Tagzym Nauryz

SDU Extension School “Теориядан практикаға: Тиімді 45 минут” атты семинар өткізді

SDU Extension School “Теориядан практикаға: Тиімді 45 минут” атты семинар өткізді 2025 жылдың 22 ақпанында SDU Extension School сұранысқа ие болған “Теориядан практикаға: Тиімді 45 минут” атты семинарының жетінші легін өткізді. Семинар спикері – SDU University Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің профессоры Шаттыгүл Ерхожина. Ол қатысушылармен сабақ барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер, сабақты жоспарлау және үлгерім …

SDU Extension School “Теориядан практикаға: Тиімді 45 минут” атты семинар өткізді Read More »

SDU зерттеушілері грант жеңіп алды

SDU зерттеушілері грант жеңіп алды Айгул Даулеткулова жетекшілік еткен зерттеу тобын SDU University алғашқы рет өткізіп жатқан зерттеулерді нысаналы қаржыландыруға арналған грантын жеңіп алуымен құттықтаймыз! Бұл жоба серіктесіміз – «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – бастауыш сыныптарда Сингапур математикасы оқыту бағдарламасының тиімділігін бағалау және оны Қазақстанның білім беру жүйесінде іске асыру …

SDU зерттеушілері грант жеңіп алды Read More »

Hult Prize 2025 at SDU: From Idea to Global Change

Hult Prize 2025 at SDU: From Idea to Global Change On January 29, SDU University hosted Hult Prize Day, bringing together students passionate about social entrepreneurship. This event marked the first step in the global Hult Prize competition, which annually attracts young innovators from around the world to develop startups aimed at solving pressing social …

Hult Prize 2025 at SDU: From Idea to Global Change Read More »

Hult Prize 2025 SDU-де: идеядан жаһандық өзгеріске дейін

Hult Prize 2025 SDU-де: идеядан жаһандық өзгеріске дейін 29 қаңтарда СДУ университетінде әлеуметтік кәсіпкерлікке қызығушылық танытқан студенттердің басын қосқан Hult Prize Day өтті. Бұл іс-шара жыл сайын бүкіл әлемнен жас жаңашылдарды өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған стартаптарды әзірлеуге тартатын жаһандық Hult Prize байқауының алғашқы қадамы болды. Бағдарлама барысында қатысушылар Hult Prize тұжырымдамасымен танысып, байқаудың ашатын …

Hult Prize 2025 SDU-де: идеядан жаһандық өзгеріске дейін Read More »

SDU University мен Өзбекстан-Финляндия педагогикалық институты ынтымақтастық орнатты

SDU University мен Өзбекстан-Финляндия педагогикалық институты ынтымақтастық орнатты SDU Халықаралық қатынастар офисінің директоры Бейбіт Дюсюпов пен Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқытушысы Азат Қали Самарқанд қаласына сапар шегіп, көне шаһарда орналасқан Өзбекстан-Финляндия педагогикалық институтымен ынтымақтастық орнатып қайтты. Өзара келісім нәтижесінде меморандумға қол қойылды. Екі ЖОО арасындағы бұл әріптестік білім беру сапасын арттырып қана қоймай, сондай-ақ …

SDU University мен Өзбекстан-Финляндия педагогикалық институты ынтымақтастық орнатты Read More »

SDU профессорының зерттеулеріне сәйкес, 2030 жылға қарай еңбек нарығында 170 млн жаңа жұмыс орны пайда болмақ

SDU профессорының зерттеулеріне сәйкес, 2030 жылға қарай еңбек нарығында 170 млн жаңа жұмыс орны пайда болмақ Бұл туралы SDU University профессоры, Fulbright ғалымы (АҚШ), экономика ғылымдарының докторы Болат Татибеков Қаскелеңде өткен Жұмысшы мамандықтар жылына арналған форумда мәлімдеді. «Технологиялық даму жағдайындағы еңбек нарығы: 2030 жылға болжам» тақырыбындағы ғылыми баяндамасында ол бірқатар ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижелерімен бөлісіп, …

SDU профессорының зерттеулеріне сәйкес, 2030 жылға қарай еңбек нарығында 170 млн жаңа жұмыс орны пайда болмақ Read More »

Жаңа зертхана ашылды!

Жаңа зертхана ашылды! Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінде заманауи аударма құрылғыларымен жабдықталған Interpretation Lab зертханасы іске қосылды. Финляндиядан арнайы әкелінген бұл құрылғылар аударма процесін жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі. Жаңа зертхана құрылғыларын ең алғаш болып студенттер сынап көрді. Ашылу салтанатында зертхана жетекшісі Дияр Нұрметов презентация сабағын өткізіп, құрылғылардың қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Қатысушылар Quiz Game ойнап, …

Жаңа зертхана ашылды! Read More »

SDU-да “Тиімділіктің жаңа деңгейі” атты семинар өтті

“Тиімділіктің жаңа деңгейі” атты семинар өтті 2025 жылдың 1 ақпанында SDU Extension School “Тиімділіктің жаңа деңгейі” атты семинарын өткізді. Семинар SDU университетінің жатақхана қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын жетілдіру және жаңа ақпаратпен бөлісу мақсатында ұйымдастырылды. Семинар барысында “Көшбасшылық дағдысын дамыту” және “Тайм-менеджмент” тақырыптары кеңінен талқыланды. Қатысушылар жұмыс тиімділігін арттыру жолдарын зерттеп, тәжірибеден алынған нақты кеңестер алды. Семинардың …

SDU-да “Тиімділіктің жаңа деңгейі” атты семинар өтті Read More »

SDU Extension School ұйымдастырған “Winter School 2025” курсы сәтті аяқталды

SDU Extension School ұйымдастырған “Winter School 2025” курсы сәтті аяқталды 2025 жылдың 6 қаңтарында SDU Extension School ұйымдастырған “Winter School 2025: Online/Offline” 72/108 сағаттық курсы басталды. Бағдарлама SDU профессорлық-оқытушылық құрамы, жас мамандар мен қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталды. Курс IT-құзыреттілік пен онлайн оқыту әдістемелерін қамтыды. Офлайн форматта басталған курс 15-31 қаңтар аралығында Moodle платформасында асинхронды …

SDU Extension School ұйымдастырған “Winter School 2025” курсы сәтті аяқталды Read More »

Жасанды интеллект дәуіріндегі қазақ журналистикасының болашағы

Жасанды интеллект дәуіріндегі қазақ журналистикасының болашағы 2025 жылдың 14 ақпанында SDU University-де Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Журналистика» мектебі мен «Бас редакторлар клубының» ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект және қазақ медиасының трансформациясы» атты дөңгелек үстел өтті. Форумға еліміздің жетекші медиа өкілдері қатысып, жасанды интеллекттің қазақ медиа кеңістігіне ықпалы, журналистиканың жаңа форматтары мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Жиын …

Жасанды интеллект дәуіріндегі қазақ журналистикасының болашағы Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content