Деңгей
Тарих және мемлекеттік басқару саласындағы гуманитарлық ғылымдар бакалавры
Ұзақтығы
4 жыл
Грантқа түсу шекті балл
75
Ақылы бөлімге түсу шекті балл
75
ECTS
240
Талап етілетін ағылшын тілі деңгейі
Талап етілмейді
Бұл бағдарламаның мақсаты бүгінгі нарық жүйесінің стандарттарына сәйкес кәсіби білім беру арқылы педагогикалық үдерісті сапалы ұйымдастыратын, тарихты оқыту мен зерттеуде педагогикалық-инновациялық технологияларды толыққанды меңгерген, ұлттық құндылықтар мен тарихи сананы қалыптастыру мақсатында жастардың психологиялық ерекшеліктері мен қажеттіліктерін сараптауды меңгерген кәсіби біліктілігі жоғары тарихшы маман даярлау.
Кәсіби құзіреттілігі:
- Қоғамның даму үдерісінің тарихи заңдылықтарын талдай отырып, қоғамда орын алып жатқан жәйттардың тарихи себептерін анықтай алады;
- Тарихи сананы қалыптастыру және тарихи-мәдени дәстүрлерді насихаттауда тарихшы-оқытушы ретінде ғылыми ақпарат жинауды, талдауды үйренеді;
- Қазіргі заманғы қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды меңгереді;
- тарихты тұтастық концепциясы тұрысынан оқытуды меңгереді;
- Мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру арқылы өз ойы мен пікірін жеткізе білу, диалог құрудың дағдыларын қалыптастырады;
- Басқарушы-ұйымдастырушылық қабілеттерін, психологиялық, пәндік және әдістемелік білім жүйесімен түсінігін кәсіби деңгейде практикада қолдануды және тарихты жас ерекшеліктеріне негіздеп оқыту әдістерін меңгереді;
- Қазақстан аймағындағы ежелгі және орта ғасырлық мемлекеттердің тарихын оқыту барысында, деректерді түп нұсқадан оқиды және тақырыпқа сай тарихи материал ретінде қолдана алады.
- Мемлекеттердің саяси және әлеуметтік тарихын оқытуда ХХІ ғасырдың ғаламдық мәселелері тұрғысынан талдап оқытуды меңгереді.
Тілдік құзыреттілігі:
- Білім беру бағдарламасының үш тілде білім беру жүйесіне сәйкес үзіксіз оқыту негізінде қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін терең меңгергеді және мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырады;
- Оқытушлардың жекеленген пәндерді шетел (түрік, ағылшын) тілдерінде өткізуібілімгердің тілдік білімінің тереңдеуіне, кәсіби ізденіс аясының кеңейуіне жаңа зерттеуіне мүмкіндік береді.
Педагогикалық құзіреттілігі:
- Тарихты оқыту мен оқуда жаңартылған бағдарламаға негізделген кәсіби педагогикалық шеберлігін дамытады;
- Педагогикалық психология ерекшеліктерін меңгереді және практикада қолдана алады;
- Е-learning электрондық оқыту жүйесінде оқу-педагогикалық қызметті жүзеге асыра біледі;
- Қазақстан тарихын зерделеу мен оқытудағы тұжырымдамалық тәсілдерді меңгереді.
Зерттеушілік құзіреттілігі:
- Қоғамдық ғылымдардағы өзекті мәселелерді анықтайды және пәнаралық зерттеуге біртұтас концептуалды көзқарас қалыптастыру жолдарын үйренеді
- Мектепте тарих пәні бойынша жобалық-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және басқаруды үйренеді
- Жалпы білім беретін білім беру орындарында (NIS, Дарын, Нұр Орда, лицей, гимназия және т.б.) жоғарғы сұранысқа ие ағылшын тілдерінде сабақ беретін тарих пәні мұғалімі;
- Білім беру саласында оқу ісі, ғылыми және тәрбие жұмыстары бойынша әкімшілік қызметкер;
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында гуманитарлық пәндер мұғалімі;
- Арнайы оқу орталықтары мен орта мамандандырылған колледждер де оқытушы;
- Достық, Арай т.б Білім беру орталықтарында «Тарих»пәні бойынша куратор;
- Магистрлік, PhD докторлық деңгейді отандық немесе шетелдік ЖОО-да жалғастыру мүмкіндігі және ЖОО-да тарих мамандығы бойынша ғылыми педагогикалық қызметін жалғастыру мүмкіндігі;
- Ғылыми зерттеу институтары мен орталықтарында ғылыми қызметкер