ДАТА ЖУРНАЛИСТИКА
МАГИСТРАТУРА
БАЙЛАНЫСУ
Деңгей
Әлеуметтік ғылымдар магистрі
Ұзақтығы
2 жыл
ECTS
120
Туыстас мамандықтар
Журналистика
Қоғаммен байланыс
Баспа ісі
Вебинар
Үлкен деректермен жұмыс істей алатын, оларға сыни анализ жасап, медиа контент
өндіруге қабілетті дата журналистиканы жетік меңгерген магистр даярлау. Бағдарлама
дата журналистикаға, оның даму динамикасы мен бағытына, соны технологиялық
шешімдердің қолданысы мен дата визуализацияның озық тәсілдерін меңгеруге
бағытталған. Практикалық пәндер мәліметтерді сұрыптау, оқиғаны баяндау, тартымды
дата контент жасау сияқты кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталған.
- Журналистикаға кіріспе – (5 ECTS);
- Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі мен стилі – (5 ECTS);
Барлығы: 10 ECTS
Егер бакалавр дәрежесі туыстас мамандық болса, пререквизиттерді тапсырудың қажеті жоқ.
- Қазақ журналистика тарихы
- Заманауи журналистиканың жанрлық формалары мен қызметтері
- Өңделген деректерді талдауды пайдалана отырып, толыққанды журналистік дата
контент материалын жасау;
• API веб-сайт интерфейстерімен, JSON, SQL дерекқорларымен, өңделмеген мәтіндік
демптермен өзара әрекеттесу, веб-скреперлер жасау және пайдалану қиын PDF файлдарын
пайдалы ақпаратқа түрлендіру арқылы ақпаратты сақтау, қол жеткізу және өңдеу әдістерін
қолдану;
• Толық емес немесе шектеулі ақпаратқа негізделген пайымдауды сауатты тұжырымдау,
Python кодтаудың негізгі алгоритмдерін білу және үлкен көлемді ақпаратты терең өңдеуге
арналған басқа қызметтердің жұмыс істеу принциптерін білуді ескере отырып,
журналистиканың әртүрлі жанрлары мен формаларында интерактивті деректер мазмұнын
әзірлеу;
• Фильтрлеу және салыстырмалы талдау арқылы үлкен деректерге негізделген дұрыс
гипотеза жасау;
• Ашық деректер көздерімен жұмыс істеуде жаңа технологиялар мен қызметтерді
пайдалану арқылы журналистік визуалды деректер жобаларын жоспарлау және құру;
• Дата журналистикасы саласындағы құқықтық мәселелерді талдау арқылы ашық және
құпия деректер көздерімен жұмыс істеудегі журналистердің құқықтары мен
бостандықтарын жіктеу;
• Деректерді тиімді іздеу, содан кейін толыққанды медиа контентке айналдыру кезеңіне
дейін сүзу және өңдеу арқылы медиа саласына әсер ету үшін дата журналистикасының
негізгі аспектілерін қолдану;
• Ғылымның даму заңдылықтарын қорыту, психологияны қоғамды басқаруда қолдану,
ағылшын тілінде медиа мәтіндер жасау және практикалық педагогикалық дағдыларды
меңгеру.
Бағдарламаны аяқтағаннан кейін түлектер деректер маңызды рөл атқаратын және
деректерге негізделген ақпаратты талдау, визуализациялау және коммуникациялау қажет
болатын әртүрлі секторларда жұмыс таба алады. Атап айтқанда, интернет-басылымдар
мен жаңалықтар сайттарында, теледидар мен радиода, зерттеу орталықтарында, маркетинг
және жарнама агенттіктерінде, коммерциялық емес ұйымдар мен белсенді топтарда,
консалтингтік фирмаларда, жоғары оқу орындарында дата журналистері сұранысқа ие.
Сонымен қатар, дата журналистері әртүрлі ұйымдар мен клиенттерге өз қызметтерін
ұсына отырып, фрилансер ретінде жұмыс істей алады.
Біздің көп магистрантымыз күндізгі уақытта жұмыс істейді, сондықтан біз сабақты сізге ыңғайлы кешкі уақытқа немесе онлайн форматта ұйымдастыра аламыз.
Датамен кәсіби деңгейде жұмыс істей алатын мамандар қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие. Себебі отбасылық институттан бастап, экономика, медицина, саясат және білім беру саласындағы цифрлы деректер өңделмей жатыр. Сондықтан осы деректер арқылы құбылыстардың динамикасын, бағыт-бағдарын терең түсініп, талдап, мәселеге шешім ұсынатын маман аса қажет. Біздің бағдарлама осы қажеттіліктерді сапалы әрі кәсіби тұрғыда жүзеге асыруға көмектеседі. Сіз осы дағдыларды үйрене отырып, кәсіби біліктілігіңізді ұштайсыз әрі жаңа мүмкіндіктерге жол ашасыз.
- Өзін тұрақты түрде жетілдіріп отыратын, жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін тиімді пайдалана алатын, датамен кәсіби деңгейде жұмыс істей алатын заманауи маман дайындау;
- Үлкен көлемді деректерді жинау, өңдеу, сүзгіден өткізіп, логикалық негізі бар гипотеза құрастыру дағдыларын сіңіру;
- Өңделген датадан мағына мен оқиға желісін шығара алатын әрі оны визуалды элементтермен аудиторияға әдемі жеткізе алатын дата журналист шығару;
- Кодтаудың негізгі ерекшеліктерін білетін, датаны өңдеуге қажетті соны технологиялар мен бағдарламаларды жақсы меңгерген магистрлар дайындау;
- JSON, CSV сынды ақпараттың түрлі форматтарымен жұмыс істей алатын, толық өңделмеген форматтағы ақпараттарды өңдеу, түзу жолдарын үйрету;
- Кәсіби тұрғыда өзара сабақтасқан, бір-бірін жетілдіруге ықпал ететін түлектер қауымын қалыптастыру.
Қазақша