Ғылым мен бизнестің симбиозы
26 қаңтар күні SDU университетінде ғылыми жетістікті нәтижелі бизнеске айналдыру мәселелерін арқау еткен семинар өтті. Шараның спикері ретінде NU жанындағы “Astana Business Campus” бизнес-акселераторының директоры Болат Сұлтанғазин сөз сөйледі.
Семинарда коммерцияландырудың әртүрлі аспектілері, соның ішінде soft skills, инженерлік персоналдың, адами капиталдың және ғылыми-зерттеу инфрақұрылымының жетістігі туралы зерттеулер талқыланды.
Шара барысында жобалар мен таланттарды құрайтын жеке дерекқорымыз, нетворкинг, қаржыландыру, сондай-ақ инновациялық қауымдастыққа арналған қызметтер сияқты тақырыптар талқыланды. Стартаптарды қолдау бағдарламалары қаралып, коммерцияландыру мақсаттары және осы саладағы түрлі жағдайлар туралы сұрақтар бойынша пікірталас жүргізілді. Семинар соңында білікті маман қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.