Uncategorized

SDU University оқытушыларға арналған «WinterED 2024» біліктілікті арттыру бағдарламасын өткізуде

SDU University оқытушыларға арналған «WinterED 2024» біліктілікті арттыру бағдарламасын өткізуде SDU University мекемесінің Extension School орталығында «WinterED 2024» – университет оқытушыларына арналған 72-сағаттық трансформациялық кәсіби даму бағдарламасы өтуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанда білім саласындағы өзекті идеяларды таныту және ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға үлес қосу. Бағдарламаға SDU University, Назарбаев Университеті, Колумбия университеті (АҚШ), Гарвард университеті …

SDU University оқытушыларға арналған «WinterED 2024» біліктілікті арттыру бағдарламасын өткізуде Read More »

“Мектеп. Ата-ана. Оқушы” форумы өтті

“Мектеп. Ата-ана. Оқушы” форумы өтті 4-6 қаңтар аралығында SDU University қабырғасында орта мектеп басшыларына, орынбасарларына және мұғалімдеріне арналған “Мектеп. Ата-ана. Оқушы” атты форум өтті. Форум аясында білікті сарапшылар орта білім беру саласындағы қиындықтар мен кедергілерге тоқталып, ұжым ішіндегі және мектеп, оқушы мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты дұрыс құрудың тәсілдерін талқыға салды. Форумға  300-ге жуық  мектеп директорары, директор орынбасарлары …

“Мектеп. Ата-ана. Оқушы” форумы өтті Read More »

Компьютелік ғылымдар мамадығының студенттері Google ұйымдастырған жарыста жеңіске жетті

Компьютелік ғылымдар мамадығының студенттері Google ұйымдастырған жарыста жеңіске жетті Кеше Google компаниясының ұйымдастыруымен халықаралық Google Dev Fest Almaty 2023 шарасы өтті. Айтулы шараға әлемнің түкпір-түкпірінен келген Google сарапшылары қатысты. Конференция үш тректе өтті: Dev, AI, Startup және Android әлеміндегі жаңартулар қамтылды. Сондай-ақ, Ideathon екі жоба бойынша жүргізілді: Open Banking және Digital tenge. Онда нарықтық пайдалану …

Компьютелік ғылымдар мамадығының студенттері Google ұйымдастырған жарыста жеңіске жетті Read More »

SDU University: 2023 жылдың айтулы 10 жетістігі

SDU University: 2023 жылдың айтулы 10 жетістігі 2023 жыл біздің университетіміз үшін нәтижелі, жетістікке толы жыл болды. Биылғы жылдың ең үздік 10 жетістігіне тоқтала кетейік: QS World University Rankings 2024. SDU University QS World University Rankings 2024 рейтингіне кірді, онда №1201-1400 орын арасында орналасты. Қазақстандық 120 жоғары оқу орнының тек 21 жоғары оқу орны ғана …

SDU University: 2023 жылдың айтулы 10 жетістігі Read More »

«SDU LAW Olimpiade-2024» жеңімпазы бол!

«SDU LAW Olimpiade-2024» жеңімпазы бол! SDU University мекемесі Сіздерді, жалпы орта білім бағдарламаларын жүзеге асыратын барлық білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушыларына арналған “SDU LAW Olimpiade-2024” өтетіні туралы хабардар етеді. Олимпиада «Құқық және Әлеуметтік ғылымдар» факультетінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 07.02-29.02 аралығында өтеді. Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеті: құқықтық білімді насихаттау және оқушылардың осы салаға деген қызығушылыған …

«SDU LAW Olimpiade-2024» жеңімпазы бол! Read More »

ISPT олимпиадасы алғаш рет Үндістан елінде өтті

ISPT олимпиадасы алғаш рет Үндістан елінде өтті SDU University жыл сайын мектеп түлектеріне арналған ISPT (International SDU Proficiency Test) халықаралық олимпиадасын өткізеді. Олимпиада мектеп түлектеріне Қазақстанның жетекші университетінде ішкі грант шарттарымен жоғары білім алуына бірегей мүмкіндік береді. Әрбір қатысушы ел үшін SDU 12 грант пен жеңілдіктер береді. 15 елдің мектеп бітіруші түлектері қатыса алатын олимпиада …

ISPT олимпиадасы алғаш рет Үндістан елінде өтті Read More »

Erasmus+ бағдарламасының ақпараттық күні өтті

Erasmus+ бағдарламасының ақпараттық күні өтті 2023 жылдың 22 желтоқсанында Алматыдағы Abai University қабырғасында Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасының ақпараттық күні өтті. Аталмыш шараға университетіміздің атынан Халықаралық қатынастар офисінің білікті мамандары қатысты. Сессиялар барысында Erasmus+ жобаларын жүргізіп отырған отандық ЖОО-лар өз тәжірибелерімен бөлісіп, еліміздің барлық өңірінен келген басқа да ЖОО өкілдері арасында  Erasmus+ жобалары бойынша нәтижелі диалог құрылып, …

Erasmus+ бағдарламасының ақпараттық күні өтті Read More »

Mental Health Week шарасы өтті

Mental Health Week шарасы өтті Психологиялық Қолдау Орталығы мен SDU Life студенттік басқарма ұйымы, Ministry of Care & Mental Health және 3 курс педагогика психология студенттері бірігіп 11-15 желтоқсан аралығында Mental Health Week іс-шарасын өткізді. Бір аптаға созылған іс-шара студенттердің емтихан кезіндегі менталдық хәлі ғана емес, қызметкерлердің де жағдайын жақсартуға және оларды қолдауға бағытталды. Арт-терапиялық …

Mental Health Week шарасы өтті Read More »

Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетіне Texas University профессоры келді

Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетіне Texas University профессоры келді Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті, Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында Fulbright бағдарламасымен PhD, Texas University профессоры, STEM бағытының білікті маманы Mourat Tchoshanov екі жарым айлық тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында кафедра оқытушыларына апталық тұрақты семинарлар өткізді, магистранттар мен докторанттарға дәріс оқыды және ғылыми тақырыптары бойынша кеңестер берді. Семинарлар сериясы …

Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетіне Texas University профессоры келді Read More »

БАЙҚАУ: оқу ақысына жеңілдік алу мүмкіндігі

БАЙҚАУ: оқу ақысына жеңілдік алу мүмкіндігі Құрметті құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенттері! SDU University мекемесінің Грант офис бөлімі Сіздерді оқу ақысына жеңілдіктер алу байқауына шақырады. Байқау қиын қаржылық жағдайға тап болған және халықтың әлеуметтік осал топтарына кіретін студенттерге қолдау көрсетуге бағытталған. Конкурсқа қатысуға өтінімді https://forms.gle/qnq7rME5V5EVYboU8 сілтеме арқылы беруге болады. Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі-27 желтоқсан. …

БАЙҚАУ: оқу ақысына жеңілдік алу мүмкіндігі Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content