Сапа мониторинг бөлімі

СДУ . бөлімі

СДУ сапа мониторинг бөлімі университеттің білім беру үдерістерінде жүйелі бақылау жүргізу, академиялық белсенділікті бақылау, мүдделі тараптардың пікірлерін талдау және бағалау жүргізу арқылы білім беру сапасын уздіксіз жетілдіруін қамтамасыз етеді. 
СДУ сапа мониторинг бөлімінің жауапкершіліктері: 

  • СДУ ішкі ережелерін талдау, рәсімдеу, бекіту;
  • СДУ академиялық үдерістері жайлы аналитикалық деректер жинау: білім беру және оқыту үдерістерінің сапасын сауалнама жүргізу арқылы бақылау, бағалау және талдау;
  • Ұлттық және халықаралық рейтингтерге қатысу үшін координация жүргізу, тиісті мәліметтер жинақтау, талдау, жеткізу;
  • Университеттің аккредиттеу үдерістерін бақылау, жүйелеу, ұйымдастыру;
  • СДУ-дағы бизнес-процесстерді сызу, жетілдіру, және автоматтандыруға ұсыну; 
  • Cтандарттарға сәйкес ішкі тексеріс жұмыстарын жүргізу: департамент/бөлім ережелері, лауазымдық міндеттері;
  • Білім беру және басқару қызметінің сапасын бақылау, бағалау және талдау;
  • Студенттер мен қызметкерлердің қанағаттану деңгейін бағалау; 
  • Мемлекеттік және халықаралық стандарттарға сәйкес сапаны бақылау жүйесін құру және қолдану. 

Университетіміздің сапа кепілдігі рәсімдері студенттердің кәсіби дағдылар мен гуманистік құндылықтарға қанық азаматтар болуы үшін жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.

СДУ студенттерінің кәсіби дағдылары мен гуманистік құндылықтарының артуына ұсынылатын қызмет түрлерінің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жоғары дәрежелі білім беруді қамтамасыз ету мақсатында сапа мониторинг механиз ппмдерін қолдану.

Университеттің білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін жоғары деңгейде қызмет көрсету.

  • Бағдарымыз
  • Мақсатымыз
  • Құндылықтарымыз

Сапа көрсеткіші

Білім беру, әлеуметтік өмір, ғылыми-зерттеу және қоғамдық жұмыстарында сапа мәдениетін енгізу және таратуға арналған тиімді жүйені қолдану.

Стратегиялық жоспар

Университеттің білім сапасын бағалау бөлімінің қызметіне жүгіну, департаменттің басқа кафедралармен қарым-қатынас құрылымын, функцияларын, міндеттерін және құрылымы негізгі жоспарда көрсетілген. 
Бөлім университет білімгерлерінің білім алу сапасын үздіксіз бақылау арқылы сапасын жетілдіруге жауапты, құрылым –  оқу және ғылыми істер жөніндегі проректорға есеп береді.

Бөлімнің құрылуы, қайта құрылуы, жабылуы және оның қызметі ректордың бұйрығымен бекітілген.
Бөлім қызметі Қазақстан Республикасының негізгі ұйымдық-құқықтық құжаттарымен реттеледі: жоғары оқу орындары үшін міндетті нұсқаулықтар мен ережелер және департаменттің жылдық жоспарына сәйкес жұмыс жасайды.

Бөлім білім беру сапасын жүйелі түрде бақылау, оқытушылардың үздіксіз кәсіби дамуы үшін Оқу Әдістемелік Оратлығына мәлімет беру, сапа менеджменті жүйесі (СМЖ), академиялық кредиттік жүйенің қолданылуын бақылау және қадағалау, оқу нәтижелері мен олардың сапасын бағалау, оқу үдерістерінің ұлттық және халықаралық стандарттау және сертификаттау процестерін бақылауға жауап береді.

Сапа мониторинг бөлімінің негізгі құзіреттілігі: 

  • Университеттегі сапа менеджменті жүйесін (критерийлері, барысы мен механизмдері) әзірлеу және қолдануды қамтамасыз ету;
  • Университет жұмысының сапасын қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру стратегиясын әзірлеу (оның ішінде студенттер мен қызметкерлердің хабардар болуы, нормативтік және процедуралық өзгерістерді енгізу арқылы академиялық сапа мәдениетін көтеру);
  • Университеттің барлық факультеттері, департаменттері және студенттері үшін ережелер, саясат және нұсқаулық құжаттарын әзірлеу (әзірлеуге көмектесу) және университеттің барлық деңгейлерінде сапаны жақсартуға қолдау көрсету;
  • Университеттегі оқыту тәжірибесі, бағдарламаны бағалау және оқушылардың оқу нәтижелеріне баға беру бойынша саясат пен нұсқаулықтарды дайындау;
  • Оқытушыларды дамыту арқылы оқыту тәжірибесін көтеру;
  • Ішкі сапа мониторинг пен бағамдаудың нұсқаулықтары, процедуралары мен механизмдерді құру; 
  • Сыртқы сапа мониторинг пен бағамдаудың нұсқаулықтары, процедуралары мен механизмдерді құру; 
  • Студенттер, қызметкерлер, түлектер және басқа мүдделі тараптардың қанағаттанушылық деңгейлерін бағалау;
  • Университет басшылығымен және кафедраларымен ынтымақтастық.

Әкімшілік барысы:

  • Жыл сайын мүдделі тараптардың (білімгерлер, оқытушылар және әкімшілік қызметкерлердің) қанағаттану деңгейін бағалау  
  • Кері байланыс алу арқылы білім беру ортасын жақсарту және жағдай жасау үшін ақпарат жинау және сәйкес жоспар құруда атсалысу
  • Қызметкерлердің лауазымдық міндеттері мен бөлім/департамент ережелерінің қамтамасыз ету
  • Университет ішкі бизнес-процесстерінің айқындалуы сызылуы бекіттілуі
  • Құрылымдардың ережелері және қызметкерлердің лауазымдық міндететрі

Академиялық оқыту барысы:

  • Университет білім беру ұдерістерінің стандарттарға сәйкес жұмыс істеуі (аккредитация)
  • Білімгерлердің академиялық нәтижелеріне талдау жасау (қорытынды бағалардың сараптамасы)
  • Білімгерлердің пән және оқыту әдістемелрін бағалау арқылы білім беру сапасын көтеру
  • Студенттерге біліктіліктерін салалық стандарттарға сәйкес келуін қамтамасыз ету
  • Қабылдау комиссиясының жұмысының сапасын бағалау

Жаңалықтар

Дарынды студенттерді қолдау

Бұл бағдарлама көрнекті студенттерге, олардың әл-ауқатына қарамастан арналған. Бағдарламаға лайықты студенттер белгілі академиялық және әлеуметтік жетістіктерді көрсетуі тиіс. Бұл бағдарлама толық немесе ішінара гранттар беру немесе жатақханалық орын беру арқылы студенттердің кәсіби және жеке дамуына ықпал етуге арналған. Грантты оның барлық әрекет ету мерзімі ішінде сақтау үшін алушы әр семестр белгіленген ең төменгі орташа ұпайға сәйкес келуі тиіс.

Профессорлық-оқытушылар құрамын (профессорларды) қолдау

Ғылыми-зерттеу тағылымдама бағдарламасын қолдау. Профессорлық-оқытушылар құрамы академиялық бағдарламаны әзірлейді және университетте ғылыми зерттеулер жүргізеді. Осы бағдарлама аясында СДУ профессорлық-оқытушылар құрамына шетелде ғылыми зерттеулермен айналысуға мүмкіндік береді. Сіздің қайырмдылық көмегіңіз ұшуға, тұруға және ай сайынғы еңбекақысының 6 айдан 1 жылға дейін өтейді. СДУ сондай-ақ шетелден келген профессорларды жергілікті оқытушылар мен студенттермен өз білімдері мен тәжірибелерін бөлісуге шақырады.
 “Жас маман”бағдарламасын қолдау. “Жас маман” бағдарламасы СДУ үздік түлектерін іріктеу және оқытушылардың ассистенті ретінде академиялық мансабының бастапқы кезеңінде оларға көмек көрсету арқылы университеттің адами капиталын дамытуға бағытталған. Жас мамандар шетелде докторлық дәреже алуға және беделді университеттерде бай ғылыми зерттеу тәжірибесін алуға ынталандырылады. Оқытушылардың ассистенттері профессорлық-оқытушылық құрамнан стипендиялар мен кәсіби кеңестер алады.

Университетті қолдау

СДУ кампусы студенттердің білім беру және сауықтыру іс-шараларын өткізу үшін орталық орын болып табылады. Университет жаңа объектілерді салу және бар объектілерді елеулі жаңарту жолымен өзінің базалық инфрақұрылымын жаңартуға ұмтылады. Бұл ғимараттар, жолдар, коммуналдық қызметтер, аумақтық және ландшафтық дизайн, студенттік тұрғын үй және университет миссиясына толық қолдау көрсету үшін қажетті ақпараттық технологиялар ресурстары кіреді. Сондай-ақ, заманауи кітапханалық ресурстарды және ғылыми-зерттеу мекемелерін, жабдықтар мен технологиялық құралдарды қолдаудың маңызы зор.

FAQ

Question? Contact us! infomatrix@sdu.edu.kz

Since Infomatrix Asia is an international project competition and current lingua franca is English language, we decided that everything(documentation, presentation, submission) will be in English.

Starting from this year, participation doesn’t give opportunity get max at ENT.

All participants who study at secondary school must participate with their supervisors. Due to the security concerns of the participants.

Mail to infomatrx@sdu.edu.kz (Only technical questions)

Look carefully at category requirements, but common thing is: great presentation, clear documentation, completed project, short video demonstrating your knowledge of English Participants from Kazakhstan should have participated on regional, city, republic project competitions before.

Infomatrix Asia is an independent competition. Therefore, you are free to submit your project to any other competitions.

The participation fee is a required fixed cost that covers: transportation, medals, t-shirts, certificates, food, lodging and so on…

Accomodation

We are inviting participants to stay in our comfortable and modern “Student House” located on the territory of SDU.

The student house of Suleyman Demirel University offers students not only accommodation and meals on the territory of the Smart Campus during their studies, but also the opportunity to improve their social skills and strengthen international relationships.

Do you need help? Contact us!  infomatrix@sdu.edu.kz

Бонус ұпай қалай жинауға болады?

Қатысушылардың Instagram желісіндегі парақшасында SPT олимпиадасы туралы қызықты әрі креатив пост жариялау арқылы 1-ден 5-ке дейін бонус ұпайға ие болу мүмкіндігі бар. Пост сурет, мәтін немесе видео сияқты кез келген форматта бола алады.

Шығармашылық шектеу жоқ, қиялыңа ерік бер!
Арманыңды жаз, әңгіме құрастыр, видео түсір, достарыңа мотивация бер,  оларды да қатысуға шақыр!

Бұл – тіпті қосымша 0,5 ұпайдың грант иесі атануда шешуші рөл атқара алатын тұсы. Сондықтан мұндай тамаша мүмкіндікті міндетті түрде пайдалануға кеңес береміз.

Шарттары:

  • Қызықты және креативті пост жариялау (мәтін 50 cөзден кем емес, қатысышының өз атынан жазылады)
  • Cуретте @sdukz белгілеу (tag)
  • Хэштег – #spt2020 #sdukz
  • Пост соңында аты-жөнін, кластер мен ЖСН соңғы 6 цифрін хэштег арқылы көрсету (мысалы, Ахметов Айбек, #Кластер5, #123456).
  • Қатысушы парақшасы 10 наурызға дейін ашық болуы керек.

*Посттарды олимпиада ұйымдастырушылары былай бағалайды (жалпы ереже):

▫️1 ұпай:
— Пост жарияланған, талаптарға сай;
▫️2 ұпай:
— Мәтіні өте жақсы жазылған пост;
▫️3 ұпай:
— сапалы түсірілген және монтаждалған видео-пост;
▫️4 және 5 ұпай:
— Көп қаралым жинаған, лайк пен комментарий саны көп сапалы пост. 

Алайда баға беруші посттың сапасына көбірек қарайды. Яғни, тек қана мәтінмен-ақ +5 балл алу мүмкіндігі де бар. Немесе керісінше, көп лайк жинаған пост сапасыз болғандықтан 1 ұпай ғана жинауы мүмкін.

Посттар онлайн тіркелу аяқталғанға дейін қабылданады.

На карту Халык банка

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: