SDU University білім ордасында ACQUIN халықаралық аккредиттеу бағдарламасы өтуде
Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінде ACQUIN халықаралық аккредиттеу бағдарламасы өтуде. Аккредиттеу аударма ісі және екі шет тілі (BA, MA) мамандықтары бойынша жүзеге асып жатыр.
ACQUIN бағдарламалық аккредиттеуі “Еуропалық жоғары білім кеңістігіндегі сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен нұсқаулықтарына” (ESG) сәйкес келеді. Аккредиттеу шеңберінде білім беру бағдарламаларын бағалауды тәуелсіз халықаралық және ұлттық сарапшылар жүргізеді. Сарапшылар білім беру бағдарламаларын критерийлер мен стандарттарға сәйкес талдайды. Тиісті білім саласындағы жоғары білікті сарапшылар сыртқы аудиттің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
SDU University халықаралық стандарттарға сүйене отырып, білім сапасын арттыру жолында аккредиттеу жүйесіне әдрайым ашық.