Тіркелу аяқталды Тіркелу аяқталды
Олимпиадаға тегін қатысып, 4 жылға грант немесе жеңілдік ұтып ал!
Құрметті қатысушылар!
SPT (SDU Proficiency Test) – биылғы жылдың мектеп және колледж түлектеріне арналған ішкі олимпиада. Негізгі мақсаты – талапкерлерге болашақта мамандық таңдауға көмектесу және түрлі деңгейдегі грант пен жеңілдік беру арқылы қолдау көрсету. Онда әрбір оқушы таңдаған бағыты бойынша өз білім деңгейін көрсете отырып, СДУ-дың 4 жылға жарамды 297 грант немесе жеңілдігіне ие бола алады.
Нақты емтихан уақыт кестесі тіркелген электрондық поштаңызға жіберіледі.
Сілтемеде олимпиада қатысушыларының толық тізімі көрсетілген. Өзіңізді тізімнен Ctrl + F көмегімен ЖСН-іңіздің соңғы 6 нөмірін теру арқылы іздеңіз.
Соңғы 2 жылдағы шекті ұпайларының статистикасын білу үшін форманы толтыру қажет. Сондай-ақ, бонус ретінде SPT тест кітапшаларын алу мүмкіндігі бар.
SPT 2021 Олимпиадасының нәтижелері
Олимпиада ережелері
Биылғы жылы Олимпиада екі кезеңнен тұрады
І кезең - онлайн (50 логикалық сұрақ)
ІІ кезең - офлайн (таңдау пәні бойынша 100 сұрақ)
ІІ кезеңге өткен қатысушылар тізімі ресми веб-сайтта жарияланады және жеке электрондық поштаға жіберіледі.
2 – кезең 12-наурыз күні төменде көрсетілген орталықтарда өтетін болады.
Қала | Орталық атауы | Кластер | Мекен-жайы |
Алматы | SDU University | 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 | Қаскелең қаласы, Абылайхана 1/1 |
Астана | Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицей | 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 | Астана қаласы, Иманбаева 4 |
Карағанды | Достық білім беру орталығы | 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 | Қарағанды қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 37 |
Павлодар | Достық білім беру орталығы | 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 | Павлодар қаласы, Машхур Жусупов көшесі, 189а, 3 қабат |
Қостанай | Достық білім беру орталығы | 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 | Қостанай қаласы, Ал-Фараби қиылысы, 69 |
Көкшетау | Достық білім беру орталығы | 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 | Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 16 |
Өскемен | Мектеп-лицей “Нұрорда” | 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 | Өскемен қаласы, Утепов көшесі, 22/1 |
Семей | Семей Білім Инновация мектебі | 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 | Семей қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 206 |
Атырау | Достық білім беру орталығы | 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 | Атырау қаласы, Ж. Досмухамбетов көшесі, 10а |
Актөбе | “Білім-Инновация” ер балалар лицейі | 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 | Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесі, 263 |
Ақтау | Достық білім беру орталығы | 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 | Ақтау қаласы, 28 ықшам ауданы, 74 |
Орал | Достық білім беру орталығы | 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 | Орал қаласы, Айтиева көшесі, 68 |
Қызылорда | Достық білім беру орталығы | 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8. 9 | Қызылорда қаласы, Байтурсынов көшесі, 48А |
Түркістан | Достық білім беру орталығы | 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 | Түркістан қаласы, Айманова, 1/1 |
Шымкент | Достық білім беру орталығы | 1, 2, 4, 7 | Шымкент қаласы, Қазыбек би, 57 |
Шымкент | “Білім-Инновация” ер балалар лицейі | 3, 5, 6, 8, 9 | Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Адырбеков көшесі, 135 |
Тараз | “Білім-Инновация” ер балалар лицейі | 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 | Тараз қаласы, Сулейменов көшесі, 19 |
Талдықорган | “Білім-Инновация” ер балалар лицейі | 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 | Талдықорға қаласы, Қадырғали Жалайыри даңғылы, құрылыс 43/6 |
- Ақтөбе қаласы қатысушыларының орналасуы
- Алматы қаласы қатысушыларының орналасуы
- Қостанай қаласы қатысушыларының орналасуы
- Павлодар қаласы қатысушыларының орналасуы
- Түркістан қаласы қатысушыларының орналасуы
- Қызылорда қаласы қатысушыларының орналасуы
- Шымкент қаласы (кластер 1, 2, 4, 7) қатысушыларының орналасуы
- Ақтау қаласы қатысушыларының орналасуы
- Атырау қаласы қатысушыларының орналасуы
- Шымкент қаласы (кластер 3, 5, 6, 8, 9) қатысушыларының орналасуы
КЛАСТЕРЛЕР
ҚАЙ ПӘНДЕРДІ ТАҢДАУҒА БОЛАДЫ?
КЛАСТЕР 1: ФИЗИКА
Емтихан:
Физика – 25 сұрақ х 1,0 = 25 ұпай
Математика – 25 сұрақ х 1,0 = 25 ұпай
Ағылшын тілі – 50 сұрақ х 1,0 = 50 ұпай
Барлығы – 100 ұпай
Мамандықтары:
– Математика (педагогика)
– Математика (ғылыми)
– Физика-Информатика
– Статистика және деректер базасы
КЛАСТЕР 2: ГЕОГРАФИЯ
Емтихан:
География – 25 сұрақ х 1,0 = 25,0 ұпай
Математика – 25 сұрақ х 1,0 = 25,0 ұпай
Ағылшын тілі – 50 сұрақ х 1,0 = 50 ұпай
Барлығы – 100 ұпай
Мамандықтары:
– Есеп және аудит
– Қаржы
– Экономика
– Менеджмент
– Маркетинг
КЛАСТЕР 3: ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ
Емтихан:
Химия – 25 сұрақ х 1,0 = 25 ұпай
Биология – 25 сұрақ х 1,0 = 25 ұпай
Ағылшын тілі – 50 сұрақ х 1,0 = 50 ұпай
Барлығы – 100 ұпай
Мамандықтары:
– Химия-Биология
КЛАСТЕР 4: АҒЫЛШЫН ТІЛІ
Емтихан:
Оқу сауаттылығы – 25 сұрақ х 1,0 = 25 ұпай
Дүние жүзі тарихы – 25 сұрақ х 1,0 = 25 ұпай
Барлығы – 100 ұпай
Ағылшын тілі – 50 сұрақ х 1,0 = 50 ұпай
Мамандықтары:
– Шет тілі: екі шет тілі
– Аударма ісі
– Халықаралық қатынастар
КЛАСТЕР 5: ӘДЕБИЕТ
Емтихан:
Оқу сауаттылығы – 25 сұрақ х 1,0 = 25 ұпай
Барлығы – 100 ұпай
Қазақ әдебиеті – 25 сұрақ х 1,0 =25 ұпай
Қазақ тілі – 50 сұрақ х 1,0 = 50 ұпай
Мамандықтары:
– Қазақ тілі және әдебиеті
– Қолданбалы филология
– Журналистика
КЛАСТЕР 6: ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Емтихан:
Қазақстан тарихы – 25 сұрақ х 1,0 = 25 ұпай
Дүние жүзі тарихы – 25 сұрақ х 1,0 = 25 ұпай
Құқық негіздері – 50 сұрақ х 1,0 = 50 ұпай
Барлығы – 100 ұпай
Мамандықтары:
– Қолданбалы құқық
– Халықаралық құқық
– Мемлекеттік басқару құқығы
КЛАСТЕР 7: БИОЛОГИЯ
Емтихан:
География – 25 сұрақ х 1,0 = 25 ұпай
Биология – 25 сұрақ х 1,0 = 25 ұпай
Ағылшын тілі – 50 сұрақ х 1,0 = 50 ұпай
Барлығы – 100 ұпай
Мамандықтары:
– Педагогика және психология
– Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
– Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
– Құндылықтарға негізделген әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
КЛАСТЕР 8: ТАРИХ
Емтихан:
География – 25 сұрақ х 1,0 = 25 ұпай
Дүниежүзі тарихы – 25 сұрақ х 1,0 = 25 ұпай
Ағылшын тілі – 50 сұрақ х 1,0 = 50 ұпай
Барлығы – 100 ұпай
Мамандықтары:
– Тарих
КЛАСТЕР 9: ИНФОРМАТИКА
Емтихан:
Информатика – 25 сұрақ х 1,0 = 25 ұпай
Математика – 25 сұрақ х 1,0 = 25 ұпай
Ағылшын тілі – 50 сұрақ х 1,0 = 50 ұпай
Барлығы – 100 ұпай
Мамандықтары:
– Ақпараттық жүйелер
– Компьютерлік ғылымдар
– Математикалық және компьютерлік модельдеу
– Мультимедиялық ғылымдар
ЖЕҢІМПАЗДАР
SPT ОЛИМПИАДАСЫНДА ҮЗДІК БОЛҒАН СДУ СТУДЕНТТЕРІ
"В 2022 я получил 100% грант по Олимпиаде SPT, кластер ЧОП. В настоящее время являюсь студентом 1 курса специальности прикладное право. Я думаю, что Олимпиада SPT-это большая возможность, так как само участие хорошо улучшает вашу подготовку к ЕНТ, и не только. А если вы еще и выиграете призовое место - это будет большой успех ! Даже если вы передумаете поступать в этот университет и уедете за границу, это останется невероятно большим плюсом для вас. Это связано с тем, что за рубежом высоко ценится получение гранта или каких либо скидок по различным Олимпиадам. Мой вам совет, следуйте вопросам SPT для своей подготовки, они будут отправлены каждому на почту. Это поможет вам понять формат и примерные вопросы олимпиады. Кроме этого, вопросы также могут повторяться. Не упустите эту возможность!"
"2022 жылы SPT олимпиадасына қатысып, сегізінші кластер бойынша білімімді сынаған болатынмын. Нәтижесінде 100% грант иегері атандым SPT олимпиадасы талапкерлер үшін үлкен мүмкіндік. Себебі, олимпиада сұрақтары мектеп деңегейінде құрастырылған. Ең алдымен уайымдамаңыздар, себебі, ҰБТ-ға дайындалған білімдеріңіз керек болады. Қатыс, өкінбейсің, бағыңды сына!"
FAQ
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР ЖАУАБЫ
Олимпиада туралы
Олимпиадаға тек 2023 жылдың 11 сынып мектеп түлектері 11 (12), колледждің соңғы курс студенттері қатыса алады. ЖОО студенттері қатыса алмайды.
Олимпиада сұрақтары мектеп бағдарламасы деңгейіне сәйкес дайындалған.
Жеке куәлік немесе туу туралы куәлік.
Оқу орынан анықтама қажет.
Анықтама үлгісі
SPT олимпиадасы 2 кезеңнен тұрады:
1-ші кезең жеңімпаздары арнайы порталда, онлайн форматтағы логикалық 50 сұраққа жауап беру арқылы анықталады. 1-ші кезең 4 наурыз күні өткізіледі.
2-ші кезеңге жоғары ұпаймен, сәтті өткен талапкерлер ресми sdu.edu.kz сайтында жарияланып, ҚР ірі қалаларында белгіленген тестілеу орталықтарында таңдау пәндері бойынша офлайн форматта тест тапсырады.
IELTS сертификаты қатысушыны ағылшын тілінен босатпайды. Әр қатысушы өз кластеріне қатысты 3 пәнді міндетті түрде тапсыруы керек.
Тіркелуді аяқтағаннан кейін, 3 жұмыс күні ішінде сіздің электронды поштаңызға хат жіберіледі!
Электронды поштаңызға хат келмеген жағдайда “спам” бөлімін мұқият тексеруіңізді сұраймыз. “Спам” бөлігіндегі ақпарат 30 күннен кейін өшеді. ID картаңызды сақтап қоюыңызды сұраймыз.
Жеңімпаздарды анықтау
Міндетті түрде. SPT грант сертификатын қолдану үшін ҰБТ сертификаты бойынша келесі көрсеткіштерге ие болуы қажет. Шекті балл-
Жеңімпаздар ұпай санына қарай анықталады. Үздік нәтиже көрсеткен алғашқы 297 қатысушы жеңімпаз деп табылады.
ЖОО аты | Білім беру бағыты | ҰБТ шекті балл |
SDU University | B009 Математика мұғалімдерін даярлау | 75 |
SDU University | B010 Физика мұғалімдерін даярлау | 70 |
SDU University | B012 Химия мұғалімдерін даярлау | 70 |
SDU University | B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау | 70 |
SDU University | B018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау | 95 |
SDU University | B034 Тарих және археология | 50 |
SDU University | B036 Аударма ісі | 50 |
SDU University | B037 Филология (Қазақ филологиясы) | 50 |
SDU University | B040 Халықаралық қатынастар және дипломатия | 50 |
SDU University | B042 Журналистика және репортер ісі | 50 |
SDU University | B044 Менеджмент және басқару | 50 |
SDU University | B045 Аудит және салық салу | 50 |
SDU University | B046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі | 50 |
SDU University | B047 Маркентинг және жарнама | 50 |
SDU University | B049 Құқық | 50 |
SDU University | B055 Математика және статистика | 60 |
SDU University | B057 Ақпараттық технологиялар | 85 |
Жеңімпаздар ұпай санына қарай анықталады.Үздік нәтиже көрсеткен алғашқы 264 қатысушы жеңімпаз деп табылады.
Жеңімпаз таңдаған кластері, жинаған ұпайы және ҰБТ таңдау пәндеріне сәйкес келетін мамандыққа грант алады. SPT кластері мен ҰБТ таңдау пәндері сәйкес келуі керек.
Иә. Жеңімпаз грантты өз еркімен қолданады. Мемлекеттік грантқа түскен жағдайда мемлекеттік грантты таңдай алады.