СДУ УНИВЕРСИТЕТІ
Бакалавриат үшін Қабылдау комиссиясы
Бағдарламалар




Талапкерлерге грантқа түсу үшін шекті балл
Талапкерлерге ақылы бөлімге түсу үшін шекті балл
Грантқа түсу үшін шекті балл
Ақылы бөлімге түсу үшін шекті балл
Ағылшын тілінен емтихан
SDU-да білім беру ағылшын тілінде жүргізіледі. Оқуға түсу үшін талап етілетін ағылшын тілі деңгейі – Intermediate.
Егер талапкердің ағылшын тілі деңгейі талап етілген деңгейден төмен болса, оған ағылшын тілін міндетті сабақ ретінде алу керек немесе Foundation бағдарламасы бойынша оқуға түсу керек. Деңгейді анықтау тесті офлайн форматында өтеді.
Педагогикалық мамандықтар бойынша арнаулы емтихан
1. Педагогикалық мамандықтарға арнайы емтихан тапсыруға құжаттарды өткізу уақыты 09:00-12:00.
2. Педагогикалық мамандықтарға арнайы емтиханды тапсыру уақыты 13:00-15:00.
3. Педагогикалық мамандықтарға арнайы емтиханның нәтижесін жариялау уақыты 16:00-18:00.
Оқуға түсу процесі


- МЕКТЕПТЕН КЕЙІН
Оқуға түсу ережесі
SDU-ға ақылы немесе мемлекеттік грант бойынша оқуға қабылдау өтініш негізінде Ұлттық Бірыңғай Тестілеу (ҰБТ) нәтижесі бойынша берілген сертификаттағы ұпайға сәйкес жүреді.
Оқуға түсуге шекті ұпайлар келесі сілтмедегі құжатта көрсетілген.
Қажетті құжаттар
1. Enroll.sdu.edu.kz толтыру;
2. Жеке куәлік көшірмесі;
3. Қабылдау туралы өтініш;
4. №075 формасындағы медициналық анықтама және флюорография;
5. Ағылшын тілі деңгейін растаушы IELTS / SDU CEC ceртификаты (бар болған жағдайда) немесе ағылшын тілі емтиханының нәтижесі (SDU-да тапсырылады);
6. 3×4 өлшеміндегі фотосурет (6 дана);
7. Аттестат немесе орта білім туралы диплом және олардың транскрипті;
8. ҰБТ сертификаты (электрондық нұсқасы);
9. Мемлекеттік грант сертификаты (бар болса);
10. Арнаулы емтихан нәтижесі (педагогикалық мамандықтарға түсушілерге);
11. Факультет өкілімен өткізілген сұхбат нәтижесі (колледж түлектері үшін);
12. Шығармашылық емтихан сұрақтары келесі сілтемеде;
13. Студенттік қор (45 000 KZT) төлемі туралы түбіртек.
14. Ақылы бөлімге түсетін студенттер үшін оқу ақысының 50% төлемі туралы түбіртек.
- КОЛЛЕДЖДЕН КЕЙІН
Оқуға түсу ережелері
Мемлекеттік грантта SDU-да оқуға ниет білдіргендер міндетті түрде ҰБТ-дан өтуі тиіс. Мемлекеттік гранттарды бөлу ҰБТ нәтижелері негізінде жүргізіледі. Гранттар конкурсына кемінде 25 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні бойынша кемінде 5 балл жинаған колледж түлектері жіберіледі.
Университетімізге колледжден кейін салалас мамандыққа түскісі келетін талапкерлер факультет өкілдерімен арнайы сұхбаттан өтуі тиіс.
Туыстас мамандықтар келесі сілтемедегі құжатта көрсетілген.
Қажетті құжаттар
1. Enroll.sdu.edu.kz толтыру;
2. Қабылдау туралы өтініш;
3. Жеке куәлігінің көшірмесі;
4. №075 формасындағы медициналық анықтама және флюорография;
5. Диплом және қосымшасы;
6. 3×4 сурет (6 дана);
7. Студенттік жарна түбіртегі (45 000 тг.);
8. Келісім шарт;
9. Тіл деңгейін анықтайтын сертификат (IELTS, SDU placement test және т.б.);
10. Сұхбаттасу хаттамасы (SDU-да беріледі);
11. Мемлекеттік грант куәлігі (бар болса);
12. 1-семестр төлемақы түбіртегі;
13. Педагогикалық тест нәтижесі (педагогикалық мамандықтарға);
15. Жеңілдік сертификаты.
- БАСҚА УНИВЕРСИТЕТТЕН АУЫСУ
Қажетті құжаттар
1. Транскрипт
2. Өтініш
3. Грант куәлігінің көшірмесі (бар болған жағдайда)
4. ҰБТ сертификатының көшірмесі
5. Аттестат және қосымшасы
Маңызды даталар

Ақылы бөліміне құжаттарды қабылдау
Педагогикалық мамандықтарға экзамен тапсыру
“Журналистика” мамандығы бойынша шығармашылық емтиханға құжаттарды қабылдау
“Журналистика” мамандығы бойынша шығармашылық емтихан
Мемлекеттік білім беру грантына құжаттарды қабылдау
Онлайн құжат тапсыру
СДУ-ға оқуға түсу үшін құжаттарды онлайн түрде тапсыру мүмкіндігі бар. Ол үшін талапкер қажетті құжаттардың электронды нұсқаларын жүктеп, өзі туралы мәліметтерді толтыру керек. Онлайн өтініш беру жөніндегі нұсқаулық мына сілтемеде.
Гранттар және жеңілдіктер

Мемлекеттік грант – бұл сіздің жоғары білім алуыңыз үшін мемлекеттен бөлінетін қаржыландыру. Гранттарды тек қана ҚР Білім және ғылым министрлігі бөледі, ал университеттер тек қана сіздің грант конкурсына қатысуыңыз үшін құжат қабылдайды.
SDU коды | Мемлекеттік гранттар | Мемлекеттік гранттар саны | SDU мамандықтары |
302 | В 001 Педагогика және психология В 002 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту В 003 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі B 009 Математика мұғалімдерін даярлау | 200 816 475 500 | 6В01101 Педагогика және психология 6В01201 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту 6В01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 6B01501 Математика (педагогика) |
302 | B 010 Физика мұғалімдерін даярлау | 668 | 6B01503 Физика-Информатика |
302 | В 012 Химия мұғалімдерін даярлау | 700 | 6В01502 Химия-Биология |
302 | В 016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау | 300 | 6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті |
302 | В 018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау В 140 Халықаралық қатынастар | 420 80 | 6В01702 Шет тілі: екі шет тілі 6В03101 Халықаралық қатынастар |
302 | В 036 Аударма ісі | 335 | 6В02302 Аударма ісі |
302 | В 037 Филология | 100 | 6В02304 Филология |
302 | В 015 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау В 019 Әлеуметтік педагогика мамандарын даярлау және өзін-өзі тану | 318 200 | 6В01601 Тарих 6В01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану |
302 | В 042 Журналистика және репортер ісі | 197 | 6В03201 Журналистика |
302 | В 044 Менеджмент және басқару | 325 | 6В04102 Менеджмент |
302 | В 045 Аудит және салық салу | 146 | 6В04103 Есеп және аудит |
302 | В 046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі | 368 | 6В04104 Қаржы 6В04101 Экономика |
302 | В 047 Маркетинг және жарнама | 95 | 6В04105 Маркетинг |
302 | В 049 Құқық | 6В04201 Құқық | |
302 | В 055 Математика және статистика | 503 | 6В05401 Математика (ғылыми) |
302 | В 057 Ақпараттық технологиялар | 2643 | 6В06101 Ақпараттық жүйелер 6В06102 Компьютерные науки 6В06103 Математикалық және компьютерлік модельдеу |
Мемлекеттік гранттар конкурстық негізде ҰБТ-да жинаған баллдардың санына байланысты тағайындалады.
SDU-дың 2023-2024 оқу жылына арналған гранттар мен оқу ақысына жасалатын жеңілдіктерінің тізімі:
Грант | % | Растайтын құжат |
SPT және ISPT 2023 олимпиадасының жүлдегерлері | 100 | Сертификат |
“Дарын” зияткерлік сайысының жүлдегері | 100 | Сертификат |
“JOOKZ” Ішкі конкурсының жүлдегері | 100 | Сертификат |
Дарын республикалық олимпиадасының жүлдегері | 100 | Сертификат |
“Алтын түлек” олимпиадасының жүлдегері | 100 | Сертификат |
Республикалық құқықтық олимпиада конкурсының жүлдегері | 100 | Сертификат |
“Достық” білім беру орталығының ішкі конкурс жүлдегері | 100 | Сертификат |
“Жарқын болашақ” олимпиадасының жүлдегерлері | 100 | Сертификат |
“Көңілді Тапқырлар Лигасы” КВН жүлдегерлері | 100 | Сертификат |
“SDU Open” олимпиадасының жүлдегері | 100 | Сертификат |
“Журналист болғым келеді” олимпиадасының жүлдегері | 100 | Сертификат |
“Infomatrix” робототехника олимпиадасының жүлдегерлеріне | 100 | Сертификат |
IMC халықаралық олимпиада жүлдегерлеріне | 100 | Сертификат |
SPT және ISPT 2023 олимпиадасының жүлдегерлері | 50 | Сертификат |
Мамандығы бойынша үздік студентке (оқу кезінде) | 50 | Оқу үлгерімі (GPA) |
Әкесі де, анасы да жоқ тұл жетімдерге | 40 | Әкімшілік кеңестің растайтын құжаты / шешімі |
Ата-анасы / асыраушысы 1, 2 топтағы мүгедек болған студенттерге | 40 | Әкімшілік кеңестің растайтын құжаты / шешімі |
SPT 2023 олимпиадасының жүлдегерлері | 30 | Сертификат |
Шетелдегі серіктестік мекемелердің түлектері | 30 | Сертификат |
Сүлейман Демирел атындағы колледж түлектеріне (үздік диплом) | 20 | Диплом |
Жамбыл инновациялық-техникалық колледжінің түлектеріне (үздік диплом) | 20 | Диплом |
SPT 2023 олимпиадасының жүлдегерлері | 15 | Сертификат |
“Достық”, “Unidem”, “Еdtech”, “Курсант”, “Secom” білім беру орталықтарының түлектеріне | 10 | Сертификат / Справка |
NURORDA мектеп-лицейі”, “Өскемен қаласындағы “Нұрорда” мектеп-лицейі”, “Spectrum “халықаралық мектебі”, “Сүлейман Демирел атындағы мектеп-интернат-колледжі”, “Galaxy “халықаралық мектебі”, “кемел Білім” мектеп-интернаты”,””SilkWay” мектеп-лицейі, “FinBridge мектебі” | 10 | Аттестат |
–
Құқық және әлеуметтік ғылымдары факультеті
Бакалавриат бағдарламалары | ҰБТ балы | Жеңілдік % |
---|---|---|
Журналистика (қазақ тобы) | 90 балдан жоғары алған | 5% |
100 балдан жоғары алған | 10% |
Педагогика және гуманитарлық ғылымдары факультеті
Бакалавриат бағдарламалары | ҰБТ балы | Жеңілдік % |
---|---|---|
Аударма ісі | 90 балдан жоғары алған | 5% |
100 балдан жоғары алған | 10% | |
110 балдан жоғары алған | 15% | |
Екі шет тілі | 90 балдан жоғары алған | 5% |
100 балдан жоғары алған | 10% | |
110 балдан жоғары алған | 15% | |
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту | 90 балдан жоғары алған | 5% |
100 балдан жоғары алған | 10% | |
110 балдан жоғары алған | 15% | |
Құндылықтарға негізделген әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану | 90 балдан жоғары алған | 5% |
100 балдан жоғары алған | 10% | |
110 балдан жоғары алған | 15% | |
Бастауышта оқыту педагогикасы мен əдістемесі | 90 балдан жоғары алған | 5% |
100 балдан жоғары алған | 10% | |
110 балдан жоғары алған | 15% | |
Тарих (педагогика) | 90 балдан жоғары алған | 5% |
100 балдан жоғары алған | 10% | |
110 балдан жоғары алған | 15% | |
Қолданбалы филология | 90 балдан жоғары алған | 5% |
100 балдан жоғары алған | 10% | |
110 балдан жоғары алған | 15% |
Инженер және жаратылыстану ғылымдары факультеті
Бакалавриат бағдарламалары | ҰБТ балы | Жеңілдік % |
---|---|---|
Ақпараттық жүйелер | 90 балдан жоғары алған | 5% |
100 балдан жоғары алған | 10% | |
Компьютер ғылымдары | 90 балдан жоғары алған | 5% |
100 балдан жоғары алған | 10% | |
Математикалық жәнекомпьютерлік модельдеу | 90 балдан жоғары алған | 5% |
100 балдан жоғары алған | 10% | |
Математика (ғылыми) | 90 балдан жоғары алған | 5% |
100 балдан жоғары алған | 10% | |
Мультимедиялық ғылымдар | 90 балдан жоғары алған | 5% |
100 балдан жоғары алған | 10% | |
Статистика және деректер ғылымдары | 90 балдан жоғары алған | 5% |
100 балдан жоғары алған | 10% |
Студенттер үйі

- Студенттер үйіндегі орын саны шектеулі. Орындар ең алдымен 1-курс студенттеріне беріледі. 2, 3 және 4 курс студенттері 25 тамыздан кейін ғана өтініш бере алады.
Құжаттар тізімі
- 3х4 өлшеміндегі фотосурет (2 дана);
- №075 формасындағы медициналық анықтама көшірмесі;
- Жеке куәлік көшірмесі;
- Төлемақы түбіртегінің көшірмесі.
Реквизиттер

Оқу
Учреждение SDU University
040900, Алматинская обл., г.Каскелен, ул. Абылай хана, 1/1.
БИН: 960240000550
IBAN: KZ626017131000023797 (KZT)
IBAN: KZ146017131000031160 (USD)
IBAN: KZ696017131000039094 (EUR)
IBAN: KZ466017131000050469 (RUB)
БИК: HSBKKZKX
АО «Народный Банк Казахстана»
Жатақхана
ТОО «Dorm-Service»
040900, Алматинская обл., г.Каскелен, ул.Абылай хана, 1/1.
БИН: 110440021346
IBAN: KZ626017131000016522 (KZT)
IBAN: KZ436018771000196911 (USD)
БИК: HSBKKZKX
КБе 17
КНП – 872
АО «Народный Банк Казахстана»
Реквизиттер

Оқу
Учреждение SDU University
040900, Алматинская обл., г.Каскелен, ул. Абылай хана, 1/1.
БИН: 960240000550
IBAN: KZ626017131000023797 (KZT)
IBAN: KZ146017131000031160 (USD)
IBAN: KZ696017131000039094 (EUR)
IBAN: KZ466017131000050469 (RUB)
БИК: HSBKKZKX
АО «Народный Банк Казахстана»
Жатақхана
ТОО «Dorm-Service»
040900, Алматинская обл., г.Каскелен, ул.Абылай хана, 1/1.
БИН: 110440021346
IBAN: KZ626017131000016522 (KZT)
IBAN: KZ436018771000196911 (USD)
КБе 17
КНП – 872
АО “Народный Банк Казахстана”




Оқу төлемақысы
2023 - 2024 оқу жылындағы талапкерлердің оқу ақысы
Университетке қабылданған келісімшартқа отырған кезде соң 1 курстың бірінші семестріне төмендегі сілтемеде көрсетілген оқу ақысы төленуі тиіс.
Келісімшартқа отырған кезде:
1. Сілтемеде көрсетілген соманы 1 курстың бірінші семестрі үшін төлеу;
2. 4 жылға Студенттік жарна сомасын (45 000 теңге) төлеу керек.
* Грант иегерлері Студенттік жарнаны төлеуден босатылмайды.
FAQ
Мемлекеттік грант – бұл сіздің жоғары білім алуыңыз үшін мемлекеттен бөлінетін қаржыландыру. Университеттер гранттарды бөлумен айналыспайды. Гранттарды тек қана ҚР Білім және ғылым министрлігі бөледі, ал университеттер тек қана сіздің грант конкурсына қатысуыңыз үшін құжат қабылдайды. Сәйкесінше, Қазақстан бойынша барлық талапкерлер мен университеттер бір ортақ конкурсқа қатысады және барлығына грант конкурсының талаптары бірдей.
Мемлекеттік грант конкурсына қатысуға кез келген қазақстандық жоғарғы оқу орнынан өтініш тастауға болады. Алайда біз бірден өзіңіз оқығыңыз келетін университеттің қабылдау комиссиясына құжат тапсыруға кеңес береміз. Оқуға түскен жағдайда құжаттарыңыз сол оқу орнында қала береді.
Мемлекеттік грант конкурсында сіздің маусым айындағы ҰБТ нәтижесінде жинаған ұпайыңыз есепке алынады. Грантқа тапсыру үшін сізге белгіленген уақытта қажетті құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырып, арнайы бланкта мамандықтар тобы мен таңдаған университетіңіздің кодын көрсету керек. SDU коды – 302.
Мамандықтар тобына грант ұтып алғаннан кейін, сол топтағы SDU-да бар мамандықтың бірін таңдай аласыз. Мысалы, «Ақпараттық технологиялар» білім беру тобы бойынша SDU-да 3 мамандық бар – Ақпараттық жүйелер, Компьютерлік ғылымдар және Математикалық және компьютерлік модельдеу. Осы мамандықтардан біреуін таңдап, грантпен оқи аласыз.
Мемлекеттік грантта сіз өзіңіз таңдаған жоғары оқу орнында тегін оқи отырып, ай сайын шәкіртақы алып отырасыз. Ал оқуды аяқтаған соң өз мамандығыңыз бойынша Қазақстанда жұмыс жасауға міндеттелесіз.
Грантқа және белгілі бір оқу орнына түсуге арналған нақты ұпай болмайды, өйткені гранттар конкурс негізінде талапкерлер арасында бөлінеді. Сіздің грантқа түсу мүмкіндігіңіз сіз таңдаған мамандықты қанша талапкер таңдағанына және олардың қандай ұпаймен грантқа тапсырып жатқанына тікелей байланысты. Ал шекті ұпай дегеніміз – грантқа түскендердің тізімінде ең соңғы тұрған талапкердің ұпайы. Оны алдын ала білу мүмкін емес. Сіз Ұлттық Тестілеу орталығының сайтынан алдыңғы жылдың грантқа түсу статистикасын қарап шығып, өз мүмкіндіктеріңізді шамамен болжай аласыз, бірақ біле алмайсыз.
Білім беру ағылшын тілінде жүргізіледі. Тек қана «Құқықтану» мамандығы қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі, сондай-ақ «Журналистика» мамандығында қазақ тілді топтар бар. Ал «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы тек қазақ тілінде өтеді. Басқа мамандықтардың барлығында оқыту тілі – ағылшын тілі. Талап етілетін деңгей – Intermediate.
Иә, жыл сайын 2-3 курстар арасында шамамен 100 студент бір семестрге шетелдік университетте оқуға мүмкіндік алады. Іріктеу конкурс негізінде өтеді. Толығырақ осында.
SDU-да студенттердің әлеуметтік дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Әртүрлі бағыттағы 35 студенттік ұйым жұмыс жасайды. Толығырақ осында.
SDU University түлектерінің 99% диплом алғаннан кейін ең үздік компанияларға жұмысқа тұрады. Ал студенттер 3-4 курста оқып жүріп, «Beta Career» бағдарламасы аясында жұмыс жасап, карьерасын бастайды.
SDU түлегі ҚР Білім және ғылым министрлігінен берілетін мемлекеттік үлгідегі диплом алады.
Байланыс
- Қабылдау комиссиясы
admissions@sdu.edu.kz
- Халықаралық студенттер
intadmissions@sdu.edu.kz
- Басқа ЖОО-дан ауысу
transfer@sdu.edu.kz