Игенбаев Әлімжан Бекежанұлы
Ректор
Бүгінгі таңда Қазақстанда жаңа формацияның мамандары бұрынғыдан да сұранысқа ие болғандықтан, уақытттың қарқынды дамуына байланысты, менеджерлер болып жатқан өзгерістерге тез және икемді жауап беруі қажет. Білім беру саласындағы әлемдік тәжірибе университеттің экономикалық, әлеуметтік және қоғамдық өмірінде болу қажеттілігін көрсетеді. SDU University – ағылшын тілінде оқытылатын алғашқы жоғарғы оқу орындарының бірі. Бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларында 8000-нан астам жастар білім алуда. Болашақта бұл жастар біздің қоғамға инновациялар енгізумен айналысады. Біз 27 жылдан астам уақыт бойы IT және инженерия, педагогика, құқық және әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласында сұранысқа ие мамандарды даярлап келеміз және халықаралық әріптестермен, академиялық институттармен және бизнеспен ынтымақтастықта даму перспективаларын көріп келеміз.
Бұдан былай, индустрия қатысушылары, кадрлар даярлайтын кәсіпорындар иелері және басшыларымен кері байланыс SDU University мекемесінің қарқынды дамуының маңызды элементі болып табылады.
БІЛІМІ
- 2000-2004 жж. – Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті – “Физика және информатика” мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі, үздік диплом;
- 2011-2013 жж. – Қырғызстан Халықаралық Университеті – менеджмент магистрі;
- 2018-2019 жж. – Астана Халықаралық Университеті – физика пәні білім магистрі.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ
- 2004-2006 жж. – Шымкент қаласы облыстық дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты – физика пәні мұғалімі және оқу ісі меңгерушісі;
- 2006-2008 жж. – Қызылорда облысы дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты – директоры;
- 2008-2008 жж. – Шымкент қаласы облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты – директоры;
- 2008-2011 жж. – Павлодар қаласы облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты – директоры;
- 2011-2015 жж. – Өскемен қаласы ШҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейі – директоры;
- 2015-2016 жж. – Халықаралық Нұрорда мектебі – директордың инновациялық жобалар кеңесшісі;
- 2016-2019 жж. – USTAZ PLC кәсіби жетілдіру орталығы – директоры;
- 2019-2021 жж. – Астана Халықаралық Университеті – вице-президенті;
- 2021-2022 жж. – “Білім Орда” ХҚҚ – президенті;
- 2022 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Сулейман Демирель атындағы университеті – ректоры.