ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
БАКАЛАВРИАТ
Деңгей
Халықаралық құқық бакалавры
Ұзақтығы
4 жыл
ECTS
240
Талап етілетін ағылшын тілі деңгейі
B1 (Intermediate)
Вебинар
Халықаралық құқық бакалавры білім бағдарламасы мемлекетаралық қатынастарды, жеке және заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық қатынастарын, әр түрлі юрисдикциядағы серіктестер арасындағы іскерлік қатынастарды құқықтық реттеуде сапалы білім беруді көздейді.
Бағдарлама негізіндегі білім мен үйретілетін дағдылар түлектерге мемлекеттік және жеке секторда, мемлекеттік мекемелерде, халықаралық үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдарда, жеке компанияларда, заңгерлік және кеңес фирмаларында табысты заңгер болуға мүмкіндік береді.
- Халықаралық құқық саласында нормативті, ғылыми, практикалық маманға қажет біліктілікті дамыту, шешім қабылдау сияқты басқа да құқықтық әрекеттерді заңға сай жүргізу;
- Заманауи заңнамалар мен қажеттіліктерге сай тәуелсіз зерттеу жүргізу, ғылыми әдебиетті сыни тұрғыда талдау;
- Келісімшарт құқығының анықтамаларын қолдана отырып заңды терминологияны қолдану, коммерциялық және басқа келісімшарттардың құрылымын түсіну;
- мемлекеттің қоғамдық-саяси даму процестерінде, халықаралық және ұлттық заңнаманың даму тенденцияларында құзіретті маман дайындау, қазіргі заманғы халықаралық заң ғылымының негізгі теориялары мен тұжырымдамаларын үйрену;
- қажетті ақпаратты өңдеу, сыни тұрғыдан талдау, қорытынды жасай білу, коммуникативті және функционалды құзыреттілікті қалыптастыру;
- Ақпаратты іздеу, сақтау және өңдеу тәсілдерін, сандық технологиялар арқылы ақпарат жинау тәсілдерін, қазіргі Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерін, философияны сыни тұрғыдан бағамдау және талдау.
«Халықаралық құқық» мамандығын бітірген түлектіңхалықаралық немесе ұлттық заң компаниялары, консалтинг, халықаралық немесе ұлттық компаниялардың заң бөлімдерінде, Қазақстан немесе басқа елдердің заң орындаушы органдары, сот сияқты бірнеше салада мансап құруға мүмкіндігі бар.
СДУ Заң және әлеуметтік ғылымдар факультеті ELFA ҰЕуропалық Заң Факультеттері қауымдастығының) еліміздегі алғашқы мүшесі. Факультет “Synergy Partners”, “Grata”, “Unicase”, “Integrities”, аудиторлық “Global analytics” компанияларымен, Қарасай аудандық сотымен, Қалықаралық адам құқықтары орталығымен, ҚР Әділет Министрлігінің Алматы қаласы бойынша сот экспертизалық орталығымен, Алматы қаласы ішкі істер департаментімен серіктестік құрған. Бұл түлектеріміздің аталған ұйымдарға жұмысқа тұруына мүмкіндік береді.