
БІЗ ТУРАЛЫ
Сулейман Демирель атындағы Университет 1996 жылы Тұңғыш Президент- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен еліміздің тәуелсіздігін алғаш таныған елдердің қатарындағы Түркия мемлекетінің 9-шы президенті Сулейман Демирельдің қатысуымен ашылды.Университеттің стратегиялық даму жоспарының басты мақсаты – еліміздегі және Орта Азиядағы таңдаулы, халықаралық үлгідегі жоғарғы оқу орындарының бірі болу.Ең алғаш Алматы қаласында Орбита ықшамауданында білім беру бағдарламасымен шағын ғимараттан бастау алған білім ордасы бүгінгі таңда, Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласындағы 14 гектарлық алаңда заманауи талаптарға сай 40 мың шаршы метрлік кампус пен 20 000 шаршы метрлік жатақханасымен 8000-нан аса білімгерге білікті 271-ға жуық профессорлық оқытушы құрамымен білім беруде.Университет құрамында 4 факультет мен Мультидисциплинарлық орталық жұмыс жасайды.– Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультеті | Бағытымыз Бағдарымыз |
Ағылшын тілінде білім беретін алғашқы университеттердің бірі болып табылатын университетте қазіргі уақытта 55 білім беру бағдарламасы бар, атап айтқанда 28 бакалавриат бағдарламасы, 20 магистрлік бағдарлама және 7 докторлық бағдарлама. SDU – да үш тілді білім беру жүйесі жұмыс істейді, соған сәйкес оның білім беру бағдарламаларының 62% -ағылшын тілінде, 20% – қазақ тілінде оқытылады, ал 18% – ағылшын, қазақ немесе орыс тілдерінде қолжетімді.
Білімгерлер толықтай ECTS (European Credit Transfer and Accumulation System – Кредиттерді аудару және жинақтаудың еуропалық жүйесі) жүйесі арқылы дәріс алып жатыр.
Профессорлық-оқытушы құрамы – еліміз бен шетелдің белді оқу орындарын бітірген өз істерінің мамандары болып табылады. Жалпы саны 271, оның ішінде 20% ғылым кандидаты, 36% PhD докторы жұмыс жасайды.
2020 жылында ғылыми зерттеу бағытындағы жобаларға 59 ғылыми қызметкер қатысып, нәтижесінде Scopus және Web of Science халықаралық дерекқорларында индекстелетін журналдарында сәйкесінше 33 және 19 ғылыми еңбектер жарыққа шықты. Бұдан бөлек университеттің ғылыми департаменті 4 ғылыми журнал жарыққа шығарады.
Ғылыми орталықтардың жұмысын ерекше атап өткен жөн, себебі университетімізде 1 ғылыми зерттеу институты, 7 ғылыми зерттеу орталықтары және 4 ғылыми зертханалар жұмыс жасайды. Олар 1 мақсатты – бағдарлы, 10 гранттық қаржыландыру негізінде жобаларды жүзеге асыруда. Олардың ішінде Қазақ тілі мен Қазақстан тарихы, математика, IT саласы бойынша жобаларды атап көрсеткен жөн.
Университетіміз Қазақстандық рейтингтік агенттіктерінің көрсеткіші бойынша жоғары орындарға ие. Мәселен, 2020 жылғы ҚР ҰКП АТАМЕКЕН рейтингінің нәтижелері бойынша Университет алғашқы 10 жоғарғы оқу орындарының ішіне кіріп, 6 орынды иеленді. Ақпараттық технологиялар бағдары бойынша үшінші, шетел тілі НААР рейтингі бойынша қатысқан 54 жоғарғы оқу орнының ішінде 14 орынға ие болды.
Университет биылғы жылы QS EECA (Emerging Europe and Central Asia) рейтингіне қатысып 350 орын алды. Сондай-ақ, Университет Халықаралық Impact Rankings сияқты рейтингтерге белсене қатысып, жоғары көрсеткіштерге жетуді алдына мақсат қойып отыр.
Университет үшін білім беру сапасын стандарттарға сәйкес жоғары көрсеткіштерге теңестіру өте маңызды. Осыған орай, Сулейман Демирель атындағы Университет мекемесі Аккредитация және Рейтинг Тәуелсіз Агенттігінің сараптамасынан жүйелі түрде өтеді.
СДУ-дің профессорлық-оқытушы құрамы мен студенттері бизнеспен серіктестік бағытында жұмыс жасайды. Ол жобаларды университетіміздің Технопаркі арқылы жүзеге асыруға барлық мүмкіндік жасалынған.
Барлық түлектеріміз қолданатын SDUConnect арнайы қосымшасына 2000 нан астам адам тіркеліп, кәсіби даму, білім алу, байланыс, жұмыс іздеу туралы жаңалықтар мен пікір алмасып отырады.
Университетіміздің стратегиялық дамуының негізгі бағыттарының бірі – Интернационализация. Бұл бағыт бойынша бүгінге дейін Университетке шетелдік топ менеджерлер тартылып, профессорлық-оқытушылық құрамның қатарына шетелдік мамандар тартылды. Жыл сайын жүзге жуық білімгеріміз Мобильдік ұтқырлық саясатымен шетелде білім мен тәжірибе алмасып келді.
Қазіргі күні университет факультеттерінде Орта Азия, Африка, Қытай, Ресей. Моңғолия сияқты елдерден 156 шетелдік студент білім алуда.
26 мемлекеттегі 70 университетпен ынтымақтастық меморандум жасалып бүгінгі таңда академиялық ұтқырлық, тәжірибе алмасу бойынша бірлескен жобалар атқарылуда. Бұдан бөлек, университетіміз ERASMUS жобалары бойынша Педагогика және Инженерия бағытында жұмыс жасауда.
Рейтингтің атауы / Агенттік | Жыл | Орын | Сайтқа сілтеме | |
Round University Ranking | 2020 | 731 | Link | |
Round University Ranking | 2021 | 696 | Link | |
QS Emerging Europe & Central Asia University Ranking | 2021 | 351-400 | Link | |
THE Impact Ranking: Quality Education | 2021 | 301-400 | Link | |
Webometrics Ranking of World Universitie | 2021 | 5950 | Link | |
Times Higher Education Impact Ranking | 2022 | 1001 | ||
QS Asia University Rankings | 2023 | Central Asia: 500 | ||
Ranking Web of Universities | 2022 | 4998 | ||
Round University Ranking | 2022 | World rank: 892 Country rank: 3 |
In March 2010, Kazakhstan became the first Central Asian state to sign up to the Bologna Declaration and to become a member of the European Higher Education Area (EHEA). Since then, the country has adopted the three-cycle system of education (Bachelor’s, Master’s & PhD level) and is maintaining standards using different benchmark frameworks, including the European Quality Assurance Register (EQAR). Many higher education institutions in Kazakhstan, SDU included, are now also actively implementing the European Credit Transfer System (ECTS) to facilitate international mobility by promoting recognition of academic qualifications attained in Kazakhstan.
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережелері осы сілтемеде.
Сүлейман Демирель атындағы университетіндегі Инклюзия
Жоғары оқу орындарына (ЖОО) тең құқықтылық, әр алуандылық және инклюзивтілік (ҚАИ) қағидаттарын ілгерілету және іске асыру әртүрлі жағдайдағы білімгерлерге және мүмкіндігі шектеулі адамдарға тең дәрежеде сапалы білім алуға және олардың толық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді. Қазақстанда жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын мүмкіндігі шектеулі адамдардың саны 2016 жылғы 600 адамнан 2020 жылы 3520 адамға дейін өсті (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы, 2020 жыл), бұл жоғары білім беру ұйымдарында білім алуда ерекше мұқтаждықтары бар адамдардың көбісі білім алғысы келетінін көрсетеді. Оның үстiне, Қазақстан Республикасының бiлiм беру саясаты басты назарды тең құқықтылықпен барлығына бірдей әділ мүмкіндіктер беруге ауыстырды. Әрбір білімгерге тең мүмкіндіктер беру идеясы инклюзивті білім берудің мәні болып табылады, ол өз кезегінде білім беру жүйесінің іргетасы болып табылады.
ҚАИ мәдениеті, саясаты мен практикасы университеттерге әртүрлі тәсілдермен пайда әкеледі. Білімгерлер мен қызметкерлер арасында инклюзивтілік пен әр алуандылықты арттыру баршаның арасында тиесілілік сезімін нығайта түседі.
Сүлеймен Демирел университеті (СДУ) әртүрлі жағдайдағы білімгерлердің әртүрлі қажеттіліктері қанағаттандырылатын ортаны насихаттауға және ынталандыруға бағытталған. Жынысына, ұлтына, этносына, әлеуметтік-экономикалық класына, мүгедектігіне, әрбір білімгерлер мен қызметкерді бағалау және шабыттандыру арқылы СДУ даралық пен шығармашылықты ерекшелендіру арқылы әлеуметтік ұйымшылдықты нығайтады. Бұдан бөлек, инклюзивті көшбасшылықты негізге алып, СДУ ерекше қажеттілігі бар адамдарға колжетімділік схемаларын ұсыну идеясын кеңейтіп, барлық деңгейдегі институттарды барлығына бірдей құрметпен және адамгершілікпен қарайтын ортаға трансформациялауды көздейді.