синтаксистік жүйелері бойынша ғылыми-методологиялық базаны меңгереді; тіл білімінің құрылымдық, антропоөзектік және қолданбалы бағыттары бойынша қажетті кешенді тілдік талдаулар жасай алады.
- Әдебиет пен өнер саласында: аудармашы, сценарист, көркемдік жетекші, жазушы-драматург, әдебиет және өнер сыншысы (қазіргі уақытта өте тапшы)
- Баспа ісі және медиа саласында: баспагер-редактор, корректор, копирайтер, спичрайтер, веб-журналист, ақпарат агенттіктерінде маман.
- Кез келген компанияда: PR менеджер, SEO маманы, іс-қағаздарын жүргізуші, контент-менеджер, Іс-шараларды (Event) ұйымдастырушы
- Педагогика, әкімшілік істер т.б. салаларда: орта білімнен кейінгі оқу орындарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, білім беру мекемелерінде ғылым істері жөніндегі маман, әкімшілік іс-қағаздарын жүргізуші, пресс-секретарь, тілдік кеңес беруші (лингвистикалық консалтинг)