Құқық және Әлеуметтік ғылымдар бойынша халықаралық конференция 2021

Құқық және Әлеуметтік ғылымдар бойынша халықаралық конференция

2021

Шолу

КОНФЕРЕНЦИЯ ЖАЙЛЫ АҚПАРАТ

Сулейман Демирель Университетінің Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультеті 2021 жыл, 16-17 сәуір күндері халықаралық конференция өткізеді. Конференция құқық және әлеуметтік ғылымдар саласы бойынша әлемнің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүрген зерттеушілерге, кәсіби мамандарға, ғалымдарға, докторанттар мен магистранттарға ортақ алаң ұсынады. Конференцияның тақырыбы – “COVID-19 пандемиясы кезіндегі құқық және әлеуметтік ғылымдар”. Бұл тақырып індеттің құқық, халықаралық қатынастар, журналистика, қоғамдық басқару және адам құқықтары салаларына қалай ықпал еткенін талқылауды дамыту үшін таңдалып отыр. Конференцияның мақсаты –  COVID-19 әсерінің ауқымын анықтау, пандемия кезіндегі проблемаларға жаңа шешім жолдарын ұсыну, идея және тәжірибе алмасуды жеңілдету, ынтымақтастық пен әріптестік желі құру мүмкіндіктерін ұсыну.  

 

Халықаралық және жергілікті университеттердің, зерттеу институттарының және басқа да кез келген институттың зерттеушілерін конференцияға қатысуға қуана шақырамыз. Бұл іс-шара кезінде танымал спикерлер мен зерттеушілер түрлі баяндама, панельдік пікірталастар жүргізеді.

Толығырақ

ТАҚЫРЫПШАЛАР

  • COVID-19 кезеңіндегі жаһандану 
  • COVID-19 кезіндегі аймақтық интеграция 
  • Жаһандық басқару мәселелері 
  • Медициналық қызметке құқық және денсаулық сақтау саласын жекешелендірудегі сын-тегеуріндер
  • Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайындағы балалар мен әйелдер құқығы
  • Медициналық кәсіби жауапкершілікті сақтандыру
  • Халықаралық сауда құқығы 
  • Киберқауіпсіздік және IT-құқық 
  • Өткен пандемиялар және олардың жалпы әсері
  • Пандемияның медиа этикасына әсері 
  • Пандемияның жаңалықтар өндіру мен тұтынуға ықпалы
  • Пандемия кезіндегі медианың рөлі

АҚЫЛДАСТАР КЕҢЕСІ

  1. Марат Ахмади, қауымдастырылған профессор, PhD, Сулейман Демирель университеті, Қазақстан
  2. Али Хатиби, профессор, Менеджмент және ғылым университеті, Малайзия
  3. Молдияр Ергебеков, қауымдастырылған профессор, PhD, Сулейман Демирель университеті, Қазақстан
  4. Ғалым Жүсіпбек, қауымдастырылған профессор, PhD, Сулейман Демирель университеті, Қазақстан
  5. Айман Омарова, қауымдастырылған профессор, PhD, Сулейман Демирель университеті, Қазақстан
  6. Мадияр Саудбаев, ассистент профессор, PhD, Сулейман Демирель университеті, Қазақстан
  7. Айжан Копбаева, ассистент профессор, PhD, Сулейман Демирель университеті, Қазақстан
  8. Дана Молдабаева, ассистент профессор, PhD, Сулейман Демирель университеті, Қазақстан
  9. Шатлық Аманов, ассистент профессор, PhD, Сулейман Демирель университеті, Қазақстан
  10. Бердақ Байымбетов, аға оқытушы, MA, Сулейман Демирель университеті, Қазақстан
толығырақ

ҮЙЛЕСТІРУШІЛЕР

БАС ҮЙЛЕСТІРУШІ:

Айзада Нуридденова (aizada.nuriddenova@sdu.edu.kz)

КӨМЕКШІ ҮЙЛЕСТІРУШІ:

Айгерім Құсайынқызы (aigerim.kussaiynkyzy@sdu.edu.kz)
Асылзат Қарабаева (assylzat.karabayeva@sdu.edu.kz)
Оразай Қыдырбаев (orazay.kydyrbayev@sdu.edu.kz)

ТЕХНИКАЛЫҚ ҮЙЛЕСТІРУШІ:

Ислам Супыалдыияров (islam.supyaldiyarov@sdu.edu.kz)

ШАҚЫРЫЛҒАН СПИКЕРЛЕР

ЮЛАЙ ШАМИЛОҒЛЫ

Юлай Шамилоғлы Назарбаев Университеті Қазақ тілі және түркітану кафедрасының профессоры және меңгерушісі. Ол бұл ұйымға 2016 жылы шақырылған профессор ретінде қосылды. Осыған дейін Индиана-Блумингтон университетінде (1983-1989) және Висконсин-Мэдисон университетінде (1989-2017) сабақ берген, қазіргі уақытта соңғы аталған университеттің құрметті профессоры.

Юлай Шамилоғлы1979 жылы Колумбия колледжінде Таяу Шығыс тілдері мен мәдениеттері бойынша бакалавр дәрежесін және 1986 жылы Колумбия университетінде Таяу Шығыс және Орталық Азия тарихы бойынша PhD дәрежесін алды. Сонымен қатар, 1982 жылдың күзінде Венгриядағы Сэгед университетінде білім алған.

Оның докторлық диссертациясы «Алтын Ордадағы тайпалық саясат және әлеуметтік ұйымдасу» тақырыбына арналды. Оның негізгі ғылыми қызығушылықтарыТаяу Шығыс пен Орталық Еуразияның түркі тілдері мен мәдениеттері, орта ғасырдағы Таяу Шығыс пен Орталық Еуразияның әлеуметтік-экономикалық тарихы, түркі-ислам өркениетінің тарихы, Осман және Ресей империяларындағы мұсылман түркі халықтары арасындағы қазіргі заманғы зиялы қозғалыстар тақырыптарын қамтиды.

1980 жылдардың аяғынан бастап профессор Шамилоғлы ортағасырлық Орталық Еуразия тарихындағы «қара өлімнің» (BlackDeath) рөліне, әсіресе оның Алтын Орда мен басқа да Моңғол империясы мемлекеттерінің тарихындағы рөліне, соның ішінде обаның халық тарихына, әдеби тілдерге, діндарлыққа және жазба ескерткіштерге әсеріне қызығушылық танытып келеді. Жақында ол Орталық Еуразия тарихындағы Юстиниан кезеңіндегі обаға қатысты зерттеу жүргізе бастады және болашақта қазіргі заман кезеңіндегі оба тақырыбы бойынша да жұмыс істеуден үміттенеді.

Сонымен қатар, профессор ШамилоғлыНазарбаев Университетіндегі Еуразиялық зерттеулер бойынша  докторантура бағдарламасының директоры қызметін атқарады.

Толығырақ...

БЕАТЕ ДЖОЗЕФИ

Беате Джозефи Сидней университетінің Медиа және Коммуникация кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Ол “Медиа бостандығы шектелген елдердегі журналистік оқыту” (JournalismEducationinCountrieswithLimitedMediaFreedom) (2010) кітабының бір томын редакциялап, «Журналистика»журналының “DecouplingJournalismandDemocracy” (2013) тақырыбы бойынша шыққан арнайы номерінің шақырылған редакторы қызметін атқарған. БеатеДжозефи“WorldsofJournalism”тобыныңмүшесіретінде“WorldsofJournalism” (ред. Т. Ханич, 2019) кітабының «Журналисттер профильдері» тарауының негізгі авторы. Сонымен қатар, аталғанжоба шеңберіндеСДУ, Әлеуметтік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы–Бердақ Байымбетовпен бірге Өзбекстан бойынша зерттеу жүргізеді. Профессор Джозефи журналистикаға қатысты халықаралық нұсқаулықтардағы тараулар мен жазбалардың және халықаралық деңгейдегі көптеген мақалалардың авторы.Медиа және коммуникация зерттеулері халықаралық ассоциациясының (IAMCR)журналистика зерттеуі және білім беру секциясының бұрынғы төрайымы. Профессор Джозефидың  ғылыми қызығушылығы журналистика және оның мемлекет бақылауы жағдайындағы маңызы, журналистік білім беру мен әдеби журналистика алаңдарын қамтиды.

Толығырақ...

ПЕННИ О’ДОННЕЛЛ

Пенни О’Доннелл – Сидней университеті Медиа және Коммуникация кафедрасының Халықаралық медиа және журналистика бойынша аға оқытушысы. Оның ғылыми қызығушылығы журналист жұмысындағы тұрақсыздық пен қызметінен айырылуды, автоматизация мен қоғам мүддесіне сай жаңалықтардың болашағын,  журналистік білім беру мен Оңтүстік теориясын қамтиды. Ол Австралия Зерттеу Кеңесі тарапынан қаржыландырылатынNewBeatsResearchProject (2014-2020) зерттеу жобасының жетекшілерінің бірі. Пенни О’Доннеллаталған жоба аясында жергілікті деңгейде –  Журналистер Кеңесімен (өндірістік серіктес), халықаралық деңгейде – журналистика зерттеушілері Николь Коэн мен Андреа Хантер (Канада) және Хенрик Эрнебрингпен (Швеция) әріптесе жұмыс істейді. Оның жақында жарық көретін«Журналистер және жұмыс орындарын жоғалту» (Journalists and Job Loss) (Лондон: Routledge 2021) және «Төңкеріс: Журналистердің цифрлық революциядан бұрынғы және цифрлық революция кезіндегі өмірі» (Upheaval: Journalists’ lives before and during digital disruption)(2021) атты екі кітабы NewBeats жобасы арқылы жүргізілген инновациялық журналистика зерттеулерінің мысалы бола алады.

толығырақ...

АБЕЛЬ ПОЛЕЗЕ

Абель Полезе– зерттеуші, жазушы, менеджер және фандрайзер. Ол даму, (бейресми) басқару, бірегейлік, көлеңкелі экономика, жемқорлық пен сыбайластық мәселелеріне қатысты жұмыстар атқарған. Сонымен қатар, менеджмент және академиялық карьераны стратегиялық ойластыру салаларына қызығады. Абель Полезе “The SCOPUS Diaries and the (Il)logics of Academic Survival: A Short Guide to Design Your Own Strategy and Survive Bibliometrics, Conferences, and Unreal Expectations in Academia” еңбегінің авторы. Зерттеуші бұл еңбегінде академиялық өмір, ментальды денсаулық, жеке өмір мен жұмыс арасындағы баланс және жас зерттеушілердің карьера бастаған сәтте алдынан шығатын таңдаулары мен кедергілері жайлы ой жүгіртеді.

толығырақ...

РАДЖ КУМАР

Профессор (доктор) Радж Кумар, Родос стипендиаты, Үндістандағы О.П. Джиндал ғаламдық университетінің (JGU) негізін қалаушы вице-канцлері. Ол білікті заңгер ғалым және адам құқықтары мен дамуы, салыстырмалы конституциялық құқық, терроризм және ұлттық қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлық пен басқару, құқық және апаттарды басқару, заң білімі және жоғары білім саласында жұмыс істейді. Оның жеті кітабы және жүз елуден астам басылымдары бар, сонымен қатар еңбектері рецензияланған журналдарда, заң шолуларында және Австралияда, Гонконгта, Үндістанда, Жапонияда, Сингапурда, Ұлыбританияда және АҚШ-та орналасқан басқа да халықаралық танымал баспаларда кеңінен жарық көрді.

 

Профессор Кумар Ұлыбританиядағы Оксфорд университетінің Родос стипендиясын иеленіп, аталған университетте ол азаматтық құқық бакалавры (Б.К.Л.) дәрежесін алды;  АҚШ-тағы Гарвард заң мектебіндегі Лэндон Гэммон стипендиясының иегері атанып, аталған білім ордасында заң ғылымдарының магистрі (LL.M.) дәрежесін және Джеймс Суверайн Галло стипендиясын алды. Ал Гонконг университетінде заң ғылымдарының докторы (S.J.D.) дәрежесіне қол жеткізді. Ол Үндістанның Дели университетінде заң бакалавры (LL.B.) және Үндістанның Мадрас университетінің Лойола колледжінің сауда бакалавры (B.Com.) дәрежелерін алды.

 

Профессор Кумар адам құқықтары мен басқару саласы бойынша консультациялық тапсырмаларды жүзеге асырумен айналысты. Ол Токиодағы БҰҰ Университетінің (UNU) кеңесшісі қызметін атқарды. БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ),  Женевадағы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының кеңсесі, және Женевадағы Адам құқықтары жөніндегі халықаралық кеңесінде (ICHRP) кеңесші қызметтерін атқарған. Ол Комиссияға Шри-Ланкадағы парақорлық немесе сыбайластық туралы айыптауларды тергеуге (CIABOC) және Үндістандағы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссияға (NHRC) сыбайлас жемқорлық пен тиімді басқаруға қатысты мәселелер бойынша кеңес берді. Профессор Кумар – заңгер және ол Үндістанның Дели адвокаттар кеңесі мен АҚШ-тағы Нью-Йорк штатының адвокаттар алқасының мүшесі.

толығырақ...

ФЕРДОУС АЗАМ

Доктор С.М. Фердоус Азам қазіргі уақытта Малайзияның Менеджмент және ғылым университетінде (MSU) жұмыс істейді. Оның ғылыми-зерттеу және жетекшілік қызығушылығына қаржы, экономика, маркетинг, бизнес және менеджмент, шағын және орта кәсіпорындар, электронды сауда, білім беру және т.б. кіреді. Сонымен қатар, оның халықаралық журналдар мен конференция жинақтарында жарық көрген 100-ден астам жарияланымы және көптеген кітап тараулары бар.

толығырақ...

САУД АСИФ

Қазіргі уақытта Сауд Асиф Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы Сайед Афзал Али палатасының адвокаты. Оның рөлі азаматтық, коммерциялық, қылмыстық, тұтынушылардың құқығы және сауда белгілеріне қатысты істерді шешу, сөзжарыс өткізу және сот ісін жүргізу. Бұрын ол Делидің Жоғарғы сотында тағылымдамадан өтіп, Нью-Делидегі Mace Corporate Associates компаниясының адвокаты болып жұмыс істеді. Аталған мекемеде ол сауда белгілері мен авторлық құқықтарға қатысты істерге маманданып, сот ісін жүргізу, құжаттарды дайындау шеңберіндегі өзге де құқықтық мәселелермен айналысты.

Осыған дейін Асиф мырза көптеген тағылымдамалардан өткен болатын. 2018 жылдың мамыр-маусым айларында ол БҰҰ-ның Женевадағы Штаб пәтеріндегі зияткерлік меншік құқығы бойынша семинарға қатысты. 2015 жылдың қараша айында Сауд Асиф Нью-Делидегі Адам құқықтары туралы заңдардың  желісінде (HRLN) тағылымдамадан өтіп, Үндістандағы балалар некесі туралы мәліметтерді жинау бойынша  салалық зерттеу жұмыстар жүргізді. 2014 жылдың қазан-қараша айларында Асиф мырза Үндістандағы Раджастан штатының Дуду ауданындағы Лапория ауылында болып, қол жетімсіздік, кедейлік және «чаука» жүйесі сияқты әлеуметтік мәселелер бойынша зерттеу жүргізді.

Сауд Асиф 2016 жылы Инвертис университетінен бакалавр дәрежесін және 2019 жылы Үндістандағы Налсар университетінің кибер құқық саласындағы аспирант дипломын алды.

толығырақ...

СЕКЦИЯЛАР

  • Құқық
  • Халықаралық қатынастар
  • Тарих және қоғамдық басқару
  • Журналистика және масс коммуникация
  • Адам құқықтары

МАҚАЛА / КЕҢЕЙТІЛГЕН АННОТАЦИЯ ЖІБЕРУ ТАЛАПТАРЫ

Авторларға толық мақала (3500-4000 сөз) немесе кеңейтілген аннотация (1500 сөз) жіберу мүмкіндігі беріледі. Барлық мақалалар мен кеңейтілген аннотациялар рецензиялау комитетінде қаралады және қабылданған жағдайда конференция жинағына енгізіледі. Мақалалар/кеңейтілген аннотациялар зерттеудің өзіндік ерекшелігі, нақты әдістемесі, теориялық негіздері және оның зерттеу саласына қосқан үлесі негізінде бағаланады.

Мақала құрылымы

  • Кіріспе (зерттеу сұрағы, мақсаты қамтылуы тиіс)
  • Зерттеу әдістемесі
  • Теориялық негіздеме (қолданылған жағдайда)
  • Нәтижелерді талқылау
  • Қорытынды
  • Әдебиеттер тізімі

Мақала талаптары

  • Мақала көлемі: 3500-4000 сөзден кем емес (тақырып, авторлар туралы мәлімет, аннотация, кілт сөздер және әдебиет тізімін қоспағанда)
  • Аннотация: 150-200 сөз
  • Кілт сөздер: 5-6 сөз
  • Шрифт: Times New Roman 
  • Өлшемі: 12
  • Жоларалық интервал: бір
  • Туралау: ені бойынша түзетілген
  • Азат жол: 1,25 см (Tab)
  • Жиектері: барлық жағынан 2 см
  • Мәтін ішіндегі сілтеме: жақша ішінде бірінші автор, жарияланым жылы: бет(тер) саны 
  • Әдебиеттер тізімін рәсімдеу стилі: ГОСТ 7.1-2003 “Библиографическая запись. Библиографическое описание. Общие требования и правила составления” (үлгіні қараңыз)
  • Ағылшын және өзге де шет тіліндегі әдебиеттерді рәсімдеу стилі: APA Style (https://apastyle.apa.org/)
  • Файл типі: MS Word

Кеңейтілген аннотация құрылымы

  • Кіріспе (зерттеу сұрағы, мақсаты қамтылуы тиіс)
  • Әдістеме
  • Нәтижелерді талқылау
  • Қорытынды
  • Әдебиеттер тізімі

Кеңейтілген аннотация талаптары 

  • Аннотация көлемі: 1500 сөз (тақырып, авторлар туралы мәлімет, аннотация, кілт сөздер және әдебиет тізімін қоспағанда)
  • Кілт сөздер: 5-6 сөз
  • Шрифт: Times New Roman 
  • Өлшемі: 12
  • Жоларалық интервал: бір
  • Жиектері: ені бойынша түзетілген
  • Азат жол: 1,25 см (Tab)
  • Жиектері: барлық жағынан 2 см
  • Мәтін ішіндегі сілтеме: жақша ішінде бірінші автор, жарияланым жылы: бет(тер) саны 
  • Әдебиеттер тізімін рәсімдеу стилі: ГОСТ 7.1-2003 “Библиографическая запись. Библиографическое описание. Общие требования и правила составления” (үлгіні қараңыз)
  • Ағылшын және өзге де шет тіліндегі әдебиеттерді рәсімдеу стилі: APA Style (https://apastyle.apa.org/)
  • Файл типі: MS Word

Академиялық адалдық

Конференцияға тапсырылған мақалалар бұрын басқа жерлерде жарияланбаған болуы тиіс. Сәйкесінше, плагиаттыққа жол берілмеуі қажет. Егер автордың плагиаттыққа жүгінгені анықталса, мақала автоматты түрде қабылданбайды. 

Ақылдастар кеңесі конференцияның тақырыбына, ғылыми стандартқа немесе техникалық талаптарға сай келмейтін материалдарды қабылдамау құқығын өзінде қалдырады. 

толығырақ

МАҢЫЗДЫ ДАТАЛАР

20 наурыз, 2021

Тіркелу және мақала/кеңейтілген аннотация жіберудің соңғы күні

20 наурыз, 2021
31 наурыз, 2021

Жұмыстың қабылданғаны жайлы хабарландыру

31 наурыз, 2021
12 сәуір, 2021

Конференцияның қорытынды бағдарламасы жарияланатын күн

12 сәуір, 2021
16-17 сәуір, 2021

Конференция секциялары

16-17 сәуір, 2021

СЕРІКТЕСТЕР

ӨТУ ОРНЫ

Құқық және Әлеуметтік Ғылымдар халықаралық конференциясы онлайн өтеді

КОНФЕРЕНЦИЯ ТІЛДЕРІ

Ағылшын, қазақ, орыс

ТІРКЕЛУ ФОРМАСЫ

Профессорлық-оқытушылар құрамын (профессорларды) қолдау

Ғылыми-зерттеу тағылымдама бағдарламасын қолдау. Профессорлық-оқытушылар құрамы академиялық бағдарламаны әзірлейді және университетте ғылыми зерттеулер жүргізеді. Осы бағдарлама аясында СДУ профессорлық-оқытушылар құрамына шетелде ғылыми зерттеулермен айналысуға мүмкіндік береді. Сіздің қайырмдылық көмегіңіз ұшуға, тұруға және ай сайынғы еңбекақысының 6 айдан 1 жылға дейін өтейді. СДУ сондай-ақ шетелден келген профессорларды жергілікті оқытушылар мен студенттермен өз білімдері мен тәжірибелерін бөлісуге шақырады.
 “Жас маман”бағдарламасын қолдау. “Жас маман” бағдарламасы СДУ үздік түлектерін іріктеу және оқытушылардың ассистенті ретінде академиялық мансабының бастапқы кезеңінде оларға көмек көрсету арқылы университеттің адами капиталын дамытуға бағытталған. Жас мамандар шетелде докторлық дәреже алуға және беделді университеттерде бай ғылыми зерттеу тәжірибесін алуға ынталандырылады. Оқытушылардың ассистенттері профессорлық-оқытушылық құрамнан стипендиялар мен кәсіби кеңестер алады.

Университетті қолдау

СДУ кампусы студенттердің білім беру және сауықтыру іс-шараларын өткізу үшін орталық орын болып табылады. Университет жаңа объектілерді салу және бар объектілерді елеулі жаңарту жолымен өзінің базалық инфрақұрылымын жаңартуға ұмтылады. Бұл ғимараттар, жолдар, коммуналдық қызметтер, аумақтық және ландшафтық дизайн, студенттік тұрғын үй және университет миссиясына толық қолдау көрсету үшін қажетті ақпараттық технологиялар ресурстары кіреді. Сондай-ақ, заманауи кітапханалық ресурстарды және ғылыми-зерттеу мекемелерін, жабдықтар мен технологиялық құралдарды қолдаудың маңызы зор.

Дарынды студенттерді қолдау

Бұл бағдарлама көрнекті студенттерге, олардың әл-ауқатына қарамастан арналған. Бағдарламаға лайықты студенттер белгілі академиялық және әлеуметтік жетістіктерді көрсетуі тиіс. Бұл бағдарлама толық немесе ішінара гранттар беру немесе жатақханалық орын беру арқылы студенттердің кәсіби және жеке дамуына ықпал етуге арналған. Грантты оның барлық әрекет ету мерзімі ішінде сақтау үшін алушы әр семестр белгіленген ең төменгі орташа ұпайға сәйкес келуі тиіс.

FAQ

Question? Contact us! infomatrix@sdu.edu.kz

Since Infomatrix Asia is an international project competition and current lingua franca is English language, we decided that everything(documentation, presentation, submission) will be in English.

Starting from this year, participation doesn’t give opportunity get max at ENT.

All participants who study at secondary school must participate with their supervisors. Due to the security concerns of the participants.

Mail to infomatrx@sdu.edu.kz (Only technical questions)

Look carefully at category requirements, but common thing is: great presentation, clear documentation, completed project, short video demonstrating your knowledge of English Participants from Kazakhstan should have participated on regional, city, republic project competitions before.

Infomatrix Asia is an independent competition. Therefore, you are free to submit your project to any other competitions.

The participation fee is a required fixed cost that covers: transportation, medals, t-shirts, certificates, food, lodging and so on…

Accomodation

We are inviting participants to stay in our comfortable and modern “Student House” located on the territory of SDU.

The student house of Suleyman Demirel University offers students not only accommodation and meals on the territory of the Smart Campus during their studies, but also the opportunity to improve their social skills and strengthen international relationships.

Do you need help? Contact us!  infomatrix@sdu.edu.kz

Бонус ұпай қалай жинауға болады?

Қатысушылардың Instagram желісіндегі парақшасында SPT олимпиадасы туралы қызықты әрі креатив пост жариялау арқылы 1-ден 5-ке дейін бонус ұпайға ие болу мүмкіндігі бар. Пост сурет, мәтін немесе видео сияқты кез келген форматта бола алады.

Шығармашылық шектеу жоқ, қиялыңа ерік бер!
Арманыңды жаз, әңгіме құрастыр, видео түсір, достарыңа мотивация бер,  оларды да қатысуға шақыр!

Бұл – тіпті қосымша 0,5 ұпайдың грант иесі атануда шешуші рөл атқара алатын тұсы. Сондықтан мұндай тамаша мүмкіндікті міндетті түрде пайдалануға кеңес береміз.

Шарттары:

  • Қызықты және креативті пост жариялау (мәтін 50 cөзден кем емес, қатысышының өз атынан жазылады)
  • Cуретте @sdukz белгілеу (tag)
  • Хэштег – #spt2020 #sdukz
  • Пост соңында аты-жөнін, кластер мен ЖСН соңғы 6 цифрін хэштег арқылы көрсету (мысалы, Ахметов Айбек, #Кластер5, #123456).
  • Қатысушы парақшасы 10 наурызға дейін ашық болуы керек.

*Посттарды олимпиада ұйымдастырушылары былай бағалайды (жалпы ереже):

▫️1 ұпай:
— Пост жарияланған, талаптарға сай;
▫️2 ұпай:
— Мәтіні өте жақсы жазылған пост;
▫️3 ұпай:
— сапалы түсірілген және монтаждалған видео-пост;
▫️4 және 5 ұпай:
— Көп қаралым жинаған, лайк пен комментарий саны көп сапалы пост. 

Алайда баға беруші посттың сапасына көбірек қарайды. Яғни, тек қана мәтінмен-ақ +5 балл алу мүмкіндігі де бар. Немесе керісінше, көп лайк жинаған пост сапасыз болғандықтан 1 ұпай ғана жинауы мүмкін.

Посттар онлайн тіркелу аяқталғанға дейін қабылданады.

Реквизиты

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: