Оқу-әдістемелік орталық
Біз туралы
SDU University оқу-әдістемелік орталығы университеттің әкімшілік бөлімі болып табылады. Орталықтың негізгі қызметі – білім беру және методологиялық жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу. Орталықтың жұмысы тікелей ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің нұсқаулықтары мен хаттамаларының, SDU University-дің ережелері мен бұрықтарының, Ғылыми Кеңестің шешімдері негізінде жүргізіледі. Орталықтың мақсаты – кәсіби мамандарға әлеуметтің заманауи сұранысына сай білім берудің сапасын көтеру. .
Қызметіміз
Оқу-әдістемелік орталық университетте оқытылатын барлық пәндер мен курстардың мазмұны мен сапасын жақсартуға көңіл бөледі. Орталықтың мақсаты – барлық факультеттердегі оқу процесстерін, куррикулум мен мазмұнын, оқыту сапасын бағалау.
Бұл бағалауды Оқу-әдістемелік орталық пен Сапаны бағалау Департаменті бірлесіп дайындайды.
Орталық жұмысының тағы бір бағыты – магистратура мен докторантура бағдарламалары білімгерлерінің үздіксіз дамуы мен кәсіби-ғылыми дағдыларын дамытуға көмектеу. Ғылым едпартаменті мен Мансап және кәсіби даму департаменттерінің бірлесе отырып УМЦ магистратура мен докторантура бағдарламалары білімгерлеріне, “Жас маман” бағдарламасының қатысушыларына семинарлар ұйымдастырады.
Біздің орталық студенттерге педагогикалық біліктілікті дамытатын қосымша бағдарламаларды ұсыну үшін мемлекеттік білім беру институттарымен, ұстаздарымен тығыз жұмыс жасайды.
Орталықтың бір бағыты – түрлі ақысыз бағдарламаларды ұсыну арқылы жалпыға ортақ білім беруді қолдау мен жақсарту. Бұл қызметтер бірнеше деңгейде жүзеге асады: мектептер мен университеттерде, студенттерге, ұстаздар мен мұғалімдерге.
Біз ұсынатын семинарлар білім саласындағы мамандарға ғана емес, басқа да салаларда қызметкерлердің кәсіби даму бағдарламаларын қамтиды.