homepage-news-kz

QONAEV CUP 2024 халықаралық шахмат турнирі

QONAEV CUP 2024 халықаралық шахмат турнирі Университетімізде QONAEV CUP 2024 халықаралық шахмат турнирі өтті. Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен үшінші рет өткізілген шараға Қазақстан мен шетелден келген шахмат шеберлері қатысты. Турнирдің ашылу салтанатында Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы сөз сөйлеп, шахматтың ақыл мен стратегияны, табандылық пен шыдамдылықты талап ететін ерекше спорт түрі екенін атап өтті. Салтанатты …

QONAEV CUP 2024 халықаралық шахмат турнирі Read More »

SDU Extension School ұйымдастырған “Жас маман деген….” атты конференция жас мұғалімдерге арналған кәсіби даму мен тәжірибе алаңы болды

SDU Extension School ұйымдастырған “Жас маман деген…” атты конференция жас мұғалімдерге арналған кәсіби даму мен тәжірибе алаңы болды 2024 жылдың 2 қарашасында SDU Extension School жас педагогтерге арналған практикалық форматтағы “Жас маман деген…” атты конференция ұйымдастырды. Конференцияға Алматы облысы мен қаласы мұғалімдерінен бөлек, Жамбыл және Жетісу облыстарынан педагогтар арнайы келіп қатысты. Конференция аясында қатысушылар кәсіби …

SDU Extension School ұйымдастырған “Жас маман деген….” атты конференция жас мұғалімдерге арналған кәсіби даму мен тәжірибе алаңы болды Read More »

QS Asia University Rankings 2025

QS Asia University Rankings 2025 SDU University беделді QS Asia University Rankings 2025 рейтингінде айтарлықтай жоғары нәтиже көрсеткенін қуана хабарлаймыз. Өткен жылы университетіміз Азия бойынша 551-600 орындар арасында болса, биыл 461-470 орындарға дейін көтерілді. Сонымен қатар, SDU Азияның ең үздік 500 университеті, Орталық Азияның ең үздік 30 университетінің қатарына кіріп, аймақтағы жетекші орнын және білім …

QS Asia University Rankings 2025 Read More »

EXPLORANCE BLUENOTES MENA 2024

Explorance Bluenotes MENA 2024 Қараша айының 5-7 аралығында Дубай қаласында өткен Explorance Bluenotes MENA 2024 конференциясына SDU атынан Сапа мониторингі департаментінің директоры Гүлназ Тогузбаева мен сарапшы маман әрі оқытушы Сәуле Жардаева қатысты. Айтулы шараға мамандар өз тәжірибесімен бөлісу мақсатында шақырылған. Атап айтқанда, білімгерлерді сапаны қамтамасыз ету жүйесіне, университеттің барлық бастамаларына және оқу үдерісіне толығымен ілестіру …

EXPLORANCE BLUENOTES MENA 2024 Read More »

qCloudy компаниясы университетімізде дәріс өткізді

qCloudy компаниясы университетімізде дәріс өткізді AWS негізінде бұлттық есептеулер курсы аясында біздің студенттер Amazon Web Services-тің ресми серіктесі және бұлтты шешімдер саласының көшбасшыларының бірі qCloudy компаниясының жетекші мамандары өткізген қызықты екі дәріске қатысты. qCloudy компаниясының бас директоры Нұрбек Садықов компания туралы, оның миссиясы мен жаһандық бұлтты индустрияның дамуына қосқан үлесі жайлы әңгімеледі. Cloud және DevOps …

qCloudy компаниясы университетімізде дәріс өткізді Read More »

SDU профессорлары «Қаныш Сәтбаев 125 жыл» төсбелгісімен марапатталды

SDU профессорлары «Қаныш Сәтбаев 125 жыл» төсбелгісімен марапатталды Филология ғылымдарының докторы, Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің профессоры, тілдік білім беру кафедрасының оқытушысы Лейла Мирзоева мен университетіміздің белді ғалымы, профессор Қайрат Молдашев «Қаныш Сәтбаев 125 жыл» төсбелгісімен марапатталды. Бұл жоғары марапат – оқытушыларымыздың ғылым мен білімге қосқан елеулі үлесін мойындаудың белгісі. Профессорларды шын жүректен құттықтаймыз және шабыт …

SDU профессорлары «Қаныш Сәтбаев 125 жыл» төсбелгісімен марапатталды Read More »

XVI республикалық пәндік олимпиадада SDU студенттері жүлделі орындарға ие болды

XVI республикалық пәндік олимпиадада SDU студенттері жүлделі орындарға ие болды Шәкәрім университетінің 90 жылдығына орай «В037 Филология (Қазақ)» білім беру бағдарламалары тобы бойынша өткен XVI республикалық пәндік олимпиадада біздің студенттеріміз жүлделі орындарға ие болды. Команда мүшелері: – Темірбек Дариға – «Үздік эссе» номинациясы – Ниетбаева Камила – Бердібай Ақбала SDU University командасы командалық есепте жоғары …

XVI республикалық пәндік олимпиадада SDU студенттері жүлделі орындарға ие болды Read More »

SDU профессоры, белгілі ғалым Асқар Жұмаділдаев “Қазақстанның Еңбек Ері” атағын иеленді

SDU профессоры, белгілі ғалым Асқар Жұмаділдаев “Қазақстанның Еңбек Ері” атағын иеленді Республика күні қарсаңында, Президент қаулысына сай, отандық ғылымды дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық қызметтегі аса үздік еңбегі үшін SDU оқытушысы, белгілі ғалым Асқар Жұмаділдаев “Қазақстанның Еңбек Ері” атағын иеленіп, Алтын жұлдыз және “Отан” орденімен марапатталды. “Жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – “Қазақстанның Еңбек Ері” атағы …

SDU профессоры, белгілі ғалым Асқар Жұмаділдаев “Қазақстанның Еңбек Ері” атағын иеленді Read More »

Университетімізде республикалық “Ділмар” шешендік өнер байқауы өтті

Университетімізде республикалық “Ділмар” шешендік өнер байқауы өтті Ұлттық рухани мұрамызды ұлықтау, ана тіліміздің, аталы сөзіміздің абыройын асқақтату, сөйлеу шеберлігін дамыту мақсатында SDU университетінде, студенттер арасында ІІІ Республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы өтті. Жарысқа еліміздің 12 жоғары оқу орнынан 12 студент қатысып, өз білімдері мен сөз өнеріндегі шеберліктерін көрсетті. Қазылардың ортақ шешімі бойынша, бас жүлде (600 …

Университетімізде республикалық “Ділмар” шешендік өнер байқауы өтті Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content