ҚОЛДАНБАЛЫ ҚҰҚЫҚ
БАКАЛАВРИАТ
Деңгей
Құқық бакалавры
Ұзақтығы
4 жыл
ECTS
240
Талап етілетін ағылшын тілі деңгейі
Талап етілмейді
Вебинар
Бағдарламаның негізгі мақсаты – студентке құқық саласындағы жүйелі білімді, теориялық базаны қалыптастыру. Ғылыми, оқу, аналитикалық, анықтамалық және ақпараттық материалдардың өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыруға арналған. Оқудың негізгіинструменттері мамандандырылған заң қызметін жүзеге асыру үшін қажетті білімді, іскерлік дағдыларды игеру, заңнамалық актілерді, жарлықтарды, құқық қорғау тетіктерін, сараптамалық кеңес беру және аналитикаға бағытталған.
- Жария және жеке құқық саласында кәсіби нәтижеге қол жеткізу үшін қойылған міндеттерді шешудің дұрыс тактикасын әзірлеуге қабілетті болады;
- Келіссөздер жүргізуге, шарттардың жобаларын әзірлеуге, оларды басқаруға, сот процестеріне қатысуға және оларды талдауға қабілетті, ұлттық деңгейде заң бизнесін жүргізуге, коммуникативтік байланыстарды құруға және қолдауға қабілетті болады;
- Халықаралық және ұлттық заңнаманы дамытудың ықтимал перспективалары мен қазіргі заманғы құқықтық ғылымды дамытудың негізгі теориялары мен тұжырымдамаларын талдай алады;
- Практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін бастапқы және қайталама құқықтық ресурстарды пайдалана отырып, құқықтық зерттеулер жүргізуге қабілетті болады;
- Білікті құқықтық қорытындылар (баға) мен құқықтық сипаттағы құжаттарды жасауға қабілетті болады;
- Азаматтық-құқықтық, еңбек, әкімшілік-құқықтық, қылмыстық-құқықтық, конституциялық, халықаралық құқықтық, корпоративтік,салықтық және басқа да қатынастар саласындағы заңды мәселелерді талдайды және шешеді;
- Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегін көрсетуге қабілетті болады;
- Құқықтық ұғымдар мен санаттарды, құқық саласындағы нақты зерттеу әдістері мен техникасын, оның ішінде салыстырмалы әдістерді еркін қолдана алады.
Түлектеріміз корпоративтік құқық бойынша маман, мемлекеттік мекемелерде, адвокаттар, прокурорлар, соттар, заң кеңесшілері, құқық қорғау органдары, Ішкі істер министрлігі, Жоғары оқу орындарының оқытушылары, полицейлер, Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері және т. б. қызметтерде жұмыс жасай алады.