Математика
(педагогика)
Деңгей
Педагогикалық математика Докторы
Ұзақтығы
3 жыл
ECTS
180
Туыстас мамандықтар
Математика
Математикалық және Компьютерлік модельдеу
Бағдарламаның негізгі мақсаты – білім саласы мен ғылымға қызмет ететін жоғары білікті математика мамандарын дайындау. PhD бағдарламасы математикалық білім берудің ғылыми негіздерін оқыту мен зерттеу жүргізудің жоғары деңгейлі дағдыларын үйретеді. Докторанттар кәсіби маман, бакалавриат пен магистратура бағдарламаларында дәріс беруші ретінде қызмет етуге қажет дағдылар мен оқу әдістерін меңгереді.
Математиканы оқытудың жаңа әдістері – 5 ECTS
Барлығы: 2 ECTS
Егер магистр дәрежесі туыстас мамандық болса, пререквизиттерді тапсырудың қажеті жоқ
Математикалық білім беру саласында алынған арнайы білімді меңгеру деңгейінде білімді пайдалану және қолдану; математикалық білім беру саласына қатысты басқа да пәндер бойынша білімді пайдалану. Математикалық білім беру міндеттерін ғылыми зерттеудің сандық және сапалық әдістерін пайдалана отырып шешімдер ұсыну; математикалық білім беру саласындағы ғылыми зерттеулерге белсенді қатысу; өз міндеттерін орындау, ынтымақтастыққа ашықтық; қоғамдастықта жазбаша және ауызша түрде өз білімдері мен зерттеулерімен алмасу. Шет тілінде жарияланымдарды пайдалану және қолдау, шет тілінде қарым-қатынас жасау және ғылыми жұмыстарды дайындау. Математикалық білім беру саласындағы өз зерттеулерінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды озық деңгейде пайдалану. Математикалық білім беру саласындағы жаңа әзірлемелерді қадағалау және түсіну.
Докторантура түлектерінің алдында жоғары оқу орындарында, зерттеу институттарында, білім беру орталықтарында немесе аралас бағыттағы кәсіпорындарда жұмыс істеу перспективалары ашылуда. Сондай-ақ біздің түлектеріміз математика саласындағы оқу кеңестері мен сараптамалық пікірлерді жүзеге асыру үшін оқытылды. Докторантураны аяқтағаннан кейін, Қазақстан мен әлемнің жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік бар.