SDU University: 2023 жылдың айтулы 10 жетістігі
2023 жыл біздің университетіміз үшін нәтижелі, жетістікке толы жыл болды. Биылғы жылдың ең үздік 10 жетістігіне тоқтала кетейік:
QS World University Rankings 2024. SDU University QS World University Rankings 2024 рейтингіне кірді, онда №1201-1400 орын арасында орналасты. Қазақстандық 120 жоғары оқу орнының тек 21 жоғары оқу орны ғана рейтингке енді.
ASIIN пәндік аккредитациясы. Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультетінің 4 білім беру бағдарламасы 2023 жылғы 22 қыркүйектен бастап 6 жыл мерзімге жарамды ASIIN пәндік аккредитациясын алды. Сараптамалық топтың және тиісті техникалық комитеттің бағалауы бойынша аккредиттеу комиссиясы ASIIN пәндік аккредиттеуді ешқандай талаптарсыз беру туралы шешім қабылдады. Бұл білім беру бағдарламаларының жоғары сапасының дәлелі.
Ребрендинг. Университет тарихындағы маңызды сәттің тағы бірі – биыл іргелі білім ордасына толықтай ребрендинг жасалып, мекеме SDU University атауына көшті.
SDU Life. 2023 жылдың қазан айында студенттерге арналған жаңа Спорт және Мәдениет ғимараты ашылды.
Президент SDU University-де. Биылғы жаңа оқу жылы басталған шақта SDU University-ге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы арнайы келіп, ордамыздың тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл кездесу іргелі білім ордасының мәртебесін асқақтатып, беделін арттыра түсті.
Заманауи кітапхана. Биыл мемлекеттік стандартқа сай заманауи 3 қабатты кітапхана өз оқырмандарына есігін айқара ашты. Ғылыми кітапхананың ашылуына Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек арнайы келіп, салтанатты шараға қатысты.
QS WUS. SDU University 22-наурызда жарияланған QS World University Rankings by Subjects 2023 пәндік рейтингіне енді. QS WUS – әлемдік университеттер арасындағы ең ықпалды рейтингтердің бірі.
Оңтүстік Кореямен серіктестік. 2023 жылы Оңтүстік Кореяның ең үздік университеттерімен серіктестік орнатылды.
Студенттер автокөлік құрастырды. Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенттері университиет қабырғасында өз күштерімен N1 атты спорттық автокөлік құрастырып шығарды.
SDU University-ді таңдаған грант иегерлерінің саны топ жарды. Биыл грантқа түскен түлектер арасында SDU University-ді таңдаушылардың саны рекордтық көрсеткішке жетті. Жалпы 1741 шәкірт мемлекеттік грантқа ие болған. Республика бойынша екі шет тілі мамандығына бөлінген 200 гранттың 135 иегері SDU University-ді таңдаған. Сондай-ақ, математика мен педагогика бағытындағы мемлекеттік грантты иеленген мектеп бітірушілердің 53%-ы біздің университетімізде білім алып жатыр. Бұл көрсеткіш SDU University-ді жүйелі білім ұсынатын жетекші университеттердің қатарында екендігін білдіреді.