QS Asia University Rankings 2025
SDU University беделді QS Asia University Rankings 2025 рейтингінде айтарлықтай жоғары нәтиже көрсеткенін қуана хабарлаймыз. Өткен жылы университетіміз Азия бойынша 551-600 орындар арасында болса, биыл 461-470 орындарға дейін көтерілді.
Сонымен қатар, SDU Азияның ең үздік 500 университеті, Орталық Азияның ең үздік 30 университетінің қатарына кіріп, аймақтағы жетекші орнын және білім мен ғылым саласындағы зор үлесін растап отыр.
QS Asia University Rankings 2025 құрамына 35 қазақстандық ЖОО кірді, бұл ел тарихындағы жоғары білімнің абсолютті рекорды болып отыр.
QS Best Student Cities Rankings әлемнің үздік студенттік қалалары рейтингінде Астана және Алматы дебют жасады.
QS Global MBA Rankings және QS Best Student Cities Rankings – Орталық Азия елдерінен тек Қазақстан ғана ұсынылған.