Деңгей
Педагогика бакалавры
Ұзақтығы
4 жыл
Грантқа түсу шекті балл
100
Ақылы бөлімге түсу шекті балл
80
ECTS
240
Талап етілетін ағылшын тіл деңгейі
B1 (Intermediate)
Бағдарлама химия және биология саласындағы кең базамен қамтамасыз етеді, бұл сыни ойлауды, ғылыми зерттеу жүргізуді және проблемаларды аналитикалық негіздемелердің шешуге мүмкіндік береді. Есептеу және талдаудың заманауи тәсілдерін меңгерген білікті оқытушылар заманауи оқу технологияларының көмегімен сапалы оқыту ортасын құруға және әртүрлі арнайы оқыту әдістері мен техникасын пайдалануға мүмкіндігі бар. Бұндай орта студенттердің өз саласында жаңа әзірлемелер мен инновациялардан хабардан болуына мүмкіндік береді. Студенттер Химия және Биология пәндерін оқыту әдістерін және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін қажетті кәсіптік дағдыларды игереді.
- Педагогикалық тәсілдерді, стратегияларды, әдістерді, тәсілдерді меңгере білу және оқу материалдарын дайындау;
- Эксперименттер немесе практикалық жұмыстар нәтижелерін жобалау, жүргізу, жазу және талдау үшін сыни ойлауды және ғылыми әдісті қолдану;
- Тіл және ақпараттық технологиялардың көмегімен әріптестермен нәтижелі және ынтымақтастыққа құрылған қарым-қатынас жасай алу дағдысын меңгеру.
Түлектеріміз жеке және мемлекеттік оқу орындарында сабақ береді, кейбірі ақпараттық технологиялар және іскерлік ортадағы ғылыми зертханалар сияқты салаларда жұмыс істейді. Қазақстанның және шетелдегі беделді жоғары оқу орындарында химия, биология және жаратылыстану ғылымдары саласындағы магистратурада оқуын жалғастыра алады.