Tagzym Nauryz

Республика күніне орай Университетімізде тарих апталығы өтуде

Республика күніне орай Университетімізде тарих апталығы өтуде SDU University Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті мен MDE орталығының ұйымдастыруымен Республика күніне орай «Тұғыры биік туған ел» атты тарих апталығы өтуде. Бірінші күні жастардың патриоттық рух сезімін ұялату мақсатында Радиоэлектроника және Байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары бастаған салтанатты шерумен «Атамекен» әні мен «Әнұран» шырқалды. Екінші күні Қарасай ауданының …

Республика күніне орай Университетімізде тарих апталығы өтуде Read More »

SDU University-де Спорт және мәдениет орталығы ашылды

SDU University-де Спорт және мәдениет орталығы ашылды Бүгін SDU University-де білімгерлерге арналған Спорт және мәдениет орталығының ашылу салтанатты рәсімі өтті. Салтанатты жиынға Алматы облысы мен Қарасай ауданы әкімшілігі, 200-ден аса мектеп директорлары және арнайы шақырылған  қонақтар қатысты. Іс-шараны Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөзімен ашып, қонақтармен бірге жаңа ғимаратқа экскурсия жасады. Кездесу барысы облыстан …

SDU University-де Спорт және мәдениет орталығы ашылды Read More »

Ваканттық грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Ваканттық грант иегерлерінің тізімі жарияланды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімімен бос гранттық орындардың конкурстық нәтижесі жарияланды. Жаңа бос грант иегерлерін құттықтаймыз: Серікова Меруерт Арманқызы Әбдірахым Диана Ғалымжанқызы Намазбаев Алмас Біржанұлы Дүзмағамбетов Әлішер Ерболатұлы Бекетай Айжан Айдарқызы  

SDU University-ге шетелдік ғалым Майкл Хаммонд келді

SDU University-ге шетелдік ғалым Майкл Хаммонд келді 2023 жылы 2 қазанда СДУ университетіне M5 Universities тобының құрамына кіретін Ұлыбританияның Уорвик университетінің профессоры, шетелдік ғалым Майкл Хаммонд келді. Профессор Майкл Хаммонд “жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылық қызметіне шетелдік сарапшыларды тарту” бағдарламасы аясында Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетіне семинарлар, дәрістер өткізу үшін …

SDU University-ге шетелдік ғалым Майкл Хаммонд келді Read More »

SDU Бизнес мектебінің ұстазы Мәдина Қосайдың кітабының тұсаукесері болды

SDU Бизнес мектебінің ұстазы Мәдина Қосайдың кітабының тұсаукесері болды SDU University Ғылыми кітапханасында Бизнес мектебінің құрметті ұстазы Мәдина Қосай және суретші Лейла Ахмет Османның иллюстрациясымен жазылған «Мечтай больше» кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шара барысында кітап авторлары осы туындысымен жұмыс жасау кезіндегі өз тәжірибелерімен және бұл шығармашылық жұмысқа қалай келгендерімен бөлісті. Тұсаукесер студенттер үшін армандауға және мақсаттарына …

SDU Бизнес мектебінің ұстазы Мәдина Қосайдың кітабының тұсаукесері болды Read More »

SDU University докторанты Серек Азамат Ғалымжанұлының диссертациясын алдын ала қорғауы болады

SDU University докторанты Серек Азамат Ғалымжанұлының диссертациясын алдын ала қорғауы болады Инженерлік және Жаратылыстану ғылымдары факультетінің «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасында “8D06102 – «Компьютерлік ғылымдар»  мамандығының докторанты  Серек Азамат Ғалымжанұлының  «Прогресті қадағалайтын және жасанды интеллектті қолданатын супервайзерлік жүйені әзірлеу” тақырыбындағы диссертациясын алдын ала қорғау  2023 жылдың 1 қарашасында сағат 10:00-де  жүргізілетінін хабарлаймыз. Өтілетін орны: Сенат холл. Қорғау …

SDU University докторанты Серек Азамат Ғалымжанұлының диссертациясын алдын ала қорғауы болады Read More »

SDU University ASIIN пәндік аккредиттеуден өтті

SDU University ASIIN пәндік аккредиттеуден өтті Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультетінің 4 білім беру бағдарламасы (Математика бакалавриаты, математика магистрі, математика ғылымдарының докторы және математика және компьютерлік модельдеу бакалавриат бағдарламалары) 2023 жылғы 22 қыркүйектен бастап 6 жыл мерзімге жарамды және 2029 жылғы 30 қыркүйекке дейін жарамды ASIIN пәндік аккредитациясын алғанын қуана хабарлаймыз. Сараптамалық топтың және тиісті …

SDU University ASIIN пәндік аккредиттеуден өтті Read More »

Үздіксіз білім беру орталығы “Sabaq online” ұжымына семинар-тренинг өткізді

Үздіксіз білім беру орталығы “Sabaq online” ұжымына семинар-тренинг ұйымдастырды SDU University Үздіксіз білім беру орталығы Астана қаласынан келген “Sabaq online” ұжымына 6 сағаттық семинар-тренинг ұйымдастырды. Қатысушыларға семинар-тренинг 3 бағытты қамтыды: “Қарым-қатынас психологиясы”. Спикер: Әсем Каукенова, 6 жылдық тәжірибесі бар психолог; “Оқушыларды мамандықты дұрыс таңдауға бағыттау” Спикер: Омарбек Көшкімбайұлы 15 жылдық тəжірибесі бар профориентолог, коуч; “Қарым-қатынас …

Үздіксіз білім беру орталығы “Sabaq online” ұжымына семинар-тренинг өткізді Read More »

SDU University мен «Alan Tech» компаниясы серіктестік орнатты

SDU University мен «Alan Tech» компаниясы серіктестік орнатты SDU University Инженерлік және Жаратылыстану ғылымдары факультетінің Distributed Systems and Computing Lab зертханасына «Alan Tech» компаниясы Apache Spark кластерін орнатты. Distributed Systems and Computing Lab зерттеу және тәжірибелік жұмыстарға арналған, үлкен деректерді талдау саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасы мен көлемін арттыру мақсатында құрылған. Зертханада жұмыс істейтін оқытушылар: докторантура, …

SDU University мен «Alan Tech» компаниясы серіктестік орнатты Read More »

Университетіміздің білімгерлеріне Айбек Смадияров дәріс өткізді

Университетіміздің білімгерлеріне Айбек Смадияров дәріс өткізді SDU University Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің ұйымдастыруымен ҚР Сыртқы істер министрлігінің коммуникациялар департаментінің директоры Айбек Смадияров білімгерлермен кездесуге арнайы келді. Арнайы қонақ Университетіміздің Халықаралық қатынастар және Журналистика мамандығының білімгерлеріне «Халықаралық қатынастарға ақпараттық әсер ету» тақырыбында дәріс оқып, қоғаммен қарым-қатынастағы дағдарыс менеджментін басқару туралы кеңінен айтты. Сондай-ақ шет мемлекеттермен …

Университетіміздің білімгерлеріне Айбек Смадияров дәріс өткізді Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content