Explorance Bluenotes MENA 2024
Қараша айының 5-7 аралығында Дубай қаласында өткен Explorance Bluenotes MENA 2024 конференциясына SDU атынан Сапа мониторингі департаментінің директоры Гүлназ Тогузбаева мен сарапшы маман әрі оқытушы Сәуле Жардаева қатысты. Айтулы шараға мамандар өз тәжірибесімен бөлісу мақсатында шақырылған. Атап айтқанда, білімгерлерді сапаны қамтамасыз ету жүйесіне, университеттің барлық бастамаларына және оқу үдерісіне толығымен ілестіру тақырыбындағы панельдік сессияда тәжірібиелерімен бөлісті.
Конференцияның жоғары деңгейде өтуіне қосқан үлесі үшін Сапа мониторингі департаментінің директоры Гүлназ Тогузбаева арнайы марапатқа ие болды.
Explorance (Канада) мекемесі әлемдегі үздік университеттерге қызмет көрсетеді және білімгерлердің оқу үдерісін бағалауда серіктес болып табылады.