InDrive жүйесінің негізін қалаушы Арсен Томский SDU төрінде
Бүгін SDU шаңырағына кәсіпкерлік әлеміндегі білікті маман, InDrive жүйесінің негізін қалаушы Арсен Томский келді. Қадірлі қонақты университет ректоры Әлімжан Игенбаев күтіп алып, білім ордасының көрнекті жерлерімен таныстырды.
Бұдан кейін, Арсен Томский студенттермен кездесу өткізіп, өзінің кәсіпкер ретінде жүріп өткен жолы жайлы баяндап берді. Көпшілікке inDriver атауымен белгілі болған тасымалдау қызметі 2022 жылы ребрендинг жасап, InDrive атауына көшкен. Бүгінгі таңда 48 елде қолданысқа енген аталмыш қосымшаны ұялы байланысқа орнату саны 150 миллионнан асқан.
Кездесу барысында кәсіпкер студенттердің көптеген сұрақтарына жауап берді. Шараға жиналған жастар кәсіпкер болып қалыптасудың құпияларын біліп, құрметті қонақтан құнды кеңес алды. Жиын соңында Арсен Томский жалынды жастармен естелік суретке түсіп, университетімізбен танысу барысында ерекше әсер алғанын жасырмады.