Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультетінде SHECODES сайысы өтті
Жақында SDU қабырғасында бағдарламалау бағыты бойынша қыздарға арналған SheCodes сайысы өтті. Бұл шараны ACM WOMAN lab инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультетінің студент қыздарын шабыттандыру және қолдау мақсатында ұйымдастырды. Жарысқа 50-ден астам студент қатысып, өздерінің білімдерін, бағдарламалау және есептерді шешу дағдыларын көрсетті.
Бұл жарыстың демеушісі мобильді қосымшаларды, коммерциялық сайттарды, автоматтандыру жүйелерін және басқаларын дамытатын Elefanto компаниясы болды. Сондай-ақ семинарлар өткізіліп, спикер ретінде SDU түлегі Наргиза Сиябекова, Home Credit банкінің жүйелік талдаушысы, сондай-ақ осы жазда Google-да тағылымдамадан өткен Мөлдір Андирбекова сөз сөйледі. Спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларды ынталандырды.
Тартысты дода көпшіліктің көңілінен шықты, әсіресе студенттердің қызығушылығы ерекше болды. ACM WOMAN lab ұйымдастырған бұл сайыс жоғары деңгейде өтіп, жастардың білімге деген құштарлығын арттыра түсті.