Құқық және Әлеуметтік ғылымдар бойынша халықаралық конференция

Өзгермелі Еуразия Ладшафтындағы Құқық, Медиа, Қоғам, Геоэкономика және Саясат
Сәуір 24-25, 2023

Шолу

КОНФЕРЕНЦИЯ ЖАЙЛЫ АҚПАРАТ

Еуразияда (Ауғанстан, Таулы Қарабақ, Тайвань және Украина және т.б.) болып жатқан дағдарыстардың, шиеленістердің және қақтығыстардың салдары көптеген күрделі деңгейлерге, соның ішінде еуразиялық мемлекеттердегі құқық, медиаға, қоғамға және саясатына әсер етуде. Құқық және әлеуметтік ғылымдардың 2023 жылғы конференциясы еуразиялық аймаққа және Орталық Азия елдеріне әсер ететін өзгерістердің салдарын ашу үшін еуразиялық ландшафта болып жатқан өзгерістерді концептуализациялауға бағытталған.  Конференцияның бірінші күні Еуразиядағы негізгі өзгерістерге арналса, екінші күні Орталық Азиядағы интеграцияның қайта жандану мүмкіндіктері талқыланады.  Конференция Еуразиядағы өзгерістердің елдегі, еуразиялық және халықаралық деңгейдегі құқық, масс-медиаға, қоғамға және саясатқа қалай әсер екендігі тезистер мен баяндамаларды күтеді.

Халықаралық және жергілікті университеттердің, зерттеу институттарының және басқа да кез-келген мекемелердің зерттеушілерін конференцияға шақыруға куана шақырамыз. Бұл іс-шара кезінде танымал спикерлер мен зерттеушілер, түрлі баяндама түрлі баяндама, панельдік пікірталастар жүргізеді.

Толығырақ

ТАҚЫРЫПШАЛАР

  • Еуразиялық интеграция және/немесе дезинтеграция
  • Орталық Азияның өзара байланысы
  • Геоэкономика
  • Жеке құқық
  • Халықаралық құқық
  • IT Law 
  • Медиа және демократизация
  • Датаға негізделген медиа
  • Гендер, көші-қон, адам құқықтары және масс-медиа қиылысуындағы зерттеулер 

АҚЫЛДАСТАР ЖӘНЕ РЕЦЕНЗЕНТТЕР АЛҚАСЫ

  1. Әлімжан Игенбаев, СДУ ректоры
  2. Андрей Богданчиков, Ph.D., СДУ академиялық істер жөніндегі проректоры
  3. Қайрат Молдашев, Ph.D., СДУ ғылым жөніндегі проректоры
  4. Мадияр Саудбаев, ассистент профессор, Ph.D., құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
  5. Айзада Нуридденова, ассистент профессор, Ph.D., әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі
  6. Айжан Көпбаева, ассистент профессор, Ph.D., құқық кафедрасының меңгерушісі
  7. Ғалым Жүсіпбек, СДУ қауымдастырылған профессор, Ph.D.
  8. Шатлық Аманов, ассистент профессор, Ph.D.
  9. Асылзат Қарабаева, ассистент профессор, Ph.D.
  10. Әсел Қамза,ассистент профессор, Ph.D.
  11. Еркебұлан Сайрамбай, ассистент профессор, Ph.D.
  12. Ғайни Серім, ассистент профессор, Ph.D.
  13. Ерғали Исақұлов, аға оқытушы
  14. Азамат Тілеуев, аға оқытушы
  15. Бақытжан Шеңгелбаев, Ph.D.,  заң мектебінің аға оқытушысы, KIMEP университеті
  16. Рустам Атаджанов,  ассистент профессор, Ph.D. заң мектебінің декан орынбасары, KIMEP университеті
  17. Сұлтан Сахариев, заң факультетінің аға оқытушысы, KIMEP университеті
  18. Әлия Маралбаева, Ph.D., халықаралық және бизнес құқығы департаменті, Ала-Тоо университеті (Қырғызстан)
  19. Жылдыз  Тегізбекова, Ph.D., халықаралық және бизнес құқығы департаменті, Ала-Тоо университеті (Қырғызстан)
  20. Хадича  Юнусова, Ph.D., халықаралық және бизнес құқығы департаменті, Ала-Тоо университеті (Қырғызстан)
  21. Бекчоро  Алиаскаров, Ph.D., халықаралық және бизнес құқығы департаменті, Ала-Тоо университеті (Қырғызстан)
  22. София Батт, Жоғары білім жөніндегі халықаралық кеңесші

толығырақ

ҮЙЛЕСТІРУШІЛЕР

БАС ҮЙЛЕСТІРУШІ:

Берікбол Дукеев, Ph.D, Ассистент профессор және Ғылым бойынша координатор, Құқық және әлеуметтік ғылымдар Факультеті

КӨМЕКШІ ҮЙЛЕСТІРУШІ:

Жанель Сабирова, оқытушы көмекші

НЕГІЗГІ СПИКЕРЛЕР

АНВАР АЛАМ

Анвар Алам Ph.D  Нил университетінің (Абуджа, Эфиопия) Саясаттану және халықаралық қатынастар факультетінің қауымдастырылған профессоры және Саясат перспективалары қорының құрметті қызметкері, Нью-Дели. Ол Джамия Миллия Исламия университетінің Батыс Азияны зерттеу орталығының профессоры және директоры, Нью-Делидегі Джавахарлал Неру университетінің халықаралық зерттеулер мектебінің Батыс Азия зерттеулері орталығында қауымдастырылған профессор және    Алигарх мұсылман университетінде (Алигарх) Саясаттану кафедрасының ассистент-профессоры қызметін атқарды.

Толығырақ...

ЭЛИРА ТУРДУБАЕВА

Элира Турдубаева Ph.D. Қырғызстан-Түркия Манас университетінің журналистика және коммуникациялар мамандығы бойынша PhD доктор иегері. Элира ханым бірнеше университеттерде жұмыс істеді, соның ішінде Орталық Азиядағы Америка университетінің журналистика және масс коммуникациялар кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды. Ол сонымен қатар Қырғызстандағы жаңа стартап онлайн университетінің және Қырғызстан коммуникациялар қауымдастығының негізін қалаушы. Қазіргі уақытта Қырғызстандағы Халықаралық Ала-Тоо университетінің журналистика және масс коммуникациялар бағдарламасының жетекшісі. Оның зерттеулері медианы қолдану, саяси қатысу және медиа, сайлау науқанын талдау, наразылықтар мен әлеуметтік медиа, әлеуметтік медианы пайдалану, желіні талдау, жаңа медиа зерттеулері, ақпараттық коммуникациялық технологиялар және жастар, үгіт-насихат талдауы, гендерлердің репрецентациясы, журналистік білім беру, медиа және миграция, медиа және белсенділік, Орталық Азиядағы бақылау технологиялары және privacy, hate speech және әлеуметтік медиа және т.б. Мәселелерді қарастырады. Элира ханым “Mapping the Media and Communication Landscape of Central Asia” кітабының бірлескен редакторы.

Толығырақ...

ЖЫЛДЫЗ ТЕГІЗБЕКОВА

Жылдыз Тегізбекова, Ала-Тоохалықаралық университетінінде (Қырғызстан) заңғылымдарының докторы, құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры,кибер қауіпсіздік орталығының бірлескен үйлестірушісі; Нәрікбаев атындағы ҚазГЮУ университетінің профессоры. Профессор Тегізбекова киберқұқық, цифрлық құқықтар, халықаралық жарияқұқық және тұрақтыдаму бойынша курстар жүргізеді. 2022 жылдың мамыр айынан бастапол Emerging Markets International (Бельгия) компаниясына заңгер сарапшысы ретінде қосылды. Оның ғылыми қызығушылығына халықаралы ққұқық, тұрақты даму, инвестиция, адам құқықтары, зияткерлік меншік, ақпарат және көлік құқығы кіреді. ПрофессорТегізбекова халықаралық және ұлттық жобаларда жұмыс істейді, заңгерлік тәжірибеде тәжірибесі бар; 12-жылда настамавиациялық құқық саласында (жаңа технологиялар менинновацияларды енгізумен тығыз байланысты сала) жұмыс істейді. 2018-2019 жылдары профессор Тегізбекова Деполь университетінің (АҚШ) жанындағы Чаддик институтында Фулбрайт профессоры ретінде Орталық Азиядағы авиациялық қауіпсіздік ережелерін зерттеді. Профессор Тегізбекова Қырғызстандағы Мәліметтерді қорғау агенттігінің Мемлекеттік консультативтік кеңесінің мүшесі.

Толығырақ...

МАЙГҮЛ ӘБІЛОВА

Майгүл Әбілова – заң ғылымдары бойынша PhD, СДУ қауымдстарылған профессоры. Ғылыми қызығушылықтары: Халықаралық жеке құқық, халықаралық арбитраж, азаматтық құқық. Ол 36 жарияланымның, оның ішінде «Қолданылатын құқықты анықтау: теория және практика мәселелері» тақырыбындағы монографияның авторы. Ол заңгер ретіндегі практикалық жұмысын ғылыми-педагогикалық қызметпен ұштастырып келеді.

Толығырақ...

ЭДВАРД МОРГАН

Эдвард Морган – 2023 жылғы Фулбрайт стипендиаты, Бішкек, Қырғызстан, Ала-Тоо халықаралық университетінде (AIU) орындаушылық тіл әдістері арқылы ағылшын тілін және AIU мен Орталық Азиядағы Америка университетінде студент журналистер үшін Creative Storymaking пәнін жүргізеді. Морган мырза АҚШ пен шетелдегі 20-дан астам университеттерде қонақ артист және/немесе оқытушы болған. 2019 жылы Софиядағы Жаңа Болгар университетінде Фулбрайт стипендиаты болған. Ол марапатқа ие болған театр режиссері және драматург және АҚШ-тағы, Үндістандағы, Коста-Рикадағы және Доминикан Республикасындағы театрлар мен фестивальдерде жұмыс істеді. Олсондай-ақ дәрістер оқып, семинарлар өткізді, кейбір тақырыптары: Көшбасшылық және тіл, Жаһандық тілдер орталығы, Джиндал университеті (Сонипат, Үндістан); Language & Learning, Instituto ELI (Сантьяго, Доминикан Республикасы); Көшбасшылыққа арналған тренингтер, State Farm Insurance (Бруклин, Нью-Йорк) жәнеКовид пен дағдарысқа жауап беру, Форд мемлекеттік саясат мектебі (Мичиган штаты). Морган мырза бірнеше журналдар мен газеттерде мақалалар жариялады. Ол Цирк дю Солей үшін кастинг серіктесі, Милуоки репертуарлық театрында көркемдік жетекшінің орынбасары және әртүрлі аймақтық театрларда кәсіби актер болды. Ол тәуекел тобындағы жасөспірімдерге шығармашылық сауаттылықты үйретті, түрмеде театрды басқарды және Аппалачиядағы жазғы лагерьді басқарды.

Толығырақ...

СОФИ ДИАПЕГРУМ

Софи ДиаПегрум – Fulbright-National Geographic – марапатқа ие болған деректі кинорежиссер және визуалды антрополог. Ол эфемерлік өнер/ғылым ынтымақтастықтары, тау және түр аралық мәдениеттер және жартылай көшпелі өмір салты туралы фильмдер түсірген. Ол сонымен қатар әртүрлі пікірлер мен оқиғаларға бағытталған бірнеше деректі фильмдер түсірді. Aiming High — Қырғызстанның алғашқы жер серігін ұшыруды мақсат еткен жас әйел ғалымдар тобының тәжірибесін хроникамен сипаттайтын және поэтикалық тұрғыдан мазмұндайтын киноэтнографиялық жоба. Шығармашылық регистрді зерттей отырып, осы фильм технологиядағы андроцентризімді бағалауға қатысты сұрақтарды зерттеуге бағытталған.

Толығырақ...

КАРЕСС ШЕНК

Карес Шенк – Назарбаев Университетінің саясаттану бойынша қауымдастырылған профессоры, Еуразиядағы иммиграция және ұлттық бірегейлік саясаты бойынша оқытушылық және зерттеу тәжірибесіне ие. Профессор Шенк Why Control Immigration? Strategic Uses of Migration Management in Russia (Иммиграцияны неге бақылау керек? Ресейдегі көші-қонды басқаруды стратегиялық қолдану) атты кітабы 2018 жылы Торонто университетінің баспасынан жарық көрді. Қазіргі уақытта ол COVID-19 пандемиясы кезінде Қазақстандағы мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасқа және Украина соғысының Қазақстандағы ұлттық бірегейлікке әсері туралы ғылыми жобалармен жұмыс істейді. Доктор Шенк Еуразиядағы зерттеулер мен қауіпсіздіктегі жаңа тәсілдер бағдарламасының (PONARS Eurasia) мүшесі және CoronaNet зерттеу жобасының бас ғылыми қызметкері. Оның жұмысы International Migration Review, Post-Soviet Affairs және Europe-Asia Studies журналдарында жарияланған.

Толығырақ...

ДИАНА КРУЗМАН

Диана Крузман –фриланс журналист (АҚШжәне қазір ол Қырғызстанның Ош қаласында зерттеулермен айналысуда.  Ол АҚШ және халықаралық аудитория үшін Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі және қоршаған орта мәселелері туралы жазуға маманданған. Оның мақалалары The New York Times, The Christian Science Monitor, Vice, Grist, Gizmodo және The New Humanitarian сияқты танымал басылымдарда жарық көрді, онда ол дін, урбанизация және адам құқықтары сияқты тақырыптарды қамтыды. Диана Крузманның Албания, Үндістан, Қырғызстан және Египет сияқты үлкен халықаралық тәжірибесі бар. Оның мақалалары климаттың өзгеруінің Орталық Азиядағы улы қалдықтарға әсері және су бөгеттерінің жағалау эрозиясына әсері туралы баяндайды. Оның Фулбрайт гранты арқылы қаржыландырылған қазіргі жобасы климаттың өзгеруі Қырғызстанның оңтүстігінде және үлкен Ферғана алқабында ауыл шаруашылығы инновацияларына қалай ықпал ететінін зерттеуге бағытталған. 2021 жылы Диана Крузман Нью-Йорк университетінде журналистика және Таяу Шығыс зерттеулері бойынша магистр дәрежесін алды.

Толығырақ...

СЕКЦИЯЛАР

МАҚАЛА / КЕҢЕЙТІЛГЕН АННОТАЦИЯ ЖІБЕРУ ТАЛАПТАРЫ

Авторлар 250 сөздік абстрактілерін 21 наурыз 2023 жылға дейін жібере алады. Абстрактілердің қабылдануы не қабылданбауы туралы ақпарат 5 жұмыс күнінің ішінде авторға хабарланады.
Авторларға толық мақала (3500-4000 сөз) немесе кеңейтілген аннотация (1500 сөз) жіберу мүмкіндігі беріледі. Барлық мақалалар мен кеңейтілген аннотациялар рецензиялау комитетінде қаралады және қабылданған жағдайда конференция жинағына енгізіледі. Мақалалар/кеңейтілген аннотациялар зерттеудің өзіндік ерекшелігі, нақты әдістемесі, теориялық негіздері және оның зерттеу саласына қосқан үлесі негізінде бағаланады. Кеңейтілген аннотациялары қабылданған қатысушылар толық мақала жіберу мүмкіндігіне ие болады.

Мақала құрылымы

  • Кіріспе (зерттеу сұрағы, мақсаты қамтылуы тиіс)
  • Зерттеу әдістемесі
  • Теориялық негіздеме (қолданылған жағдайда)
  • Нәтижелерді талқылау
  • Қорытынды
  • Әдебиеттер тізімі

Мақала талаптары

  • Мақала көлемі: 3500-4000 сөзден кем емес (тақырып, авторлар туралы мәлімет, аннотация, кілт сөздер және әдебиет тізімін қоспағанда)
  • Аннотация: 150-250 сөз
  • Кілт сөздер: 5-6 сөз
  • Шрифт: Times New Roman 
  • Өлшемі: 12
  • Жоларалық интервал: бір
  • Туралау: ені бойынша түзетілген
  • Азат жол: 1,25 см (Tab)
  • Жиектері: барлық жағынан 2 см
  • Мәтін ішіндегі сілтеме: жақша ішінде бірінші автор, жарияланым жылы: бет(тер) саны 
  • Әдебиеттер тізімін рәсімдеу стилі: ГОСТ 7.1-2003 “Библиографическая запись. Библиографическое описание. Общие требования и правила составления” (үлгіні қараңыз)
  • Ағылшын және өзге де шет тіліндегі әдебиеттерді рәсімдеу стилі: APA Style (https://apastyle.apa.org/)
  • Файл типі: MS Word

Кеңейтілген аннотация құрылымы

  • Кіріспе (зерттеу сұрағы, мақсаты қамтылуы тиіс)
  • Әдістеме
  • Нәтижелерді талқылау
  • Қорытынды
  • Әдебиеттер тізімі

Кеңейтілген аннотация талаптары 

  • Аннотация көлемі: 1500 сөз (тақырып, авторлар туралы мәлімет, аннотация, кілт сөздер және әдебиет тізімін қоспағанда)
  • Кілт сөздер: 5-6 сөз
  • Шрифт: Times New Roman 
  • Өлшемі: 12
  • Жоларалық интервал: бір
  • Жиектері: ені бойынша түзетілген
  • Азат жол: 1,25 см (Tab)
  • Жиектері: барлық жағынан 2 см
  • Мәтін ішіндегі сілтеме: жақша ішінде бірінші автор, жарияланым жылы: бет(тер) саны 
  • Әдебиеттер тізімін рәсімдеу стилі: ГОСТ 7.1-2003 “Библиографическая запись. Библиографическое описание. Общие требования и правила составления” (үлгіні қараңыз)
  • Ағылшын және өзге де шет тіліндегі әдебиеттерді рәсімдеу стилі: APA Style (https://apastyle.apa.org/)
  • Файл типі: MS Word

Академиялық адалдық

Конференцияға тапсырылған мақалалар бұрын басқа жерлерде жарияланбаған болуы тиіс. Сәйкесінше, плагиаттыққа жол берілмеуі қажет. Егер автордың плагиаттыққа жүгінгені анықталса, мақала автоматты түрде қабылданбайды. 

Ақылдастар кеңесі конференцияның тақырыбына, ғылыми стандартқа немесе техникалық талаптарға сай келмейтін материалдарды қабылдамау құқығын өзінде қалдырады.

толығырақ

МАҢЫЗДЫ ДАТАЛАР

21 наурыз, 2023

Тіркелу және 250 сөздік абстракт жіберудің соңғы күні (Абстракт жіберліген күннен бастап рецензеттерге жіберіліп қабылдануы және қабылданбауы туралы авторға  5 жұмыс күнінің ішінде хабарланады)

21 наурыз, 2023
21 сәуір, 2023

Конференцияның қорытынды бағдарламасы жарияланатын күн

21 сәуір, 2023
24-25 сәуір, 2023

Конференция секциялары

24-25 сәуір, 2023
26 сәуір, 2023

Конференцияның студенттер секциясы

26 сәуір, 2023

СЕРІКТЕСТЕР

Previous
Next

ӨТУ ОРНЫ

Сүлейман Демирел университеті

КОНФЕРЕНЦИЯ ТІЛДЕРІ

Ағылшын, қазақ, орыс

ТІРКЕЛУ ФОРМАСЫ

Профессорлық-оқытушылар құрамын (профессорларды) қолдау

Ғылыми-зерттеу тағылымдама бағдарламасын қолдау. Профессорлық-оқытушылар құрамы академиялық бағдарламаны әзірлейді және университетте ғылыми зерттеулер жүргізеді. Осы бағдарлама аясында СДУ профессорлық-оқытушылар құрамына шетелде ғылыми зерттеулермен айналысуға мүмкіндік береді. Сіздің қайырмдылық көмегіңіз ұшуға, тұруға және ай сайынғы еңбекақысының 6 айдан 1 жылға дейін өтейді. СДУ сондай-ақ шетелден келген профессорларды жергілікті оқытушылар мен студенттермен өз білімдері мен тәжірибелерін бөлісуге шақырады.
 “Жас маман”бағдарламасын қолдау. “Жас маман” бағдарламасы СДУ үздік түлектерін іріктеу және оқытушылардың ассистенті ретінде академиялық мансабының бастапқы кезеңінде оларға көмек көрсету арқылы университеттің адами капиталын дамытуға бағытталған. Жас мамандар шетелде докторлық дәреже алуға және беделді университеттерде бай ғылыми зерттеу тәжірибесін алуға ынталандырылады. Оқытушылардың ассистенттері профессорлық-оқытушылық құрамнан стипендиялар мен кәсіби кеңестер алады.

Университетті қолдау

СДУ кампусы студенттердің білім беру және сауықтыру іс-шараларын өткізу үшін орталық орын болып табылады. Университет жаңа объектілерді салу және бар объектілерді елеулі жаңарту жолымен өзінің базалық инфрақұрылымын жаңартуға ұмтылады. Бұл ғимараттар, жолдар, коммуналдық қызметтер, аумақтық және ландшафтық дизайн, студенттік тұрғын үй және университет миссиясына толық қолдау көрсету үшін қажетті ақпараттық технологиялар ресурстары кіреді. Сондай-ақ, заманауи кітапханалық ресурстарды және ғылыми-зерттеу мекемелерін, жабдықтар мен технологиялық құралдарды қолдаудың маңызы зор.

Дарынды студенттерді қолдау

Бұл бағдарлама көрнекті студенттерге, олардың әл-ауқатына қарамастан арналған. Бағдарламаға лайықты студенттер белгілі академиялық және әлеуметтік жетістіктерді көрсетуі тиіс. Бұл бағдарлама толық немесе ішінара гранттар беру немесе жатақханалық орын беру арқылы студенттердің кәсіби және жеке дамуына ықпал етуге арналған. Грантты оның барлық әрекет ету мерзімі ішінде сақтау үшін алушы әр семестр белгіленген ең төменгі орташа ұпайға сәйкес келуі тиіс.

FAQ

Question? Contact us! infomatrix@sdu.edu.kz

Since Infomatrix Asia is an international project competition and current lingua franca is English language, we decided that everything(documentation, presentation, submission) will be in English.

Starting from this year, participation doesn’t give opportunity get max at ENT.

All participants who study at secondary school must participate with their supervisors. Due to the security concerns of the participants.

Mail to infomatrx@sdu.edu.kz (Only technical questions)

Look carefully at category requirements, but common thing is: great presentation, clear documentation, completed project, short video demonstrating your knowledge of English Participants from Kazakhstan should have participated on regional, city, republic project competitions before.

Infomatrix Asia is an independent competition. Therefore, you are free to submit your project to any other competitions.

The participation fee is a required fixed cost that covers: transportation, medals, t-shirts, certificates, food, lodging and so on…

Accomodation

We are inviting participants to stay in our comfortable and modern “Student House” located on the territory of SDU.

The student house of Suleyman Demirel University offers students not only accommodation and meals on the territory of the Smart Campus during their studies, but also the opportunity to improve their social skills and strengthen international relationships.

Do you need help? Contact us!  infomatrix@sdu.edu.kz

Бонус ұпай қалай жинауға болады?

Қатысушылардың Instagram желісіндегі парақшасында SPT олимпиадасы туралы қызықты әрі креатив пост жариялау арқылы 1-ден 5-ке дейін бонус ұпайға ие болу мүмкіндігі бар. Пост сурет, мәтін немесе видео сияқты кез келген форматта бола алады.

Шығармашылық шектеу жоқ, қиялыңа ерік бер!
Арманыңды жаз, әңгіме құрастыр, видео түсір, достарыңа мотивация бер,  оларды да қатысуға шақыр!

Бұл – тіпті қосымша 0,5 ұпайдың грант иесі атануда шешуші рөл атқара алатын тұсы. Сондықтан мұндай тамаша мүмкіндікті міндетті түрде пайдалануға кеңес береміз.

Шарттары:

  • Қызықты және креативті пост жариялау (мәтін 50 cөзден кем емес, қатысышының өз атынан жазылады)
  • Cуретте @sdukz белгілеу (tag)
  • Хэштег – #spt2020 #sdukz
  • Пост соңында аты-жөнін, кластер мен ЖСН соңғы 6 цифрін хэштег арқылы көрсету (мысалы, Ахметов Айбек, #Кластер5, #123456).
  • Қатысушы парақшасы 10 наурызға дейін ашық болуы керек.

*Посттарды олимпиада ұйымдастырушылары былай бағалайды (жалпы ереже):

▫️1 ұпай:
— Пост жарияланған, талаптарға сай;
▫️2 ұпай:
— Мәтіні өте жақсы жазылған пост;
▫️3 ұпай:
— сапалы түсірілген және монтаждалған видео-пост;
▫️4 және 5 ұпай:
— Көп қаралым жинаған, лайк пен комментарий саны көп сапалы пост. 

Алайда баға беруші посттың сапасына көбірек қарайды. Яғни, тек қана мәтінмен-ақ +5 балл алу мүмкіндігі де бар. Немесе керісінше, көп лайк жинаған пост сапасыз болғандықтан 1 ұпай ғана жинауы мүмкін.

Посттар онлайн тіркелу аяқталғанға дейін қабылданады.

Реквизиты

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: