Деңгей
Педагогика ғылымдарының магистрі
Ұзақтығы
2 жыл
ECTS
120
Оқыту тілі
ағылшын
Мақсаты: Заманауи биологияның жетістіктері саласында кәсіби білімі мен құзыреті бар, оқытудың әдістері мен инновациялық технологияларын қолдану дағдылары қалыптасқан, оқу-әдістемелік және жобалық іс-әрекеті жетілген, еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті биология пәні мұғалімдерін даярлау
- Кәсіби қызметте жаңа білім берудің мультимедиялық құралдарын тиімді қолдану арқылы бағалау әдістерін меңгеру.
- Инклюзивті білім беруде арнайы педагогикалық технологияларды қолдана отырып бағдарламаны игеру
- Биологиялық үдерістерді модельдеу үшін биология саласында жаңа білім мен дағдыларды және компьютерлік-инновациялық технологияларды игеру. Анатомия мен физиология оқытуда заманауи технологияларды пайдалана білу.
- Зерттеу жұмыстарына гипотеза құрғанда, анализ жасағанда және нәтижелерді алуда нақты статиститкалық әдістерді қолдану арқылы дұрыс тұжырымдаманы жасай білу.
- Кәсіби қарым-қатынас саласында тілді одан әрі қолдану мақсатында тілдік ережелерді, CLIL, PBL әдістерін пән мазмұнымен кіріктіру арқылы пәндік білім мен дағдыны қалыптастыру.
- Ғылым тарихының, білім беру философиясының, педагогиканың, психологияның қағидаларына сүйене отырып, дүниетанымдық және әдістемелік мәселелерді талдай білу, алынған мәліметтерді шығармашылықпен түсіндіру процесінде кәсіби іс-әрекетте зерттеу әдістемесі бойынша білімін қолдана білу.
- Компьютерлік технологиялар көмегімен биологиялық үдерістерді молекулалық деңгейде зерттеуде заманауи әдістерді қолдана білу және жасушадағы үдерістерді зерттеп білу.
- Педагогикалық зерттеу әдістерін таңдау, биология саласындағы ғылыми бағыттың міндеті мен әдістемесіне сәйкес ғылыми зерттеулер жүргізу және бағалау.
Пәннің атауы | Цикл | Компонент | Кредиттер |
Басқару психологиясы | БП | ЖК | 5 |
Ғылым тарихы мен философиясы | БП | ЖК | 5 |
Жоғары мектеп педагогикасы | БП | ЖК | 3 |
Шет тілі (кәсіби) | БП | ЖК | 5 |
Анатомия мен физиологияның заманауи зерттеу әдістері | БП | ТК | 5 |
Биотүрлілікті қорғау | БП | ТК | 5 |
Қоршаған орта туралы ғылымдар | БП | ТК | 5 |
Салыстырмалы анатомия және физиология | БП | ТК | 5 |
Эволюциялық биология және селекция | БП | ТК | 5 |
Экосистеманың дамуы | БП | ТК | 5 |
Адамның дамуы және білім | БеП | ЖК | 5 |
Білім берудегі бағалау әдістері | БеП | ЖК | 5 |
Білім берудегі зерттеу әдістері | БеП | ЖК | 6 |
Зертханалық жұмысты жоспарлау және компьютерлік технологиялар қолдану | БеП | ЖК | 5 |
Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар | БеП | ЖК | 5 |
Молекулалық биологияның замануи әдістерін қолдану | БеП | ЖК | 5 |
Сабақты жоспарлау менеджменті | БеП | ЖК | 5 |
Биостатистика | БеП | ТК | 5 |
Биоинформатика | БеП | ТК | 5 |
Биологияны оқытуда CLIL әдістерін қолдану | БеП | ТК | 5 |
Биологияны оқытуда PBL әдістерін қолдану | БеП | ТК | 5 |