Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетіне Patras университетінің профессоры келді
Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті Erasmus+ маман алмасу бағдарламасы аясында Patras университетінің доценті Нектариос Стеллакисті қабылдады.
Қараша айының екінші жартысында келген профессор «Мектепке дейінгі балаларды оқыту» бағдарламасын оқып жатқан студенттерге «Ерте жастағы сауаттылық» тақырыбында дәріс оқыды. Сондай-ақ, профессор оқу бағдарламасын талқылауға және бақылау жұмыстарына қатысты.
Мамыр айында Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқытушысы Erasmus+ тәжірибе алмасу бағдарламасы бойынша Patras университетіне жол тартады.