ФАКУЛЬТЕТ ЖАЙЛЫ
Бүгінде SDU University-дің Бизнес мектебі – еліміздегі ғылыми және білім беру саласындағы беделді халықаралық мойындалған жетекші бизнес мектептердің бірі. Біз бакалаврларды, магистрлерді және ғылым докторларын дайындау бағдарламаларын ұсынамыз. Бұл бағдарламаларды оқыту мазмұнын үнемі жаңартып отырамыз. Біз ұсынған бағдарламалар бойынша студенттердің ACCA, CIMA және CIM сертификаттарын алуға мүмкіндігі бар. Барлық бағдарлама ағылшын тілінде оқытылатынын ескерсек, академиялық ұтқырлық бағдарламасының арқасында студенттердің біз ынтымақтастықта жұмыс жасайтын әлемнің жетекші университеттерінде халықаралық білім алуға мүмкіндігі бар. Негізгі біліммен бірге студенттердің ой-өрісінің кеңеюіне, шығармашыл тұрғыдан ұтқыр шешімдер қабылдауды үйретеміз. Яғни өмір бойы жаңа идеялар мен дағдыларды іздеуге, теорияны практикамен ұштастыра отырып, кәсіби жолында табысты болуға бағыттаймыз. Түлектеріміз жергілікті және халықаралық компанияларда жоғары сұранысқа ие екендігін мақтана айта аламыз.
МАҚСАТ
Біз бар күшімізді студенттердің дамуына бағыттауға тиіспіз деп сенеміз. Студенттеріміздің уақыты мен күш-жігерін дұрыс бағытта қолданып, тоқтаусыз дамуына ат салысуға тырысамыз. Танымал кәсіпкерлер, көшбасшылар мен көрнекті қызметкерлер бізді өңірдегі ең үздік бизнес мектептердің бірі болуға ынталандырады.
ҚҰНДЫЛЫҚ
Біздің басты құндылығымыз – адам капиталы. Қызметкерлеріміз – оқу және достық орта құруға, адал еңбек етуге ұмтылған әлеуеті жоғары еңбекқор мамандар. Студенттер мен түлектер болып жігерлі, көрнекті, өнімді, шығармашыл және ауызбіршілігі бар команда құруға қадам жасаймыз.
СТРАТЕГИЯ
SDU бизнес мектебінің стратегиясы халықаралықтандыру, инновация және кәсіпкерліктің маңыздылығына басымдық беретін университеттің жалпы стратегиясына сай құрылған. Біз халықаралық сертификаттар мен жоғары білімнің бірлескен бағдарламаларымен жұмыс істеуді көздейміз. Бұл кезекте негізгі бағытымыз – инновация мен кәсіпкерлікте сапалы білім беру. Студенттеріміздің инновациялық және кәсіпкерлік ойлауын қалыптастыруға, компьютерлік сауаттылығын арттыруға, оларға нақты салаға заманауи шолу жасауға және бизнес-әлеует құруға көмектесуге тырысамыз.
Зертханалар
SDU бизнес-мектебі EIKON құрылғыларымен жабдықталған қаржылық технологиялар зертханасының бар екендігін мақтан тұтады. 2019 жылдың 31 сәуірінде бизнес-мектепте ХАҚО ҮКДБ өкілдерінің қатысуымен SDU қаржылық технологиялар зертханасының ашылу салтанаты өтті. ҚТЗ-да студенттерге қолжетімді 25 құрылғы бар. EICON – шынайы уақыттағы акциялар белгіленімдерін қоса алғанда, тәулігіне 24 сағат қаржылық жаңалықтар мен ақпаратты жеткізетінәлемдік жетекші құрылғылардың бірі. Студенттеріміз құрылғыларды тарихи қаржылық ақпаратты, компаниялар статистикасын және орташа нарықтық көрсеткіштерді алу үшін пайдаланады.
Қаржылық технологиялар (FinTech) – SDU Бизнес мектебінің ерекше бағдарламасы. Бұл қаржы мен IT салаларын тоғыстыратын жаңа бірлескен бағдарлама. FinTech қаржылық қызметтерді ұсыну мен пайдалануды жақсарту мен автоматтандыру, қаржыдағы озық технологияларды анықтауды үйретуге бағытталған. Мамандар ірі компанияларға, бизнес иелері мен тұтынушыларға арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Бизнестің қаржылық операциялары мен процестерін интерактивті режимде басқаруға көмектесуді көздейді. Бағдарлама түрлі салада тәжірибемен сүйемелденетін Python, қаржы саласындағы жасанды интеллект, Big Data, Blockchain, Data mining сияқты технологиялық инструменттермен қатар нақты қаржылық зерттеулерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бағдарламаның мақсаты – жергілікті және жаһандық нарықтарда туындайтын бизнес-мүмкіндіктер мен міндеттерді шешу үшін маркетинг бойынша мамандар даярлау. Студенттер заманауи маркетингтік білім мен дағдыларды меңгереді. Бағдарлама маркетинг бойынша дәстүрлі курстар (маркетинг негіздері, маркетингтің өзекті ережелері, тұтынушылардың мінез-құлқы, маркетинг зерттеулері, жеке сату және басқару сатылымдары, қызметтер маркетингі, маркетингтік коммуникациялар, нейромаркетинг), сондай-ақ сандық маркетинг бойынша курстар (сандық маркетинг, әлеуметтік желілердегі маркетинг, сандық жарнама стратегиясы, веб-маркетингтегі жасанды интеллект және компьютерлік оқыту) және еңбек нарығындағы болашақ маркетологтардың бәсекелестік артықшылықтарын нығайтуға қажетті басқа да пәндерді қамтиды.
SDU Денсаулық, саясат және менеджмент орталығы білім деңгейін көтеру және қазақстандық денсаулық сақтау секторының менеджерлерге, ғалымдарына және басшылық лауазымдардағы адамдарға сараптамалық білім беру мақсатында SDU University-нің Бизнес мектебінің негізінде құрылған.
Орталық туралы толық ақпарат келесі сілтемеде.